Презентация та?ырыбы: Пысы?тауыш туралы жалпы т?сінік (7 сынып)


Пысықтауыш туралы жалпы түсінік Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі – пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүшесі. Солай болғандықтан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Мысалы: ол – жақсы оқушы дегенде, жақсы оқушы дегенде, жақсы – анықтауыш, ол жақсы оқыды, жақсы сөйледі дегендерде – пысықтауыш; Үйге үш кісі кірді дегенде, үш – пысықтауыш. Сонымен, сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш деп атаймыз. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: м е з г і л пысықтауыш, м е к е н пысықтауыш, м а қ с а т пысықтауыш, с е б е п - с а л д а р пысықтауыш, а м а л пысықтауыш. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатынсөздер Үстеулер Сапалық есімдер Үстеу мәндесесімдер Септеулі (жатыс,барыс, шығыс,көмектес)зат есімдер Пысықтауыштарқұрамына қарай Дарапысықтауыштар Күрделіпысықтауыштар Үйірлі пысықтауыштар Мысалы: Лезде ол қайта оралыпот тамызды. Мысалы:Таң жаңа ғанасызылып атып келе жатыр екен. Мысалы:Өзі жоқта Нұрыштыңқақпанына оңай түсті Дара пысықтауыш Жасалу жолы: Дара пысықтауыштар бір ғана сөзден жасалады. Олар, негізінен, үстеулер.Үстеулер өз мәніне, мағынасына сай сөйлемқұрамында басқа сөздердің көмегінсіз дара тұрыппысықтауыш бола алады. Мысалы:Көктемде құлпырадыой мененқыр. Күрделіпысықтауыш.Жасалужолдары: Сын есім мен мезгіл мәнді сөздер тіркесіСоңғы әзірде Раушанда өзгеріс бар. Сілтеу есімдігі мен мекенді білдіретін зат есімТүн ішінде, мына боранда қайда барады? Мезгіл мәнді туынды сын, сан, зат есімдерОсы соңғы екі жылда Жұмағұл орнын тапты. Күрделі сан есімдер тіркесіЕлу бесте біз-дағы сенісер адам таптық па? Үстеулердің тіркесіБылтыр ала жаздай серілік құрып, ел қыдырдық. -дай тұлғалы туынды сын есім етістіккеқатысты болғанда: жаураған қойдай ұйлығып қапты. Көсемшелік, есімшелік тұлға, қимыл есімдерҮркіп қалғандықтан аңғара алмапты... Мезгіл мәнді туынды сын есімдер тіркесіҚысқы күйзелісте Игілік кіресіне көшіп келген. Негізгі және көмекші сөздер тіркесіӨлке бойында Жаппас ауылы атақты. Үйірлі пысықтауыштар құрамындакүрделілердей емес, өз алдынадербес қарастырғанда, сөйлемге тән предикативтік қатынастыбайқауға болады. Егер аса жайы-лыңқы құрамды үйірлі пысықтауышболса, оның құрамынан бастауыш-баяндауыштық қатынас қана емес, тұрлаусыз мүшелерді де ажыратуға болады: Өзі жоқтаНұрыштың қақпанына оңай түсті.Мысал құрамындағы Өзі жоқтаүйірлі пысықтауыш тек қанабастауыш пен баяндауыштан құралған. Үйірлі пысықтауыштар Сөз тіркесі мен әр түрлі сөздердің түйдекті тіркестері күрделі мезгіл пысықтауыш қызыметінде жұмсалуы мүмкін:1. Үстеу мен үстеу не үстеу мен зат есім тіркесіп күрделі пысықтауыш жасайды: б ү г і н к е ш к е Қарағайда ойын болады.2. Шақтық мағынадағы зат есімдер атау күйінде не түрлі қосымшалар жалғанып, олардың алдында сілтеу есімдіктері қолданылады: с о л к е з д е жартыланған ай туған еді.3. Септеулі, кейде атау тұлғалы есімдер кейін, соң, дейін көмекші сөздермен тіркесіп, күрделі мезгіл пысықтауыш болады: т ү н б о й ы аяз қаһарына мінді. Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп соңғы сөздер септікте тұрып күрделі мекен пысықтауыш болады: б ұ л м а ң д а ел жоқ-ты. Таң ата, күн шыға, ел орнына отыра, жаз шыққанша тәрізді сөйлемдік құрамы бар тұрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш болады. Пайдаланылған әдебиеттер: М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі.- Алматы: “Санат”, 2003С.Аманжолов, С.Әбілқаев, Н.Тойлыбаев. Қазақ тілі грамматикасы.- Алматы, 1957К. Аханов. Тіл білімінің негіздері.- Алматы, 1993