Конспект урока на тему: Кім?Кімдер?Не?Нелер?


Тақырыбы: Аққала жасаймызМақсаты: 1)Лексикалық тақырып төңірегінде әңгімелесу 2)Зейіндерін,есте сақтау қабілеттерін,,байқағыштықтарын,қиялдарын дамыту.3)Достыққа,бір-бірін тыңдауға,мейірімділікке тәрбиелеу.Көрнекілік: «Қысқы ойындар»суретіСабақ түрі:аралас
Сабақ барысы:
І Ұйым.кезең:
Амандасу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Шаттық шеңбері:-Сәлем Күн!-Сәлем Аспан!-Сәлем туған Жер!-Сәлем саған туған ел!
ІІҮй тапсырмасын тексеру
ІІІСөздік жұмыс:
қыс қатты – железная зима,
аязды – морозная,
қар сықырлайды –скрепучий снег,
жылтыр – блестящий,
тайғақ – скользкий.ІІІ Жаңа тақырып - Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз. Жұмбақ:Шанамен зырлап желетін,Шаңғы,коньки тебетін.Аққала жасап ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі.)Тіл дамыту:-Дұрыс,қыс мезгілі.Қалай ойлайсыңдар ,неге «қыстың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта»деп айтады?-Балалар,айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер болады?-Қыс қандай болады?-Сонымен қатар,қыс мезгілі балалардың сүйікті қысқы ойындарының мезгілі.Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?-Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар.Бүгінмен сендерге «Аққала жасаймыз» атты сурет арқылы әңгіме құруды ұсынамын.-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?-Оны қайдан білдіңдер?-Тағы қайдан-Ауа-райы қандай?-Суретте кімдер,нелер бейнеленген?-Суретте үлкен адамдар не істеп жүр?-Балалар не істеп жүр?-Олар қалай киінген?-Суреттегі адамдардың көңіл-күйлерін қалай суреттелген?
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма Мәтінді оқып,аудар,дәптерге жаз
2-тапсырма Диалогті толықтыр
3-тапсырма Сергіту сәті оқып,сергіту жаттығуларды орындау
«Аққала»Қар жауғанда топ бала,Соқтық келіп аққала.Мұрны сәбіз,үп-үшкір,Көзі көмір қап-қара.Көне шелек басында,Сыпырғышы қолында.Мұзайдынды аршуға,Келгендей-ақ ол мұнда.
ІV. Қорытындылау:- Бүгін қандай тақырып өттік?
V.Үйге: