?аза? тілі. Жеті ?азына


Тақырыбы: Жеті қазына Мектеп: «Шахтинск қаласы әкімдігінің
№11 ЖББМ» КММ
Мерзімі: 20.01 Мұғалімнің ТАӘ: Сатиева Айнагуль Сейтжановна
Сынып: 7 Қатысушылар саны: 12 Қатыспағандар:
Оқу мақсаттары -жеті қазына тақырыбымен байланыстырып,жаңа сөздерді ұғындыру;
-жаңа сөздер әрі мәтін арқылы оқылым, айтылым дағдыларын дамыту;
- мәтіндегі негізгі ойларды табу арқылы көз қарастарын дәлелдеу;
Оқу мақсаттары/
Күтілетін нәтиже Барлығы :Сабақтың мақсатын өздері айқындайды.
Көпшілігі :Тақырыпқа орай жаңа сөздерді пайдалана отырып, мәтін бойынша топпен жұмыс жасайды.
Кейбіреуі:Мәтіннен негізгі ойды тауып,көзқарастарын дәлелдей алады.
Тілдік мақсаттар (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым): -Жаңа тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрайды;
-Жеті қазына туралы әңгімелей алады;
-Жеті қазына туралы мәтінді оқып,сұрақтарға жауап бере алады;
Жеті қазынаға не жататыны туралы үйренді
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекеттер Бағалау Ресурстар
Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Кіріспе
5 минут
Ұйымдастыру сәті
-Сәлемдесу;
-Кезекшімен диалог;
-Психологиялық ахуал қалыптастыру
"Сын есімді қос" әдісі
Мен допты кез - келген оқушыға лақтырамын да,есіміне сын есімдік сөз қосып айтамын ,допты алған ойыншы келесі балаға лақтырып бастапқыдай сөздерді қайталайды.
Мақсаты: сабақ бастамас бұрын көңіл күйлерін көтеру,сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. Сәлемдеседі.
Кезекші жауап береді.
Допты бір бірлеріне лақтырып,сын есімдерді айту арқылы жылы лебіздерін білдіреді; Өз ара бағалау:
Бармақ арқылы бағалау

доп
Тұсаукесер
(5 минут)
Мақсаты:оқушыларға ой қозғау, ойын жинақтауға бағыттау
Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
-Қазына дегенде көз алдымызға не елестейді?
- Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
- Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жеті қазына»
Сұрақтарға жауап бере отырып мысал арқылы өткен білімдерін еске түсіреді.
Байлық, ақша, асыл тастар, алтын - күміс, сандықтағы бағалы заттар
Өз ара бағалау:
Бармақ арқылы бағалау

Мақсаты: бір бірлерінің жауаптарын толықтырыру;
Тақта,жеті санының суреті
Негізгі бөлім
(25 минут)
6 минут Тақырып «Жеті қазына» болғандықтан 1,2,3санымен 3 топқа бөлемін.
1саны-Жүйрік ат тобы
2саны-Қыран бүркіт тобы
3саны-Құмай тазы тобы
Топтарға сәттілік тілеймін!Шапшаң және бірге жұмыс істейсіңдер деп сенемін!
Жаңа сөздермен таныстыру
Мақсаты:оқушылардың тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамыту
Жаңа сөздер:
салт-дәстүр – традиции и обычаи
ырымдар – повериежеті қазына – семь богатств
ер жігіт – жигитсұлу жар – красивая жена
жүйрік ат – быстрый скакун
қыран бүркіт – зоркий беркут
құмай тазы – охотничая собака
берен мылтық – оружие
өткір пышақ – острый нож
Жаңа сөздермен таныстық,мағынасын түсіндік.Енді,осы сөздермен ,сөз тіркестермен сөйлем құрастырамыз.
Оқушылар топқа бөлінеді
Бір-біріне сәттілік тілеп, топта
ынтымақтастық атмосферасын орнатады
Сөздерді тыңдайды.
Өздері тізбекпен оқиды.
Сөздермен сөз тіркестерін құрайды.
Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырады. Ауызша бағалау:
Тамаша!

