Ашы? саба?: Арайлы алтын к?з


Беловодское орта мектебі
Арайлы алтын күз

Арайлы алтын күз
Зал іші мерекеге сай безендірілгенЖүргізуші: Құрметті ата- анлар, «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары!
Баршаңызды Алтынкүз мерекесіменқұттықтаймыз. Биылғы жылдың Арайлы Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін!
«Қарлығаш» тобымен мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
І. Көкөністер таласыҚатысатындар:
ЖуаҚызанақ
Қияр
Қызылша
Сәбіз
Капуста
КартопТәрбиеші:
Қияр менен қызанақЖанжалдасып бір күніКөкөністер арасындаТуғызыпты күңкілді
Көкөністер:
Арамызда біздіңЕң қадірлі кім?
Адамзатқа пайдалыҚажеттіміз кім?
(осы кезде жуа жылап шығады)
Жуа :
Арамызда достарымЖасыл түсті баламынАйтқаным егер болмасаЖылатып өшті аламын.
Капуста:
Маған да сөз берсейшіБорщ менен жасаларАдамзатқа пайдалыЕңбегім бар ақ адалҚияр:
Мен қиярмын, қиярмын
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіпДастарханда тұрармынҚызылша:
Мен әдемі қызылшамын
Қабыл ал менің сәлемімМақтанбай – ақ біледіМені барлық әлеміңСәбіз:
Дәруменнің өзімен
Адамзатқа пайдам көпМен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көпҚызанақ :Көп сөйлеме сәбіз сен
Тоқтасаңшы азырақ
Мен тұрғанда мақтанба
Бұл мен көкең – қызанақ
Картоп:
Таласпаймын ешкімменӨз орнымды білемінӨйткені мен картоппынБелгілі өзі – ақ керегім
Тәрбиеші:
Тоқтатайық таластыКерегі не жанжалдыңАдамзатқа пайдалыБәрің – бәрің қажетсің
(есік қағылып дәрігер Айболит кіреді)
Көкөністер: Саламатсыз ба дәрігер Айболит
Айболит: Аманбысыз, достарымБұл не тартыс, таластарың?
Тәрбиеші:
Бар ауруға ем болар
Дәрумен көп бойындаКөкөністің қайсысы
өте қажет адамға
дауымыз осы Айболит
Айболит:
Дені сау күшті болатын бала
Сүйіктісі көкөністер
Орның бөлек білсеңдер дара
Бәрің- бәрің керексіңдер
(ойланып қалады. Осы сендердің араларыңда кім науқас?)Тәрбиеші : Жоқ дәрігер Айболит біз бәріміз саумыз!)
Айболит: Мүмкін мен адрестен жаңылған шығармын (менің көзілдірігім қайда мына қағазды оқимын)
Тәрбиеші: Дұрыс. Біздің балабақша, біздің топ. Сізге бұл шақыруды біз жібердік. Біздің ертеңгілігіміздің қонағы болсын деп дәрігер Айболит атайАйболит: Ой, мен сондай қуаныштымын. Сендердің дендерің сау болса, онда мен сендермен біргемін. (төрге отырады)
Көкөністер биі.
Әлия:
Қуандырып біздердіМерекелі күз келдіКел, жемісті Алтын күзКемелденсін халқымыз
Айкөркем:
Астық жеміс жиылдыҚамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Айару:
Көбейді құт берекеАстық толы қоймамыз
Құтты болсын мерекеАлтын күзді тойлаймызХор. «Күз жомарт»
Тәрбиеші:
Тобымыздан біз бүгінКүз аруын таңдайықЖеміс болып киінгенАруды қарсы алайық(ортаға жемістерді шақырамыз)
Назым Айзере:
Алма бақта алмамынӨте тәтті бар дәмімАлтын күздің сыйымынДәруменің бірімінАлмұрт Мейрамкүл:
Алмұрт деген жеміспінКүз айында мен пістімДастарханның сәнімін
Мені сүйер бүлдіршінШие Ақторғын:
Мен кәдімгі шиемінБәрінен ерте пісемінБау- бақшаның сәнімінӨз орнымды білемінЖүзім Таңшолпан:
Жүзім, жүзім, жүзіммін
Жемісіңмін күзіңнің
Мөлдіреген моншақтай
Сабағыма тізілдім.
ІІ- бөлім.Өзін - өзі таныстыруАйзере:
Әнуарбек тегі Әлішер әкем атыҚызымын отбасымның Айзере аттыӨнеге алдым Гүлмирадай анашымнанЖасым менің алтыға аяқ басты.
Нұрай:
Нұрай менің есімімАштым менде 6 жастың есігінАйна анам тәрбиелеп өсірдіШарапат тегі Ерболдың қызымынАқторғын:
Атым менің АқторғынМалбике руымСамұрат тегім сұрасаңҰлықпан, Маржан қызымынТаңшолпан:
Жақайымның байбегі атым менің ТаңшолпанБерикбол атам ардақты, Сайрангул әжем салмақтыТәлім алдым ұяданІІІ- бөлім. (Қағаз бетіне жеміс пішінін жапсыру)
Бір топ бишілер «Жалқаубек»
ІУ- бөлім. Өз өнерлерін көрсету
Айзере: Өзбек биіМейрамкүл: «Күз» өлең оқиды
Ақторғын : «Санамақ» жаттауТаңшолпан: «Түрік биі»
У- бөлім (Жұмбақ шешу)
(әділ- қазылар бағаларын береді,номинация бойынша марапаттайды)
1.Алтын күз – Аруы2. Алтын күз – Сұлуы
3. Алтын күз – Жанары4. Алтын күз – АрайыХор : «Күз келгенде» әніТәрбиеші: Құрметті қонақтар!
Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып, қуанышпен кештің куәсі болғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.
Бүлдіршіндерге:
Рахмет балалар өнеріңеУақыт өтпес тірліксізБақыт келмес бірліксізТалмай еңбек етіңдерСабақтарды жақсы оқып
Қыстан аман өтіңдер!