?аза? тілі ?арсылы?ты ба?ыны??ы саба?тас


Уақыты:11.02.17 Қазақ тілі
Мұғалім:Муканова К.С. Сынып:8
Сабақ тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтасЖалпы мақсат: а) Білімділік: қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспаОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Қыс қызықтары» видеоролигін ұсынады.
«Пазл» әдісі арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып
) Жаңа сабақты түсіндіру:
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
1 -са да, -се де
-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен
(-а,-е,-й)+ тұра
(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)
(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса
-ғанша,-генше,-қанша,-кенше Қыс келсе де,қар жаумады.
2 Қыс келгенмен,қар жаумады.
3 Қыс келе тұра,қар жаумады.
4 Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.
5 Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.
6 Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған-ды.
ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;
в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.
г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сызбасы
1 2 3 4
1. Шартты рай -са да (-се де) Қайтсе де? Не істесе де? /.........../ шаршаса да,
/- - - - - - /
2. Көсемше 5537203873500ған мен
(-ген) ша
ше
5537206223000-ғаны бол-
(-гені) ма-
са-
-ғаны + ы + на (-гені +і+не) қарамастан,қарамай-
Қайткенмен?
Не еткенмен?
Қайткенше?
Не еткенше?
қайткені(не еткені) болмаса?
қайткеніне (не еткеніне)
қарамастан? (қарамай) /...../ естігенмен, /- - - - /
/..../ ұрысқанша, /- - - - - /
/............/ шаршағаны болмаса, / - - - - - - - - -/
/................./ шаршағанына қарамастан
(қарамай) /- - - - - - -/
3. Есімше -а (-е,-й) тұра Қайте (не ете) тұра? /.........../ көре тұра, /- - - -- - - - /
Жаттығумен жұмыс: 129-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс
Топтарға тапсырмалар. Суреттерге қарап сөйлем құрастырыңдар.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру 125-жаттығу.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »