Берекелі алтын к?з Сценарии утренника со стихами для детей младшей группы


Мерекеге сай безендірілген зал.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,музыка ырғағымен билеп тұрады.Балалардың қолдарында жапырақтар.
Жүргізуші: Күз келіпті тамаша
Айналаға қараса
Сарғайған көп жапырақ
Сан жетпейді санаса
Жаңбыр да көп жауатын
Бұлттар көкке ауады.
Жемісіпенен жидекке
Толып тұр ғой бақ әлі
Құрметті апайлар! Қымбатты балалар!
Бүгінгі тойлап жатқан"Алтын күз" мейрамы құтты болсын!
Күз байлығы көп болсын!
Қамба астыққа толсын!
Балалар қараңдаршы қандай әдемі, сары алтындай күз мезгілі.
Күз мезгілі нде қандай ерекшеліктер болады.
(күн сутады,жапырақтар сарғаяды,жерге түседі,жаңбыр жауады)
Дұрыс айтасыңдар жаңбыр жауады.
Ал біздер жаңбыр туралы ән білеміз бе?
Ендеше орнымыздан тұрып "Жаңбыр " әнін шырқайық.
Ән:"Жаңбыр"
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,тамаша.
Алтын күз туралы тақпақ білеміз бе?
Ортаға : Сүлейман,Нұржан,Арнур,Ералы,Алпамыс,Полина,Бауыржан,Аймира,
Балдырған, А.Айару.
Сүлейман: Алтын сары,қызыл,көк
Алуан,алуанжапырақ
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады атырап.
Нұржан: Құста қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келді жар салып
Күзгі суық басталды
Арнур: Дәнге толы ең далам
Қырман басы қызыл қырман
Мөлдіретіп жүзімдерін
Келді алтын күзім менің.
Ералы: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Кел жемісті алтын күз.
Кемелденсін халқымыз.
Алпамыс: Жайдарлы күз,жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ең дала
Дариядай шалқар күз.
Полина: Солнышко не хочет
Землю согревать
Листья ожелтели
Стали опадать
Бауыржан: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Балдырған: Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола білді.
Алтын күз -ырыс,береке, бірлік ала келді.
Аймира: Жемісті мол беретін
Күз дос бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
А.Айару: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардай жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
(Музыка ойналады ,залға жылап жапырақ кіреді)
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы,мынау жапырақ қой!
Жапырақ: Саламатсыңба?
Жапырақ:Саламатсыңдарма (жылайды)
Жүргізуші:Сен неге жылайсың ?
Жапырақ:Мен неге жыламаймын анда барса сыпырып,мұнда сыпырып тастайды.Тіпті қазір қар жауып кетті.Тоңдым .Мен ешкімге керек емеспін.
Жүргізуші: Жо-жо-жоқ,сен олай деме.Сен бізге керексің.Біздер сенің суретіңді саламыз. Сенімен бөлмемізді әшекелейміз.Қарашы мына жерде қаншама жапырақтар бар.Жылама ,одан да бізбен бірге көңіл көтер.Тіпті біздің қыздардың саған арнаған биі бар.Қанекей "Жапырақтар "биіне шақырайық.
Би: "Жапырақтар"
Жапырақ:Тамаша, керемет,рахмет сендерге балалар.Менің көңілім көтеріліп қалды.Тіпті мен сендермен ойнағым келіп кетті ғой.Қанекей балалар ойын ойнағыларың келеме?
Ойын: "Жаңғақ жинау"
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,                    Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі.Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар алып келген. Қазір ортаға осыларды шақырайық.
К. Аружан: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған.
Ағайынбыз бәріміз.
Қазына: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз.
Сәбіздерміз жазықсыз.
С.Каусар: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Қ.Айару: Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін -ай
Менің атым құлпынай
Еркеназ: Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Раяна: Асханадан шықпаймын.
Атым пияз,бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Ән:"Балабақша"
( Жапырақтың шығуы.)
Жүргізуші: Балалар алтын күзге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейікші.Ортаға : Т.Айару,Айзере,Ақниет,Ақбота,Медина,Аяна,Ақылжан,Алишер,Маржан.
Т.Айару: Соғады кейде дауылы
Береке күздің жауыны
Сол жауынмен өседі.
Бақшаның қарбыз қауыны.
Айзере: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Ақниет: Күздің қазан айында
Жеміс-жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Ақбота: Алақай-Алақай
Шатанды балақай
Береке салты күз.
Мереке-Алтын күз.
Медина: Молшылық күз-береке күз!
Береке күз -мерекеміз.
Аяна: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ақылжан: Осень славная пара
Любит осень детвора
Груша,слива,винаград
Все паспела для ребят.
Алишер: Күізім -ау,күзім -ау!
Мінезің бұзық -ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Маржан: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Ойын: " Саңырауқұлақ пен гүл"
Осымен бүгінгі ертеңгіліміз аяқталды.