Презентация по казахскому языку на тему Пысы?тауыш 8 класс


Пысықтауыш және оның түрлері Үй тапсырмасы:Анықтауышқа көркем әдебиеттен мысал жазу Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?Тұрлаулы,тұрлаусыз мүшеге қандай мүшелер жатады?Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не?Толықтауыш, тура, жанама толықтауыш дегеніміз не?Анықтауыш дегеніміз не?Анықтауыш болатын сөз таптарын ата. Мысал келтір. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Сұрақтары: Қайда? Қайдан? Қалай қарай? Қашан?Қашаннан бері? Қалай?Қалайша? Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты?БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ: Меңгеру, жанасу және қабысу Үстеу: Ол ілгері басты. Кеше күн суық болды.2. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердегі сөздер: Қырман басынан электр жарығы жымындайды. 3. Есім сөздер: Ол екі сөйлемейтін. Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті.4. Еліктеуіш сөз: Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.5. Көсемше: Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі. Пысықтауыштың мағыналық түрлері Сұрақтары Мысалдар МЕЗГІЛ пысықтауыш-мезгіл үстеуінен-жатыс септігі мезгіл мәнді зат есімнен-септік шылаулы сөзден Қашан?Қай кезде?Қай уақытта? Ол бүгін келеді.Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді. 2. МЕКЕН пысықтауышМекен үстеуінен-атау,ілік, табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Біз қала маңына келдік. 3. МАҚСАТ пысықтауыш-мақсат үстеуінен;-ғалы, -гелі,-п тұлғалы көсемшелерден-үшін шылауымен келген есім сөзден Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім. 4. Қимыл –сын пысықтауышқимыл-сын үстеуінен;- еліктеуіштен;-көсемше тұлғалы етістіктен;5. Себеп-салдар пысықтауышесімше + дықтан, діктен- іс-әрекеттің себебін білдіредіЕсімше + себепті, соң Қалай?Қайтіп?Қалайша?Неліктен? Не себептен? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре-жүгіре шаршады.Қатты ұйықтағандықтан басы қатты ауырып қалыпты. Сабаққа кешіккен соң кірмеді. Синтаксистік талдау жаса Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.Бұл кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.Балапандардың даусы таяудан естіледі. 52-жаттығу. (ауызша)53 –жаттығу. Мәтіннен қарамен берілген пысықтауыштарды қарым-қатынасқа түскен сөздермен қоса теріп жаз. Пысықтауыш дегеніміз не?Қандай сөз таптарынан жасалады?Мағыналық түрлері. Мысал келтір.