?аза? ханды?ына 550 жыл (тарихи кеш)


Мұғалжар ауданы Құмжарған орта мектебі
"Елдігімнің бастауы, ерлігімнің дастаны"
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи кеш

Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Т.М.Утеулина
2014-2015 оқу жылы
"Елдігімнің бастауы ерлігімнің дастаны"`
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи, әдеби, сазды кеш
Сахна "Сарыарқа" күйімен ашылады.
1-жүргізуші: Алтайдан - Атырауға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр алқап - көшпелі қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата-қонысы.
2-жүргізуші: Ұлан-ғайыр атырап, Ертіс пен Еділге дейін, Арқа мен Алатаудың арасы - қазақтың алтын бесік атажұрты.
1-жүргізуші: Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.
2-жүргізуші: Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны - оның еркіндік сүйгіштік жігерінің асқақ рухының арқасы.
1- жүргізуші: Сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ Орда мен Қазақ хандығының жалғасы бүгінгі егемен еліміз.
2-жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
1-жүргізуші: Талай-талай заманды кешкен елміз
Жұт арытып шөл қысып көшкен елміз
Өшіп кетіп бір жылда жер бетінен
Өзге орында бабалап өскен елміз.
2-жүргізуші: Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары
Қатпарында қаншама сыр тықпады
Шежіренің беттерін ашар о да
Оқи алсаң кітаптан сүртіп қанын.
1-ж: "Бостандық" деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн емес, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен ТАРИХ дейді.
2-ж: Біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі.
1-ж: Ендеше тарих беттеріне зер салайық.
Көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. /Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/- Ассалаумағалейкум, ағалар.- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз. Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын-қыстау кзеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала-шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.
Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық!
Халық дүбірлесіп талқылауда: Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең осы.
Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.Керей: Жолыңды Алла қолдасын,Жаманшылық болмасын.Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.Барған жерде құшақ жая қарсы алсынЖақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.Жалпақ емес, жақсы жермен танысқынАлла жебеп ұшқан құспен жарысқын,Көңілің шат, ат - көлігің арымай,Отбасыңмен аман - есен табысқын
2-ж: Ашылғанда тарихтың беттері,
Ой салады өткені мен кеткені.
Қарашадан «Хандық» құрған қазағым,
Кешті небір қиын күнді, өткелді.
 1-ж: Әр ғасырдың берері бар шындықтан,
Құтылсада үстемдік пен құлдықтан.
Сыр шертеді ұрпағына әлі де,
Талай тарих бүркелуде құм жұтқан.
 2-ж: Текке кетпес тірлігіңде әр ісің,
Тәңір қолдап биіктесің, әлдісің.
Бес жүз елу – «Хандығыңа» жыл толды,
Бар әлемге жар саласың, бәрі шын.
Ән: "Елім менің" Б.Тілеуханов
1-ж: ХҮІІ ғ. 20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт күрес жүргізді. 1723 ж. басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталды.
2. Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп, қырғынға ұшырады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүргізді. Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.
Көрініс: "Көш керуен"
Көш келе жатыр. Әбден арып-шаршаған адамдар. «Уhілеп» біреулері қос тігуде, біреулері көрінген жерге қисая кетуде.
Қария: Уа, ел жұртым. Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз-тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.
1 -әжей: Халқым, елім, жерім! Атамекенім! Бірлігіміз білектің күніндей еді ғой. Аш-жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
2-әжей: Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде, не жаздым соншама? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой.
Жігіт: О, қасірет, қасірет! Шынымен-ақ сорланғанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп. Әлде сұм тағдырымыздың жазғаны ма? Көрсетпеген нең қалып еді, тағы да?
1-әжей: «Басқа түссе баспақшыл» деген, тағдырдың салғанына көнеміз. Артта аяулы күндеріміздің келмеске кеткені рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде. Жасыма! Жігерлен!
Жігіт: Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен.
Қария: Бұл ақтабан шұбырынды. Алқакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен, мал-мүлкінен айырылған аш-жалаңаш, босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, азып тозды, ел жұртынан айрылды.
Қыз бала: Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімде де сен емес пе едің ызыңыңмен уатқан? Шынары биік қара тау, неге үндемейсің? Әлде мына менен шошынып тұрмысың? Жасаған кешіре гөр, сені тастап кетіп барам......
2-әжей: Құлыным-ау, неге сонша көп жылайсың? Сенің не күнәң бар еді? Ең ақыры кіндік қаның тамған жеріңе де сыймай кетіп барасың ғой! Туған жер, сен де бүгін қаралысың, перзентің біз де қаралымыз, не деген қасірет!
1-жүргізуші: Біздің тарих сапар шекті жолдарға,
Ұлылыққа бастап барар жол барда.
Қазақ- кеше, бүгін, ертең сол қазақ,
Тілім, дінім құрымайды ол бар да.
 2-жүргізуші: Тарихым да жоғалмайды сеніңдер,
Қуаныш пен қасірет бар көріңдер.
Мен бабамды тарихымен танытам,
Жаратушым жүрегіме сенім бер.
 Ән: «Елім-ай»
1-ж:Тажал дәуір төңдірсе де қара аспан,
Текті елімнің - ынтымағы жарасқан.
Үш жүзімнің басын қосқан Абылай,
Бұқар сөзін тиек еткен дара асқақ.
 2-жүргізуші: Даңқтыққа берсем шіркін алып мән,
Заманада алып озған алыптан.
Әйтеке би, Қазбек би, Төле би,
Тамыры бір -қазақ дейтін халықтан.
 1-жүргізуші: Тамырымыз таралған соң түркіден
Көк ту астын мекен еткен жұртымен.
Хан Кененің ұрпағы едік біз деген,
Қақарынан қырандар да үркіген.
