1 сыныпта ана тілінен К?ктем та?ырыбына ашы? саба?.


Ана тілі 1 сыныпСабақтың тақырыбы: КөктемСабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейте отырып, пысықтау. Көктем мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырата білу, оқушылардың ой - өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға жаттығулар жұмысын жүргізу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, сөзжұмбақ, құстар суреті.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзбетімен жұмыс.Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетануСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.Оқушылар:Сабаққа біз даярмызЖалқаулықты қоямызҮздік оқып әрқашанКілең бестік аламызМұғалім:Бір, екі, үшСынып іші тып - тынышЖалқаулықты тастаймызСабақты біз бастаймызБүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр.2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ - жауап арқылы.- Үйге қандай тапсырма берілді?- Кемпірқосақ.- Мәтін не туралы?- Кеппірқосақ неше түстен құралған? (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін)- Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді дәптерге жазып келу керек болатын, кәне кім оқып береді?Сұраулы сөйлемдер:- Осындай кемпірқосақ бола ма екен?- деген біреудің дауысы естілді.- Амансың ба, балақай?- Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?- Сонда қалай?Жаңа сабақ. Өткен сабақты қайталау.Кәне, кім айтады сөйлемнің неше түрі бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті)- Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Сөйлем сөзден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір - бірінен бөлек жазылады.Сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)- Кәзір бізге тыныс белгілер жайлы өлеңдер айтып бермекші, соны тыңдайық.Нүкте.Мен сөйлемнің соңында тұрамСөйлемдердің жігін ажыратып,Кідіріс белгісі орында тұрамТиянақты ойдың біткенін білдірем, сөйлем соңына таман,Дауысыңды бәсеңдетіп үлгеремМен емес пе бөліп тұрған ой арасын?Сұрақ белгісі.Киноға барасың ба?Газет аласың ба?Деген секілді сөйлемдердіКейде оқушы сен секілдіТыныс белгісін қоймай кетеді,Өзің айтып білсең,Осылардың соңында,Қандай белгі келеді?Леп белгісі.Мен ылғи айғайлай бермеймін,Қуана да, күле де білемін.Кейде өкініп, ренжісем де,Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүремБүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы табамыз.Не? --------------- Не істеді?Күн --------------- күркіредіҚызғалдақ ------өседіДала ------------- көктейдіМал -------------- төлдейдіҚар --------------- еридіТөлдер ---------- маңырайдыСабақтың шешуін таптық «Көктем» екен. Бұл өлеңді жазған Төлеген Айбергенов. Көктем жылдың бір мезгілі. Көктем мезгілі жайлы өздерін не білесіңдер?Ой шақыруКөктемОқулықпен жұмыс.Өлеңді өзім оқимын.Осы өлеңде Көктем қандай көңілді сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған? Неліктен?Көктемде нелер ұшып келеді? Құстар.Көктемде жыл құстарын қарсы аламыз. Көкек, қарлығаш, ләйлек, аққу, қараторғай, ақтұмсық қарға.- Оқушылар осы жыл құстары сендерге арнаған тапсырмалары бар.. Соны оқып көрелік.1) Қарлығаштың тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.2) Ләйлектің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.«Көктем» өлеңі бойынша кестені толықтыр.ҚұбылыстарКөктемКүн жылына бастайды-----------------------------------3) Аққудың тапсырмасы: Сергіту сәті.«Кел ойнайық!» Тиісті тыныс белгісін қой.Қасқырдың күшігі неМал тыныстайдыЖүйрік озадыМысық қалай дыбыстайдыӨркеннің өссін қарағым4) Қараторғайдың тапсырмасы: «Кім жылдам?»Сөздерді сызықпен байланыстырБұлбұл қарқылдайдыШымшық қаңқылдайдыҚарға сайрайдыҚаз қаңқылдайды6). Білімді бекіту. Тест жұмысын алу.1. Сөйлемнің неше түрі бар?А) 2 Ә) 1 Б) 32. Дұрыс сөйлемді тапА) Күн жылынады көктемде.Ә) Көктемде күн жылынады.Б) Жылынады күн көктемде.3. Мына сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылады? Абайла, құлап қалмаА) Леп белгісіӘ) Сұрақ белгісіБ) нүкте4. Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?А) НүктеӘ) Сұрақ белгісіБ) Леп белгісіҮйге тапсырма: Көктем өлеңін жаттауСабаққа жақсы атсалысқан оқушыларды мадақтау.