Урок Пысы?тауыш 7 класс


Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш
Тапсырмаларға қойылатын талаптар І кезең.Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
А)ұйымдастыру сәтін;
Ә)алдыңғы тақырыптардың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін б) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«Көпір» тапсырмалары-өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеру негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Анықтауыш дегеніміз не? Жауабы:Сөз таптарынан болған мүшелердісындық,сапалық,сандық жағынан сипаттайды. 2.Анықтауыш қандай сұраққа жауап береді ? Жауабы: Қандай?қай?қанша?неше?кімнің?ненің?
3.Анықтауыш құрамына қарай бөлінеді? Жауабы: дара,күрделі, үйірлі.
4.Дара анықтауыш дегеніміз не? Жауабы: бір ғана сөзден тұрады.
5.Күрделі анықтауыш дегеніміз не? Жауабы:Кем дегенде екі сөзден тұрады.
6.Үйірлі анықтауыш дегеніміз не? Жауабы:Бір ғана сұраққа жауап береді.
7.Анықтауыш қандай сөз таптары арқылы жасалады? Жауабы:сын есім,зат есім,сан есім,есімдіктер,есімше,ілік септікте тұратын есім сөздер.
8.Анықтауыш қандай байланысқа түседі? Жауабы:қабысу,матасу.
Етістіктен болған баяндауышты айқындайтын тұрлаусыз мүше қалай аталады?
Ендеше ,бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Пысықтауыш»
ІІ кезең(топтық жұмыс)жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:а)оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10минут)ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут) нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?қалай?нені?қашан? не істеді?сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек) 1.Пысықтауыш дегеніміз не? Жауабы:етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын,себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
2.Пысықтауыш қандай сұраққа жауап береді? Жауабы:қайтіп?қашан?қайда?қалай?неге?неліктен?не үшін?
3.Пысықтауыштың негізгі белгілерін ата? Жауабы: іс қимылдың мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер жағынан пысықтап тұрады. 4.Пысықтауыштың байланысу түрін ата?
Жауабы: меңгеру,жанасу,қабысу. 5.Пысықтауыш құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жауабы: дара,күрделі,үйірлі. 6.Мезгіл пысықтауыш қалай жасалады? Жауабы:мезгіл үстеуі,жатыс септігіндегі мезгіл мәнді зат есім,септік шылау.
7.Мекен пысықтауыш қалай жасалады?
Жауабы:мекен үстеуі,атау,ілік,табыстан басқасептікте тұрған зат есім.
8.Мақсат пысықтауыш қалай жасалады? Жауабы:мақсат үстеуінен,ғалы,гелі,п,көсемшеден,үшін шылау. 9.Амал пысықтауыш қалай жасалады? Жауабы:қимыл-сын үстеу,еліктеуіш,көсемше.
10.Себеп пысықтауыш қалай жасалады ?
Жауабы:өткен шақ есімшеден.
11.Мөлшер пысықтауыш қалай жасалады ? Жауабы:мөлшер үстеуі,мөлшер мәнді сын есім.
12.Дара пысықтауыш дегеніміз не?
Жауабы:бір ғана сөзден тұрады.
13.Күрделі пысықтауыш дегеніміз не?
Жауабы:негізгі сөз бен септеулік шылау,тұрақты тіркестен.
14.Үйірлі пысықтауыш дегеніміз не?
Жауабы:бастауыш пен баяндауыштық қатынаста тұрып,бір ғана сұраққа жауап береді.
Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі?не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықтаңдар.
1.Пысықтауыш не себептен меңгеру,қабысуға мен жанасуға жатады?жауабы:септіктер,үстеу,сөз таптары.
2.Пысықтауышқа шартты сызықтық белгісі не үшін қойылады?
Жауабы:пысықтауышты ажыратуға.
Теориясы: «Талдау»Салыстыр.Айырмашылығы неде?Ұқсастығы неде?Тақырыптың басты идеясы Венн диаграммаасы
Толықтауыш Ортақ қасиеті Пысықтауыш
Тұрлаулы мүше
Меңгеру,жанасу Пысықтауыш Ортақ қасиеті Анықтауыш
Тұрлаулы мүше
қабысу Теориясы: «Жинақтау» »(Қорытынды шығар,анықтама бер,мазмұнды жүйеле,кестені,тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр басқа түрдегі тапсырмалар оқушылардың «тақырыптың басты идеясына»жазған жауабына қойылады) Тірек сызба

Дара,күрделі,үйірлі
Тұрлаусыз мүше меңгеру,қабысу,жанасу
Пысықтауыш
Мезгіл,мекен,мақсат,амал, себеп,мөлшер
Семантикалық кесте
мысалы Дара пысық тауыш Күрделі пысық тауыш Үйірлі пысық тауыш Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай жоқ. + Әсем сабақты жақсы оқиды. + Барлық офицерлер подполковникке тікесінен тік тұрып ізет көрсетті. + Оқулықпен жұмыс(5 минут),төмендегі «Қолдану»және оқушылардың тақырып мазмұнына «Баға беру»тәсілдеріне сәйкес,яғнирефлексия жасауға,эссе жазуға арналған,практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады.Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі) Оқулықпен жұмыс
52-жаттығу .
Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің? деген тапсырмалар)оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша)және біліктілігін(практикасы бойынша)өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сен қалай ойлайсың?
Пысықтауыштың өзіне тән ерекшелігі неде?
ІІІ кезең(кері байланыс-бағалау кезеңі) жеке жұмыс.Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ,оларды(әр деңгейдің білімділік,біліктілік,яғни,құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар)біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап,әділ бағалау жүзеге асырылады.Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында+3 минут қорытынды жасалады.Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып ,келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады,мониторингке тіркеледі.
І деңгей(5 балл)
Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім?не?қандай?нені?қашан? не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктеліп, ІІ кезеңдегі қарағанда керісінше қойылады) Тест
1.Мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлемді тап
А)Көп сөз- көмір,аз сөз-алтын.Ә)Бүгін хабарласты.
Б)Шәкенді,Баймағанбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді
2.Мекен пысықтауыш қатысқан сөйлемді тап
А)поэзд разьезге келіп тоқтады.Б)жаңбыр басылды. В)жел өршелене соқты.С)Сәуле оңаша отырып қалды.
3.Себеп пысықтауышты тап?
А)Ол маған бұрылып та қараған жоқ.
Ә)Аппақ қар жамылған дала.б) сағат нешеде келді? В)ол қуанғаннан қозғалмай тұр.
Оқулықпен жұмыс
53-жаттығу
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) ІІ деңгей(5балл+4 балл=9 балл)
Теориясы: «Түсіну»(неге?неліктен?себебі? не үшін? Сұрақтары оқушылардың жоғарыда берген жауаптарына олпрды тиереңдету үшін қойылады) 54-жаттығу
Теориясы: «Талдау»1.Салыстыр.2.Айырмашы лығы неде?3.Ұқсастығы неде?4.Тақырыптың басты идеясы Венн диаграмма
Күрделі пысықтауыш Үйірлі пысықтауыш
Практикасы: «Қолдану»(ІІкезеңдегі
қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Семантикалық кесте
Сұрақ.. Мезг.п Мекен.п Мақ.п Амал.п Себеп.п
Неліктен? Қалайша? Не үшін? Қайдан? Қашан? ІІІ деңгей(9 балл+3 балл=12
Теориясы: «Жинақтау (Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды жүйеле,анықтама бер,кесте,сызба,ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек) 54- жаттығу
Практикасы «Баға беру» (сен қалай ойлайсың?Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) «Мақал-мәтел» тақырыбында шығарма жазу