Ана тілі Кім?Кімдер?Не?нелер? с?ра?тарына жауап беретін с?здер 1 сынып


Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
1-сынып.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау , еске түсіру;2. Дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен таба білуге дағдыландыру.
3. Өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
Күтілетін нәтижелер: 1.Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата, сұрақ қою біледі.
2.Өз ойын жеткізе білуге,сөйлемді дұрыс құруға үйренеді.
3.Өз ойынан әңгіме құрастырып, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
Әдіс- тәсілдер: Жеке, топтық, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интербелсеңді тақта, дәптер, тапсырмалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті.
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу.
2.Үй тап. бекіту Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
Мамандықтар бойынша, заттар атауы бойынша топқа бөлу.
1 топ кім? Кімдер? 2 топ не? Нелер?
Сұрақ- жауап арқылы
3. Ой қозғау.
Галереяға саяхат: әдісі
Ұжымдық жұмыс. Суреттерге сұрақ қояды, сөйлем құрастырып айтады. (слайд 1)
4.Негізгі бөлім.
1 тапсырма: топтық жұмыс.
Терме диктант.
1 топ: Мына сөздердің ішінен кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
әдемі, жүгірді,ұшқыш,аңшы,гүл,терезе,суретшілер,әншілер,
сылақшы,биік.
2 топ: Мына сөздердің ішінен не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
Алмұрт, күлді, үй, ертең, ағаш,аспаз, қойшы,есек, тырна, ұзын. (бір-бірін тексеру) (слайд 2)
2 тапсырма.Деңгейлік
тапсырмалар.
( Жеке жұмыс.) 1 топ: І деңгей – Сәйкестендір: гүл тәтті алма хош иісті Айман қызықты кітап ақылды
ІІ деңгей – Артық сөзді тап астын сыз: Айман,сауыншы,сылақшы,боран, күйші.
Дәрігер, көмір, Асқар,шахтер,оқушылар.
Бишілер, Майра, көбелек, жүргізуші, суретшілер.
ІІІ деңгей – Сөздерден сөйлем құрап жаз кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді сыз: Болат, оқиды, жақсы, сабақты. Тұрды, Еркін,ерте. Футбол, ойнауға,жиналды, балалар.
(оқушы тақтада орындайды) (слайд 3)
2 топ: І деңгей – Сәйкестендір: қасқыр әсем қала
Мұғалім бақшада өседі
Астана сабақ берді
Сәбіз шыртқыш аң
ІІ деңгей – Артық сөзді тап астын сыз:
Ара, кебеже, ұшқыш, сызғыш, койлек.
Балға, сиыр, жүргізуші, кесе, жолбарыс.
Қайың, шегіртке, қарбыз, киік, құрылысшыІІІ деңгей Сөздерден сөйлем құрап жаз не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді сыз: Тоңбайды, суыққа, қоян.
Пайдалы, қияр, денсаулыққа.Түрлі, тігіледі,матадан,киімдер.
Сергіту сәті.
Көжегім тұршы, Киіміңді киші
Бетіңді жушы. Мектепке қарай жүрші
Айнаға қарашы, Орныңа отыршы,
Шашыңды тарашы Сабағыңды оқышы.
4 тапсырма. Ойлан, тап.
Ойыны (Топтық
жұмыс)
«Мен саған, сен маған» әдісі: (жеке жұмыс) Әр топқа бір әріп беріледі. Сол әріптен басталатын заттардың атын жазу керек.
1 топ: С әрпі
2 топ: П әрпі
Әр топтан бір оқушы шығады, заттың атын білдіретін үш сөз жазады, келесі оқушы сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. (тақтамен жұмыс ) слайд 4

5. Ой толғаныс кезеңі.
топтық жұмыс
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау.
Эссе жазу.( берілген сөздер бойынша)
Мектеп,мұғалім
1топ: Жұмбақ жазып келу.
2 топ: Мақал- мәтелдер.
Өзін -өзі бағалау.
Мұғалімнің бағалауы.