«Діни экстремизм-орта? ?ауіп»


«Діни экстремизм-ортақ қауіп» 18 қазан Рухани келісім күні. 1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-ші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі. Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Грек  жұрнағынан аяқталатын  «Экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді.          Экстремизм жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.         Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады.          Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады.         Лаңкесшілер  дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең   таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып,  жөн білетін адамдарды мойындамайды.          Міне, осының салдарынан әлемде түрлі   төңкерістер мен қантөгістер орын алуда