Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг


Педагогтарға арналған психологиялық тренинг.
Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас мәдениеті»
Мақсаты:
1.Педагогтардың өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту. 2.Адами қарым-қатынас ізгіліктері. 3.Педагогтарды практикалық,тренинг-жаттығу жұмыстарын жасау арқылы саналы шешім қабылдауға үйрету.Топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Көрнекіліктер: Слайд,үнтаспа,қағаз,шарлар,жаттығулар,түрлі-түсті фломастерлер.
Ұйымдастыру кезеңі:
1-жаттығу. «Менің керемет есімім»
Қатысушыларды шеңберге тұрғызып,бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады,оны кім қойды,өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны да айтады.Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар?. Алақан сипаудыңда өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
2-жаттығу. «Аяқталмаған сөйлемдер»
Нұсқау: Сіздердің алдарыңызда үлестірмелер тұр.Қазір бір-бірлеп,шығып бір үлестірмеден аласыздар.Үлестірмедегі аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек.Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Талдау: Сөйлемді аяқтау қиын болды ма?Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?
3-жаттығу. «Менің көңіл-күйім»
Қатысушылардың көңіл-күйін игере білуге және қадағалауға,дұрыс бағалай білуі.
Нұсқау: Алдарыңыздағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңізді суреттеп салыңыздар.
4-жаттығу: «Мен саған,сенемін!»
Музыка ойнап тұрады.
Жұп құрып,бір-біріңнің көздеріне қарап отырады. «Мен саған,сенемін»- өйткені сен керемет адамсың.
5-жаттығу: «Суретші көршіңе бер» жаттығуы.
Нұсқау: Шеңбер бойлап отырған қатысушылардың біріншісіне берілген А4 ақ қағазына түрлі-түсті қалам мен өзінің ойына не көреді сол бейнені сала бастайды,2-минут өткен соң аяқталмаған суретті келесі көршісіне ұсынады, осылай жаттығу шарты бойынша сурет шеңберді айналып шығуы тиіс.Соңында суретті жүргізушіге ұсынып, шыққан бейнені талдайды.Әр бір қатысушы өзінің нені бейнелегісі келгеніне,суретті неге ұқсатқаны жайлы өз ойларын айтады.
6-жаттығу: «Бір сөз» ойыны.
Нұсқау: Ойынға қатысушылар екі-екіден жұптасып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Жүргізуші командасымен ойын басталады.Яғни жұптағы 1-ші адам 2-ші адамға бір сөз айтуы тиіс.Бірінші ашулы айтса,екінші рет мейіріммен айтады,үшінші рет ешбір эмоциясыз айтады.
Талдау: Бір сөздің үш түрлі көңіл-күймен айтылуы сізге қандай әсер берді.
7-жаттығу: «Ашулы шарлар» жаттығуы.
Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп,оларды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек,шарлар адамның денесін бейнелейтінін,ал оның ішіндегі ауа-адам сезімін білдіреді.Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма?Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
-Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді.Ол қауіпті.
Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді,оны байламай ұстап тұрады.Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді,ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз.Шар кішірейді.Бірақ жарылмады.Бұл нені білдіреді?Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ,ол ешкімге зақым келтірмейді.
Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады.Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу-ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді.Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.
Қорытынды:
Рефлекция: Шырақ жағылып,бірінші қатысушыға беріледі,ол бірінші психологиялық тренинг туралы өз ойын,алған әсерін 3-сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі қатысушыға береді.Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін,жүргізуші шырақты өз қолына алып,барлық қатысушыға алғысын білдіреді.