Бірінші сыныпта?ы ?аза? тілінен «Т?стер» саба?ына саба? жоспары


Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары. Сабақ қолданылған көрнекілігімен ұсынылып отыр.
Сабақтың тақырыбы: Түстер. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Көрнекілік: «Түстер» тақырыбындағы мазмұнды суреттер. Мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен танысу. Сөздік қорын молайту. Сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету. Сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: Өмірді, табиғат көрінісін бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушы нені білу тиіс: «Түстер» тақырыбы бойынша сөйлей білу. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдана білу. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алу. Оқушы нені игеруі қажет: Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, жаңа сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс айтуға, суретті бояуға дағдыландыру.  Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. - Сәлеметсізбе! Сабақтың негізгі бөліміне дайындалу: -Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Түстер».Түстер туралы не білесіңдер? Қандай түстер болады? Әр затта өз түсі бар. Сабақтың негізгі бөлігі: - Бүгін біздің сабағымызға қонақ келді. Бұл Жас суретші. Ол бізді түстер әлемімен таныстырып өтеді. - Қараңдар, ол бізге сурет салып келді. Бұл не? -Шар. -Шар қандай? (қызыл). Тағы да қызыл түсті бізде не бар? - Ал мынау не? ... (осы түрде қара, ақ, көк, жасыл, көгілдір, қоңыр, сары, қызыл сары түстермен танысу). -Жұмбақ жасыру: Ағайынды бәрі: Шықса көк, түссе сары. (Жапырақ) -Фонетикалық жаттығу. -қо, -қо, -қо –қоңыр -қы, -қы, -қы – қызыл -қа, -қа, -қа - қара -Жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Тынығып алайық. Орнымыздан тұрамыз. (сергіту сәті)
Орнымыздан тұрамыз. Қолды белге қоямыз. Басты оңға бұраймыз. Басты солға бұраймыз. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып аламыз. 
- Жақсы, орнымызға отырамыз. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түстер бізге керек пе? Не үшін керек? -Жақсы, ал енді, балалар, сендердің түсінігін тексеру мақсатында біз келесі тапсырманы орындаймыз: мен сендерге түссіз суретті беремін, сендер оны мен айтқан түспен бояйсыңдар. Бірақ алдымен қолдарымызды дайындап қояйық: 
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз, Бесті беске қосамыз. 
Дәптермен жұмыс.Қорытынды: -Балалар, сабақ барысында жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерге көп рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.