Мақсаты: қолдау көрсету,ынталандыру,
талпындыру; Тақта,жаңа сөздер,сөздік дәптерлері,смайликтер
7 минут Берілген мәтін бойынша
«Айналым бекеті» әдісі арқылы жұмыс жасайсындар
Мақсаты: Топтар арасында ұжымшылдықты нығайту. Топтарға таза постерлер беріледі.
Берілген постерге топтар жеті қазына туралы сөздерді жазыңдар.Келесі топқа постерлеріңді беріңдер.Олар сөздерді оқып,сурет қылып салады да келесі топқа береді.Келесі топ сол суретті ары қарай жалғастырады. Яғни соңында тақырыпқа қатысты әдемі постер дайындалып,әр топ өз жұмыстарыңды қорғайсыңдар.
Мәтінмен танысады.
Мәтінді оқиды.
Жұппен талдайды.
Оқушылар өз жұмыстарын жасап,постерлерін алмасып,басқа топтардың жұмыстарын толықтырады,әр топ жұмыстарын қорғайды Бағалау Парақтар,маркерлер,тақта,тірек сөздер,постер
2 минут
Бой сергіту жаттығуы
«Саусақтар жаттығуы»
Мақсаты: дене жаттығулары арқылы сергіту,ширату;
Ойын шартын тыңдайды.
Мұғалімді тыңдап,жаттығуды қайталап жасайды. Бармақ арқылы бағалау

Тамаша Көңілді әуен,интербелсенді тақта
10 минут Жұптық жұмыс. Грамматиканы қайталау
Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу,құрамына,тұлғасына,мазмұнына қарай талдау.4; 2-нші; 5-еу; 6-дан;10-даған; 1/2; 75; 3,14; 15-тен
Оқушылар сандарды сөзбен жазады, талдайды Дәптер,қалам
Рефлексия
минут
7 минут
2 минут Мәтінмен жұмыс.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сөйлемге керекті сөздерді тауып қою
«Чемодан», «Себет»,
«Еттартқыш» стратегиясы
Мақсаты: оқушылардан сабақтан алған білімдерін,не оңай,не қиындық келтіргенін анықтау,кері байланыс алу;
Сізге не ұнады?
Что вам понравилось? Өзіңізге не алдыңыз?
Что вы возьмете с собой?
Сізге әліде не түсініксіз?
Что еще не совсем понятно? Тағы неге оралу керек?
К чему вернетесь?
Сізге не ұнаған жоқ?
Что не понравилось? Сізге не түсініксіз?
Что не понятно?
Бағалау
Сабақтан алған білімдерін формативті,жиынтық түрде бағалау Сұрақтарға жауап береді.
Сөздерді тауып қояды.
Стикерлерге не ұнады,нені түсінбегендерін,не ұнамағаны туралы жазады.
Өз ойларын ауызша да білдіреді. Критериялық бағалау
Өзін өзі бағалау:
Смайликтер арқылы
Мақсаты: бүгінгі сабақ бойынша көңіл күйлерін бақылау; Тақта,дәптер
Чемодан,себет,еттартқыш қимасы,смайликтер,стикерлер
1 минут Үйге тапсырма
1.Жаңа сөздерді жаттау
2.«Жеті қазына» тақырыбына сурет салу
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады Өзін-өзі реттейді,ой тұжырым жасап келеді Қосымша ақпараттар
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
(жалпылама ақпарат/бағалау идеясы) Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс (Мектеп, оқушы, мұғалім мәдениетіне негізделеді)
Сабақ барысында А, В, С оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс істеулерін бақылаймын.Үлгермей,түсінбей қалған оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетемін. Сабақта бағалаудың формативті түрін қолданамын.Соларқылы оқушыларға өз ара,өзін өзі бағалауға мүмкіндік туғызамын.Сонымен қатар оқушы өзінің шамасына қарай критериялар бойынша өзін-өзі бағалайды. Сабақ бойы берілген тапсырмалар оқушылардың өз ойларын жеткізуге,оқушылардың түсініктерін кеңейтуге көмегін тигізеді.Топтық,жұптық жұмыс арқылы оқушылар өзгенің пікірін құрметтеуге үйренеді.
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқу мақсатына қол жеткізілді. Оқушылар бүгін жаңа сөздерді үйренді. Оқу ахуалы қолайлы болды. Оқушылар мәтіндегі таныс сөздермен жұмыс жасау барысында дұрыс әрекеттерді орындады. Уақыт тиімді пайдаланылды
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Жаңа сөздерді үйрету әдістері тиімді болды.
2. Сергіту жақсы қызықты болды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?
1. Топтық жұмыста топ мүшелерінің белсенді қатысуын қадағалау.
2. Оқушылардың ойын айтуға уақыт бөлу