Педагогтар?а арнал?ан ке?ес Баланы дамыту?а арнал?ан а?паратты? коммуникативті технологияларды пайдалану салалары


Баланы дамытуға арналған ақпараттық коммуникативті технологияларды пайдалану салалары.№29 «Ай-Керім» бөбекжай - балабақшасыТәрбиешілерге кеңес:Кәсіби әдіскер: Ж.А.Есмурзаева Сапалы білім беру жүйесінің ең алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ақпараттық коммуникативті технологиялардың зор мүмкіндік беретініне көзіміз жетіп отыр. Осы орайда компьютерді пайдаланудың бірнеше түріне тоқтала кетейік - Ғаламтор желісін пайдалануҚұжаттарды жүргізудекомпьютерді пайдалану- Баланы дамытатын компьютерлік программаларды пайдалану- Мультимедиялық презентацияларды пайдалану

Ғаламтор желісін пайдалануЖелілік электрондық ресурстардың мүмкіншіліктері МДББ мамандарының өзекті мәселелерін шешуге септігін тигізеді.Біріншіден, ол баспа материалдарынан тыс қосымша мәлімет.Екіншіден, әртүрлі көрнекі құралдар.Үшіншіден, барлығына қол жетімді жаңа әдістемелік идеяларды таратудың ең ұтымды әдісі. Ғаламтор ресурстарын пайдалану МДББ үрдісінің толыққанды ақпаратты болуына көмектеседі. Педагогтардың ҰОІ-не дайындық кезінде электрондық ресурстар түрінде берілген әдістемелік нұсқауларды пайдалануға болады.Ғаламтор желісі арқылы тәрбиеші өзінің қызметіне қажетті мектеп жасына дейінгі баланың дамуы жайында кез-келген материалды, ҰОІ-не керек кез-келген фотосуреттер мен иллюстрацияларды таба алады. Құжаттарды жүргізуде компьютерді пайдалануКомпьютер арқылы педагогтар программалар арқылы түрлі жоспарлар құрып, бала дамуының күнделігін жүргізеді, диаграммалар жасап баланың даму динамикасын бақылап отырады. Баланың даму динамикасын бақылауЖоспарлар, жұмысқа қатысты басқа да құжаттар дайындау Баланы дамытатын компьютерлік программаларды пайдалануКомпьютердің білім беру материалын меңгеруге қосатын үлесі зор. Американдық мамандар балаларға арналған дамыту программаларға зерттеушілікке қызықтыратындай, баланың өздігінен жұмыс жасауына қолайлы, қолжетімді, техникалық деңгейі жоғары, жас шамаларына сай, тартымды болу керек деген талаптар қояды.Білім беру программаларын төмендегідей бөлуге болады:1. Психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар2. Шет тілдерінің «сөйлейтін» сөздіктері3. Қарапайым графикалық редакторлар4. Саяхат-ойындар 5. Мәнерлеп оқуға үйренетін қарапайым программалар.


Мультимедиялық презентацияларды пайдалануҚазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығарып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі- мультимедиялық презентацияларды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық презентациялар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.Олар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейінін әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге,әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық презентациялар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күндедамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.МД мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Назарларыңызға рахмет!!!