Конспект занятий по ознакомлению с окружающий средой на тему Волшебница вода (средняя группа)


Ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Сиқырлы су» Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.
Міндеттері:
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту (түссіз, мөлдір, дәмін өзгертеді, жылы және суық болады).
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Су-вода, сиқыршы-волшебница, мұз- лед, құм-песок, ұн-мука, тұзды-соленый, қышқыл-кислый, тәтті-сладкий.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Әр түрлі дәмді суы бар стақан (тұзды, қышқыл, тәтті), таза су, Қазақстан картасы, ұн, қант, тұз, лимон, құм, гуашь, қылқаламдар, қасықтар, балалар санына байланысты ыдыстар.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың
іс-әрекеттері
Мотивациялық- қозғаушылық Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнді бастайық.
(Тәрбиеші Қазақстан картасына көңіл аударады)
Тәрбиеші:
Балалар, бұл не?
Жасыл түспен картада нелер бейнеленген?
Сары түспен картада нелер бейнеленген?
Ал су қандай түспен бейнеленген?
Балалар, бүгін біз көп қызықтарды білу үшін саяхатқа шығамыз. Мен жұмысқа келер кезде, біздің топтың жанында себетті көрдім. Ал себетте сендерге арналған бір хат бар екен. Хаттың ішінде қызықты жұмбақтар жазылған, бірақ жақсылап ойланып мына жұмбақтарды шешейік:
Жұбақтар шешу:
Аспаннан домалап
Көп моншақ төгілді.
Бұл не?
Отқа жанбайды, суға
батпайды.
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамықтай себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Жалт-жұлт еткен,
Жылғадан өткен.
Бұл не?
(Есіктің қағысы естіледі, топқа Сиқыршы су кіреді)
Сиқыршы су: Сәлеметсіңдер ме!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сен кімсің?
Сиқыршы су: Мен сиқыршы сумын. Жол жөнекей өтіп, сендердің су туралы және менің жұмбақтарымның шешуін тапқандарын естідім. Сендерге арналған сыйлығым бар.
(Тәрбиеші балаларға көздерін жабуды, содан соң ашуды айтады. Табақ үстінде әр түрлі дәмді су құйылған стақандар: тұзды, қышқыл, тәтті). Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең сөздерін қайталайды
Балалар:
Бұл біздің жеріміздің суреті.
Жасыл түспен ормандар бейнеленген.
Сары түспен жерлер мен құмдар бейнеленген.
Көк түспен су бейнеленген.
Жаңбыр.
Мұз.
Ақшақар.
Су.
Балалар қонақтың келуіне таң қалады.
Балалар Сиқыршы сумен амандасады.
Сиқыршы судың әкелінген сыйлығына балалар қуанады.
Ұйымдастыру- іздестіру Тәрбиеші:
Бері қарай жақындап, стақанды алыңдар. Стақанның ішінде не бар?
Судың түсі қандай?
Судың түссіз екенін сендерге анықтауға не көмектесті?
Судың суық пен жылулығын анықтау үшін қалай білуге болады?
Судың дәмін анықтау үшін, сендерге не көмектеседі?
Сиқыршы су сен бізбен бірге отырып тәжірибені балалармен жасап көр, бірақ тәжірибені бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.
Шуламау.
Ешкімді итермеу.
Өз серіктестеріне ойларын айтуға мүмкіндік беру.
Тәрбиешіні тындау және тәжірибені тиянақты бақылау.
Тәжірибе 1: «Су дәмсіз, суда ериді»
Балалар, судың дәмін көріндерші.
Судың дәмінің әртүрлілігін нелер өзгертті?
Судың қандай сиқырлары бар?
Дұрыс айтасындар балалар, су нағыз сиқыршы. Ол тұзды, лимонды, қантты еріте алады екен.
(тәрбиеші балаларға басқа стақандардағы судың дәмін көруге ұсынады)
Балалар, ал қазір судың дәмі қандай?
Иә, судың дәмі болмайды. Өйткені оның ішіне ештене қосылмаған, таза су болып саналады. Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар кәне бәріміз бірге орнымыздан тұрып денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз саябақ.
Тәжірибе 2: «Суда ерімейді»
Балалар өз орындарына отырындар. Бірінші банкада не барын айтындаршы?
Суға құм қоссақ, ойланып көріндерші, не болады?
Қалай ойлайсындар, құм суда еріп кетеме?
Кәне, бәріміз бірге тексеріп көрейік.
Құм еріді ма?
Дұрыс айтасындар, құм суда ерімей стақан түбінде тұнып қалды. Өйткені балалар құм ерімейтін ұсақ түйіршектерінен құралған. Неге құм еріген жоқ? Онда судың тағы бір қасиеті бар. Ол барлық заттарды ерітпейді. Екінші банкаға көңіл аударайық, онда не бар?
Егер ұнды суға салсақ не болатытын ойланып көріндерші.
Суға ұнды қосындар. Су қандай болды?
Ұнмен не болды, ол еріді ме?
Дұрыс, ұн да ерімейтін бөлшектерден құралған. Неге ұн еріген жоқ? Сендер білесіндер суға қосылған заттар еріп кететінін. Ал қазір судың қандай қасиетімен таныстыңдар?
