Информатика п?нінен тест ж?мысы Электронды? пошта


Тест ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
Қолданушыларға электрондық хаттарды оқуға және құруға мүмкіндік беретін бағдарламалар қалай аталады?
қолданбалы агенттер
браузер
пошталық сервер
интернет-сервис
Электрондық пошталық қолданбалы агенттердің мысалдары:
Microsoft Outlook, Mozilla Thunderbird, The bat!
Microsoft Outlook, Mozilla Thunderbird, Opera
Microsoft Outlook, Opera, The bat!
Opera, Mozilla Thunderbird, The bat!
Дұрыс толтырылған электрондық пошта адресін көрсетіңіз:
example@nur.kz
example.nur.kz
example@nurexample@nur@kz
Электрондық пошта арқылы бірнеше адресатқа мультимедиалық файлдар жіберуге бола ма?
Болады
Болмайды
Болады егер файл архивтелген болса ғана
Электрондық хаттарға мультимедиалық файлдар бекітуге болмайды
Корпоративтік электрондық пошта дегеніміз не?
Жұмыс бабында мекемеішілік, мекемеаралық хат алмасуда, яғни жұмыс бабында қолданылатын электрондық пошта
Арнайы пошталық сервер кеңістігіндегі орын
Достарыңызбен, жақындарыңызбен хат алмасуда, кейбір әлеуметтік желілерге тіркелуде қолданылатын пошта
Көпшілікке арналған пошта
Электрондық хатты рәсімдеген кезде сыналарды толтыру міндетті (бірнеше нұсқасын таңдаңыз):
Алушының электрондық поштасының адресі
Алушының мекен-жайы
Хаттың тақырыбы
Хаттың жеткізілу мерзімі
Келген хатқа бекітілген файлдың бар-жоғын қалай білесіз?
Хаттың оң жағында орналсқан «түйреуіш» белгісінен
Хат қалың қаріппен ерекшеленіп тұрады
Хаттың ешқандай ерекшелік белгісі болмайды
Хат тізімнің жоғарғы жағында орналасады
Шимай хаттар мен жіберілген хаттардың арасындағы айырмашылық
Шимай хаттар әлі жіберілмеген, өңделу барысындағы хаттар болса жіберілген хаттар алушыға жеткізілген хаттар
Араларында ешқандай айырмашылық жоқ
Әрбір жіберілген хаттың шимай хат түріндегі нұсқасы болу керек
Жіберілген хаттар біраз уақыттан соң шимай хаттар қапшығына жөнелтіледі
Спам дегеніміз не?
электронды поштаңызға сіздің келісіміңізсіз қандай да бір тауарды немесе қызметті жарнамалау мақсатында жіберілетін хаттар
электронды поштаңызға сіздің келісіміңізбен қандай да бір тауарды немесе қызметті жарнамалау мақсатында жіберілетін хаттар
әлеуметтік жүйелер ұсынатын пошталық қызмет түрлері
интернет арқылы жарнама таратудың ең тиімді ққұралы
«Келген хаттар» тізімінде орналасқан хаттың сипаттамалары көрініп тұрады?
Хатты жіберуші
Тақырыбы
Жіберілген уақыты
Егер хатқа бекітілген болса оң жақ шетте «түйреуіш» белгісі
Аталғандардың барлығы

2-ші модуль
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
a
a, b, c
a
a
a
a
a
a
a
e