Презентация на тему по истории Абылай хан(10класс)


1-слайд Тақырып:Абылайхан тұлға және саясаткер Күтілетін нәтиже:Жаңа білімАбылай ханның өскен ортасы,билік жүргізудегі ерекшеліктері,қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі туралы білімдерін еске түсіреді.Жаңа түсінікАбылай ханның дипломатиялық шеберлігі мен қасиеттерін айырып таниды, өз түсіндірмесін береді.Қолданым әрекетіАбылай ханның ел басқарудағы ерен ерлігінің сырын ашып біледі және анықтайды.Талдау әрекетіҚазақ хандарының ел басқару жүйесін Абылай ханның басқару жүйесімен қарсы қойып салыстырады.Шығарма-шылық әрекет Абылай хан туралы айтылған пікірлерге қозғау салады.Бағамдау әрекетіАбылай ханның тұтас мемлекет құруда тұлғалық қасиетінің даралығын бағалайды. 2-слайд Тақырып жоспары:1.Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.2.Абылай ханның қазақ тарихында алатын орны. 3-слайд Абылай хан1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр,Лақап аты – Сабалақ.Абылай жоңғар қалмақтарының батыры Шарышты жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіріп, «Абылайлап» ұран тастап жаңа атқа ие болды.Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқар жыраудыңдың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.Абылай хан таққа келмей тұрып та ел ішінде беделі күшті болған.1771-1781 ж.ж. – Қазақтың үш жүзінің ханы болып сайланады. «Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын түлетудің алтын діңгегіне айналды» Н.Ә.Назарбаев(Тарих толқынында) 4-слайд Қазақ ішінде тараған аңыздарда Абылай хан тұқымынан шыққандығын жасырғанҮйсін Төле бидің түйесін бағып жүрген Төле би тозығы шыққан ,шашы өскен баланы көріп оған «Сабалақ »деген есім береді Көреген дана би Сабалақтың текті әулеттің шыққанын білгенТөле биге сәлем бере келген Бөгенбай батырмен танысады Бөгенбай адамның да, малдың да асылын бір көргеннен танитын сыншыл екен.Бөгенбай Сабалақты көргенде: «Шырағым-ай ,көзің отты бала екенсің ! Мінезің қазақтағы хан екенсің . Жазға салым қалмаққа аттанамыз,Соған да керек болар жан екенсің ! »деп батасын беріп , астындағы Нарқызыл атты сыйға тартады. 5-слайдАбылай ханның жеке қасиеттері.Шығыстың жеті тілін білді.Домбыраны жақсы тартқан.20-дан астам күйі бар. («Дүние қалды», «Қара жорға», «Жетім торы», «Шаңды жорық», «Қоржынқақпай» т.б.)Сөзге шебер, әрі тапқыр болған.Сөзіне берік, алғыр ойлы, адалдығымен ел құрметіне ие болған «Билікке құмар замандағы мұндай мәрт мінез- ел мүддесін қасиет тұтатын өзгеше сананың көрінісі» Мұхтар Мағауин (жазушы) 6-слайд Абылай ханның ата – тегі Абылайдың ата тегіне назар аударсақ: Шыңғыс хан-Жошы хан –Тоқай Темір-Өз Темір –Қожа-Бәдіғұл оғлан –Орыс хан –Құйыршық хан –Барақ хан- Әз Жәнібек- Жәдік-Шығай-Есім хан-Жәңгір хан-Уалибақы-Қанышер Абылай-Көркем Уәли-Абылай хан (Әбілмансұр) Шыңғыс ханның ұрпағы болып келеді. 7-слайд Абылай зерделі саясаткер ,білімді дипломат, дарынды қолбасшы Абылайдың мақсаты мемлекетті нығайту еді. Сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастадыАбылай билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнаттыСоғыс тәсілін жетік білетін қолбасшы орыс және қытай үкіметін ішкі есебін де біліп отырдыАбылай хан тұсында күшті көрші мемлекеттер санасатын болды 8-слайд ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Абылайдың ішкі саясаты орталық билікті нығайтуға бағытталдыЕлді ұлыс жүйесімен басқаруды енгізді.Қазақ халқының саны 3 млн. адамға жетті.Орталық билікті күшейтуде беделді,талантты жеке тұлғаларға сүйенді .Ұлы жыраулар: Бұқар жырау,Үмбетей, Тәтіқара.Батырлар : Қабанбай,Бөгенбай, Малайсары.Атақты билер :Төле би ,Қазыбек би,Әйтеке билерді үнемі қолдап отырды. 9-слайд «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ. Ол рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігіне тыйым салды»Абылай хан туралы Шоқан Уәлиханов пікірі. 10-слайд Абылай ханның соңғы сапары.Абылай хан 1781 жылы Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салды.Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді. Абылай ханның қайтыс болғанын естіген Қытай өкіметі көңіл айтып,елшілік аттандырды.  11-слайд Абылай ханның атыменҚазақстан қалаларының бірқатар басты көшелері аталады.Алматыда Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және дүние жүзі тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген.Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла (ескерткіш құлпытас) орнатылған.Қазақ халқы Абылай ханды еліміздің тұтастығын сақтап қалуға жасаған қызметін жоғары бағалап ұлықтайды.