2-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер еді.
Тарихи көрініс
Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын-қыстау заманда ел басына "жоңғар" деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл-кеңестерініз керек.
Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді". Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақ елдігін сақтап қалар кез келді.
Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.
Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,Көпті қорлаған көмусіз қалады.Хан азса, халқын сатады,Халық азса хандыққа таласады.»Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,Жерімізді жау баспасын деп,
Жай жаткан елмизЕлімізден құт қашпасын деп,Найзамызға үкі таққан елміз»Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсынАр мен абырой өмірлеріңе азық болсын.Бірің ту ұстаған қолбасшы,Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар, қанаттарым!Бердім батамды! Аллауакбар!»
Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған жерді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.
Азаттық жолы азапты
Төземісің әлеумет
Төзсең егер әлеумет
Зорлықты жеңер ар-намыс
Шығарар тардан тәуекел
Тәуекелге бел байлап
Қазақтың қайсар намысы
Болмасын дер қара жер.
Жойқын жаудың жолында
Жойылмасын деп қайран ел
Азаттықтың қаны үшін
Болашақтың бағы үшін
Ұлы жорық бастаймын!
Еремісің әлеумет!
1-жүргізуші: Жеке хандық құрылғанымен, қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнай қалмағаны тағы белгілі. Әр ғасыр, әрбір дәуір қазаққа сыны мен сынағын қатар жіберуден танбады. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" тұсында империялардың қыспағына түсіп, халқымыз ошағы мен Отанынан айырылып қалудың аз-ақ алдында тұрды.
2-жүргізуші: Ел басына күн туған сол бір алмағайып замандарда бүкіл қазақ бірігіп, тізе қосып, елін сақтап, жерін қорғап қалды. Сырым Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет батыр, Райымбек секілді алып батырларымыз азаттық үшін күресті. Абылайдан кейін қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеген, тәуелсіздік үшін тәуекелге бас тіккен Кенесары хан да өз заманында күресіп өткенін тарихтан білесіздер.
1-жүргізуші: Дос іздедім жау тисе болысатын
Қыс қыстатып жаз бірге қонысатын
Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым
Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.
2-жүргізуші: Замана-ай... Әлді әлсізбен алысқан...
Арыстаннан туады екен арыстан...
Ыбырай мен Абай мәңгі тағылым,
Шәкәрім шер, Шоқан шыншыл данышпан...
 1-жүргізуші: Шерлі тарих шерін ішкен азаптың,
Шежіресі таусылмайтын ғажап күн.
Ілияс, Мағжан, Сәкен салған сара жол,
Басына бақ орнаған шақ қазақтың
2-жүргізуші: Бұл қазағым мың жығылды, мың тұрып,
Жатсадағы жүрегінде мұң тұнып.
Қайсарлығын таудан алған сияқты,
Қайтпастығы қара жердей тұр тұнық.
 1-жүргізуші: Мойындамай өтті тегің басқаны,
Атылса да, шабылса да бастары.
Тілектері ұрпағына ұран боп,
Қалды солай, ашық енді аспаны.
Абай монологы: "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым"
2-жүргізуші: ХХ ғасыр ұлттың қлт ретінде өзін тануы, ұлттың болашағына не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.
А.Байтұрсынов: Талабы жоқ халықпыз. Қатерлі жерде қаперсіз отырамыз... Өткен өтті. Енді не істемек керек? Ақысын жібермейтін дәрежеге жеткенше қазаққа қай жағынан болса да кеңдік жоқ. Бұл заманда қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін өнер-білім. Сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяғы астында шашылмас едік. Басқалардан кем болмас үшін, біз білімді һәм күшті болуымыз керек. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу өазақ баласына міндет.
М.Дулатов: Адасып қараңғыда сорлы қазақ
Ай тумай күні һәм шықпай, бұртаң атпай
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Жер кетті дін нашарлап, хәл һарам боп
Қазағым енді жату жарамасты.
С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгінде
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам
Мұздаған елдің жүрегін
Жылатуға мен кірермін
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Ә.Бөкейханов: Азаттық таңы оятты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Біздің іздегеніміз Алаштың аты бәйгеден келгені. Бұл болып тұрған заман алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың баласы бақыт жолына түсті. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шара бар. Осыны аңғар, жұртым, қазақ!
Ән: ''Біздің елдің жігіттері''
1-жүргізуші: 1986 ж 16 желтоқсаны азаттық үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
Баянды боп қазақ елің, елдігің,
Көк туыңды көкке көтер енді мың.
Жер астында жатса қанша байлығың,
Жер бетінде асқақтасын ерлігің.
 2-жүргізуші: Емес мынау тәуелсіздік алғашқың,
«Хандық» құрдың, биік тұрдың, арбастың.
Соның заңды жалғасындай мына күн,
Әлем тыныш, бейбітшілік жалғассын.
 1-жүргізуші: Тарих әрі елдің берік іргесі,
Төр менікі деп көз алартпас кірмесі.
Ас ішіліп, аяқ созар той емес,
Ұлттың әр кез биік тұрар мүдесі.
 2-жүргізуші: Көк туымыз желбірейді көкке асқан,
Сан мың түрлі от шашулар от шашқан.
Теңдесі жоқ салтанатты ортада,
Қарулы әскер сап түзейді топтасқан.
 1-жүргізуші: Жайлауында шертер мұңын күйменен,
Қазақ ғұмыр кешпейді енді күйбелең.
Жер,анамның төсін сүйіп келген ем,
Мәңгі қазақ азат деген күйде өлем.
Хор: Көк тудың желбірегені.
Кештен көрініс
3810201-110960
3587115131508532931107620
146050205105
-1068705109220