Презентация по казахскому языку на тему “Сан есімді ?айталау” (6 класс)


Тақырыбы: Сан есімді қайталау (6 сынып) Сабақтың мақсаты: білімділік- сан есім туралы білімдерін толықтырып, сан есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету; дамытушылық-оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу; тәрбиелік- елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағыӘдісі:қайталау, сұрақ-жауап, салыстыру, бекіту, бағалау.Көрнекілігі: слайд, ребус, таратпа қағаздар.
Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.а) Сәлемдесуә) Оқушыларды кезекші арқылы түгендеуб)Назарларын сабаққа аудару мақсатында: Әрбір сөзім-шындық, Әрбір ісім- адал, Әрбір сабақ-білім, Болашаққа жол сал.
ІІ.Мақсат қою кезеңі.Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.а) Сан есімнің емлесі жайлы сұрау.ә) 180- жаттығуды тексеру. б) Мысалдарды оқып, емлесін түсіндіру.
1. Еліміз 2017 жылы Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» атты көрмеге дайындық үстінде.2. Алматы облысында екі мың сексен тоғыз әкім сайланды.3. Біздің ауылда шамамен 80-90 үй тұрады.
ІҮ. Білімді тексеру кезеңі.а) Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан кеспе қағаздар дайындау.1.Сан есім дегеніміз не?2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?4. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?5. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?6. Есептік сан есімнің ерекшеліктері неде?7. Реттік сан есім нені білдіреді және қалай жазылады?8. Реттік сман есімнің емлесін айт.9. Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?10. Болжалдық сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?11. Топтау сан есімінің ерекшелігі неде?12. Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі неде? ә) 182- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, топтау, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.Үлгі: Есептік сан есім: бес, ... Реттік сан есім: бесінші, ... Жинақтық сан есім: бесеу, ... Топтау сан есім: бес-бестен, ... Болжалдық сан есім:беске жуық, ...5,7,3,20,180,1000,34,71,82,120.
Ү.Бекіту кезеңі.а) Сан есім қатысқан мақал-мәтел айтайық.ә) Сан есім қатысқан жұмбақ жасырайық.б) Сан есім қатысқан өлең- жырлардан үзінді айтайық.
в) Ребусты кім жылдам әрі дұрыс шешеді. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Дұрыс жауапДұрыс емес жауап 1.Қосарлану арқылы жасалған күрделі сан есімдер үнемі дефис арқылы жазылады.2.Сан есімдер құрамына қарай алты түрге бөлінеді.3.Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.4.Күрделі сан есімдер тек тіркесу арқылы жасалады.5.Цифрмен таңбаланатын сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.6.Топтау сан есімі нешеу деген сұраққа жауап береді.7.Сан есім заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.8.Топтау сан есімдері бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.9.Бір түбірден тұратын негізгі және туынды сан есімдерді дара сан есімдер дейміз. Жылдам бағалау. Қосарлану арқылы жасалған күрделі сан есімдер үнемі дефис арқылы жазылады.Сан есімдер құрамына қарай алты түрге бөлінеді.Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Күрделі сан есімдер тек тіркесу арқылы жасалады.Цифрмен таңбаланатын сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.Топтау сан есімі нешеу деген сұраққа жауап береді.Сан есім заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.Топтау сан есімдері бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Бір түбірден тұратын негізгі және туынды сан есімдерді дара сан есімдер дейміз. Дұрыс жауапДұрыс емес жауап ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 185-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерді цифрмен жазыңдар. Назарларыңызға рахмет!
r

r
r
r
r
r