Математика Н?лмен ая?талатын сандар?а к?бейту ж?не б?лу


Күні: 6. 12. 2016 ж. Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу амалдарымен оқушыларды таныстыру. Шама, қозғалысқа арналған есептерді, теңдеуді дұрыс шығару және машықтандыру. Дамытушылық: Танымдық, өз беттілік жұмыс жасауға баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Түзетушілік: Сандарды дұрыс жазу дағдыларын, жіберген қателіктерін өздері түзеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс - тәсілі: өздік, есептеу, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: дәптер, қалам, тақта, бор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІII. Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істей отырып,білімін тиянақтау.
ІV. Үй жұмысын тексеру: . № 5
Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) IV. Тірек білімді белсендіру.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.
Оқулықпен жұмыс.
№1. 70 * 90 = 7 онд * ( 9 * 10 )= ( 7 онд * 9 ) * 10 = 63 онд * 10=630
6300 / 90 = 63 жүзд / ( 9 * 10) = (63 жүзд / 9 ) / 10 = 7 жүзд / 10 = 70
№2 Түсіндіре отырып орында
80 * 60 = 8 онд * ( 6 * 10 ) =( 8 онд * 6 ) * 10 = 48 онд *10= 48 онд =4800
4800 / 60 = 48 жүзд / ( 6 * 10) = (48 жүзд / 6 ) / 10 = 8жүзд / 10 = 80
Көз жаттығуы.
№3 а ) 25 * 16 = 25 * (4 * 4 ) = 400
ә ) 400 / 16 = 400 / ( 4 * 4 )= 25
VІ. Қорытындылау.
Бүгін біз не білдік ? - Нөлмен аяқталатын сандарға қалай көбейтеміз ?
– Бөлгенде ше ?
VІІ. Үйге тапсырма: 124-бет. № 5
VІІІ. Оқушылардың қабілетіне қарай бағалау.