Дұрыс айтасындар, су құм мен ұнды ерітпейді. Ал сендер, білесіндер ме, су неге айналатынын?
Жарайсындар, балалар, су неге айналатынын сендер білесіндер.
Тәжірибе 3: «Судың түсі өзгеруі» (суы бар ыдысқа көңіл аударамын)
Менде мынандай су құйылған ыдыстар бар, сендерге түрлі-түсті бояуларды таңдауға ұсынамын. Осы бояуларды әр ыдысқа ерітіндер.
Сумен не болды?
Бояу суда еріді ме?
Дұрыс айтасындар балалар, бояу еріді. Су басқа түске айналды. Балалар, сендер жіпті түрлі-түсті суға салып қойындар, содан соң тоңазытқышқа қояйық. Не болады?
Жарайсындар балалар, сендер бәрін дұрыс істедіңдер.
Сиқыршы су: Ал балалар, мен сендерге қызықты ойын ойнатайын. Ойынның аты «Тамшы мен бұлт»
Қимылды ойын: «Тамшы мен бұлт»
Ойынның шарты: Балалар тамшы бас киімін киеді. Тамшылар жерге жауып, секіреді, ойнайды. Қолдарынан ұстап, бірге жиналып, бұлаққа айналады. Бұлақтар қосылып, өзенге айналады. Тамшылар үлкен өзенде жүзеді, саяхаттайды. Өзен ағып бара жатып үлкен көлге тап болады. Көлде жүзіп-жүзіп, бұлт аналары үйге қайтуды ұсынғанын естеріне түседі. Сол кезде күн шығады. Тамшылар жеңіл болып қалады. Күн көзінен тамшылар жоқ болып, бұлт аналарына қайта оралады. Стақанның ішінде су бар.
Су түссіз, мөлдір.
Біздің көздеріміз көмектесті.
Қолмен ұстап көру керек.
Бізге тіл көмек көрсетеді.
Балалар тәрбиешімен бірге қауіпсіздік ережелерін қайталайды.
Балалар стақандағы судың дәмін көріп: тұзды, қышқыл, тәтті және дәмсіз екенін анықтайды
Тұз, лимон, қант.
Судың ішіне түскен заттар ериді.
Судың дәмі ешқандай.
Балалар орындарынан тұрып, тәрбиешімен бірге сергіту сәтін қайталап жасайды.
Банкада құм бар.
Су ластанып, түссіз емес болады.
Иә, ериді.
Балалар суға құмды салып аластырады.
Құм еріген жоқ, ол түбінде тұнып қалды.
Оның ішінде ұн бар.
Балалар өз ойларын айтады.
Су ақ және түссіз емес болды.
Ұнда еріген жоқ, ол стақан түбінде тұнып қалды.
Су құм мен ұнды ерітпейді.
Су мұзға, қарға және түрлі-түсті суға айналу мүмкін.
Балалар қылқаламмен бояуды суға ерітеді.
Су әр-түрлі түске айналды.
Иә, бояу суда еріді.
Су қатып мұзға айналады.
Балалар ойынның шартын түсініп алып, ойнауға кіріседі.
Бірге қосылып жүреді.
Балалар шеңбер жасап, айналып жүреді.
Отырып тамшылар көтеріледі, содан соң қолдарын жоғары көтереді.
Рефлексивтік – түзетушілік Сиқыршы су: Сендерде қонақта болғаным қандай жақсы екен. Қалай қызығушылықпен жұмыс істедіңдер, сұрақтарға, жұмбақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Сол үшін мен сендерге түрлі-түсті сабынды көпіршіктерді сыйлаймын. Оларда судан жасалынған. Сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші:
Балалар, бүгін қандай жаңалықпен таныстындар?
Қонаққа кім келді?
Сумен қандай тәжірибе жасадық?
Ал құм мен ұн суда еріді ме?
Судың түстерін өзгерту үшін сендер не қолдандындар?
Судың түстерін өзгерттіңдер, содан соң қайда салдыңдар?
Қандай ойын ойнадыңдар?
Саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Тоңазытқышқа қойған суды бақылайық, балалар.

Осымен, балалар, сендер сиқырлы су туралы біраз мағлұмат алып, сонымен қатар суды үнемдеп пайдалануға ұмытпаймыз. Балалар берілген сыйлықтарына қуанады, Сиқырлы сумен қоштасады.
Рахмет, сау болыңыз, Сиқыршы су!
Судың қасиеттерімен таныстық.
Қонаққа Сиқыршы су келді.
Суға тұз, қант, лимон қосып дәмін анықтадық және олардың ерігенін байқадық.
Жоқ, суда еріген жоқ. Олар судың түбінде тұнып қалды.
Түрлі-түсті гуащьты қолдандық.
Суды тоңазытқышқа салдық.
«Тамшылар мен бұлт» ойынын ойнадық.
Әрине ұнады, өте қызықты болды.
Балалар тоңазытқышқа қойған түрлі-түсті суды бақылайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Судың қасиеттерін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Табиғатқа деген қамқор болуға мен оның сұлулығын көре алады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты арттырып, меңгерді.