Та?ырыбы: ?ыздар, ?ыздар, с?лу ?ыздар! (8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан т?рбие са?аты)


Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр ауылыБарақ батыр негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаксыбаева Сауле Маратовна
(8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты)
Тақырыбы: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!Мақсаты: Сайыс барысында қыздарға әр қырларынан ашылуға мүмкіндік жасау, белсенділіктерін, өздеріне сенімділіктерін арттыру. Балалардың тілдерін, ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту. Қыздарды нәзіктікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Балаларды аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, сайыстарға қажетті заттар. Барысы:Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, бұл күні барылығымыз аналарымызды мерекелерімен құттықтауға асығамыз. Өйткені ана - біз үшін күн нұры, ана – біз үшін әлемдегі ең қымбат жан! Құрметті аналар, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Алдымен сәлем беру – салтым менің.
Шығады көркем ару, сұлуларың,
Қарсы алып құрметтейік туған халқым.
ІІ жүргізуші:Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың,
Қарсы алайық құрметтеп аруларды,
Ұстанған қазағымның ата салтын.
Қыздар келіп өз топтарына жайғасады.
ІІ жүргізуші:Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын,-
Төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
ІІ жүргізуші:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(Таныстыру)
І жүргізуші:Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,
Оттылық тектілік бар көзімізде.
Шешендік, көсемдік бар тілімізде,- деп кезекті «Мақал -сөздің мәйегі» сайысына береміз.
Мақалдың жалғасын тап:
1-топ:
Жақсы қыз - жағадағы құндыз, ... .... ....
Қыз өссе елдің көркі ... .... ...
Қыздың көзі ... ....
2-топ:
Қыздың жолы .... ......
Шешесіне қарап қызын ал, .... ...... ......
Қыз - өріс, ... .....
3-топ:
Қыздың қырық ... ...
Шешесі отырып, ... ... .
Қыз -құлыншақ, ... ....
ІІ жүргізуші:
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне- деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз. 1-топ:
Қазақ тілі:
Зат есімнің ережесін айт.
Балықшылар сөзін сөз құрамына талда.
Жел соқты сөйлемінен бастауышты тауып бер.
Математика:
8-дің көбейту кестесін айт.
Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
9-дың квадраты нешеге тең?
Әдебиеттік оқу:
«Баланың айласы» мәтінінің авторын ата.
Абай атамыздың бір өлеңін жатқа айтып бер.
Өлеңнің жалғасын айт: Адамдық -борышың,
Халқыңа еңбек қыл. ... ...
2-топ:
Қазақ тілі:
Етістіктің ережесін айт:
Орындықтар сөзін сөз құрамына талда.
Арқа сөзінен туынды етістік жаса.
Математика:
7-нің көбейту кестесін айт.
Шаршы қандай фигура?
2-нің кубы нешеге тең?
Әдебиеттік оқу:
«Қайырымдылық» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
Ыбырай Атамыздың бір өлеңін жатқа айт.
Өлеңнің жалғасын айт: Кеңсің дала – Туған ана, ... ... ...
3-топ:
Қазақ тілі:
Негізгі және туынды етістіктің ережесін айт.
Оқушылар сөзін сөз құрамына талда.
Сыз сөзінен туынды зат есім жаса.
Математика:
9-дың көбейту кестесін айт.
98 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
6-ның квадраты нешеге тең?
Әдебиеттік оқу:
Баласының тапқан еңбек ақысын әкесі отқа тастай салатын ертегі қай ертегі?
І. Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жаиқа айт.
Өлеңнің жалғасын айт: Мәпелейсің мені, анам.
Қолыңдағы құсындай. ... ...
І жүргізуші:
Түймем түсіп қалғанда,
Жалынбаймын жалғанда.
Ине, жіпті аламын,
Орнына әкеп тағамын – деп ендігі сайысты қолөнер сайысына береміз.
«Ойлан тап» сайысы. Топ басшылары ортаға шығып суреттегі затты сипаттап айтады, топ мүшелері оны табу керек.
ІІ жүргізуші:
Ал, халайық, ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік,
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
Кезек сән үлгісінде.
Ата-аналармен ойын. «Аялы алақан» әрбір ана өз баласын қолынан танып тауып алу керек.
Оқушылардың аналарға деген құттықтаулары. Сынып қыздарын құттықтау. Сайыстың қорытындысын шығару.