Музыка п?нінен Алтынбек Коразбаев та?ырыбында


Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай  ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады.Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді. Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе  Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы. Алған атақтарыМәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан  Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді. Алтынбек Қоразбаев – халқының сүйікті тұлғасына айналған жан.Өзінен кейін сандаған шәкірттеріне әкелік қамқорлық жасап,баулыған ұстаз.Шәкірті Мейрамбек Беспаевтің орны бірегей төбе. Ол өнерде талай шәкірт тәрбиеледі. Әгугай домбыра Әсем әуен дала кезiп барады,Ару балқып, жiгiт төмен қарады. Селт етерлiк сезiм кеттi сел болып,Домбыраның,әгугай-ай күй төккенде шанағы. Перне қуған, сүйрiк саусақ салалы,Кейдe желiп, кейде орғып шабады.Сала құлаш шанағынан сыңсыған,Аққу ұшып,әгугай-ай қаздар қайтып барады. Тұлпардың дүбiр қаққан тұяғы,Көкiрекке сырлы сарын құяды.Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр-ау,Шанағына,әгугай-ай қалай ғана сияды? Қоразбаев Алтынбек {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Қай жылы туылған,қай жерде?Қандай аспаптарда ойнап біледі?Қай жылы Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі болды?Халық сүйіп тыңдайтын қандай әндері бар?Қандай оркестрде домбырашы болып отырды?Қандай атақтар берілді? Үйге тапсырма: Сазгердің шығармашылығын оқу, әнді жаттау. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!