Презентация “?ансонарда б?ркітші шы?ады а??а”


Презентация“Қансонарда бүркітші шығады аңға” Абай Құнанбаевтың”Қансонарда бүркітші шығады аңға”өлеңін оқытуға арналған көрнекілік құралы Томаға-қалыпқа салып, былғарыдан өрнектеп тіккен бүркіттің басына кигізіп қоятын зат. Қанжыға-ердің екі жағында болатын бөктеріншек (заты, нәрсесі) байлайтын қайыс (мәтінде “жанында”) деп берілген. Қыран құс-алғыр, көк түбіт, күшті (6 жастағы бүркіт)Жасына қарай былай аталады:бала бүркіт-бір жастағы бүркіт, тірнек-(қай түбіт) - екі жастағы бүркіт, жас түлек-төрт жастағы бүркіт,барқын-он жастағы бүркіт, баршын он бір жастағы, шөгел кәрі бүркіт.Бүркіттің тегі:Садақсан,шоқпарсан,құмшегір (қаншегір) бүркіт. Қазақта “Нар бастатқан тоғыз”,”Ат бастатқан тоғыз”,”Ішік бастатқан тоғыз”деген сыйлық атаулары болған, олар сыйға, жүлдеге, айыпқа берілетін сыйлықтар. Өлең мәтініндегі “Үйірімен үш тоғыз”- аңшылар олжалы бола берсін деген тілек. Ұзақ сонар-қар кеше күндіз жауып тоқтаған болса, түні бойы жортқан түлкінің ізі, ұзақ шиыр боп кетеді. Ол ізбен түлкіні табу қиын. Келте сонар-қар түнімен жауып, таң атар алдында ғана тоқтаса, түлкінің ізі қысқа жортуылды ғана көрсетеді. Қансонар-қардың ел жатқанша жауып тоқтаған түнінде болады. Бұнда түлкі көбірек кездеседі. Жортуылы да ұзақ сонардай шексіз алыс болмайды.Абай сонардың ішінде көп кездесетін(түлкі)шындықты алады. Қансонарда бүркітші шығады аңға.“Бүркітші” сөзіне синоним теріп жазыңдар. Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында,қағушы ойда,Іздің бетін түзетіп аңдағанда. Томағасын тартқанда бір қырымнан,Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға. Көре тұра қалады қашқан түлкі,Құтылмасын білген соң құр қашқанға.Суреттеу дегеніміз не? Аузын ашып, қоқақтап тісін қайрап,Ол да талас қылады шыбын жанға. Қызық көрер көңілді болса аңшылар,Шабар жерін қарамас жығылғанға. Сегіз найза қолында көз аудармай,Батыр да аял қылмай ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ышқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға.Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.(Метафора, шендестіру дегеніміз не?) Құсы да, иесі де қоразданар,Алпыс екі айлалы түлкі алғанда. “Үйірімен үш тоғыз”, деп жымыңдап,Жасы үлкені жанына байлағанда. Сілке киіп тымақты, насыбайды,Бір атасың көңілің жайланғанда. Таудан жиде тергендей ала берсең, Бір жасайсың құмарың әр қанғанда. Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, Аң болады кеңесің құс салғанда... Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, Көлеңкесі түседі көкейіңе Әр сөзін бір ойланып, салмақтасаң. Мұны оқыса, жігіттері аңшы оқысын,Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң. ЖұмбақБалапанын шырқауына түнеткен,Қанатын қомдап, ұшарда сілкініп, дүр-дүр еткен.Осы қай құс,балалар,Барлығынан түрі өктем? Мақал-мәтелдер:1.Бала бүркіт парлап ұшады,Баба бүркіт барлап ұшады.2.Бүркіттің алғанынан, салғаны қызық.3.Ат шаппайды, бап шабады. Аң аулап келген соң бүркітті тұғырға шынжырлап отырғызады.Тұғыр-бүркіт қонып отыратын арнаулы ағаш. “Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып нұр төге бермек.”