Презентация по биологии на тему Тамырды? т?р?згерістері (6 класс)


Тамырдың түрөзгерістері Дайындаған: «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің биология пәні мұғалімі Аплатинова Күнзияш Шәкімқызы


Тамырдың түрөзгерістеріЖемтамырТабиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту арқылы бейімделуі түрөзгеріс деп аталады.Жемтамырлар – әр түрлі органикалық заттардың негізгі тамырдың жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертуінен пайда болған.Жемтамырлардағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады.




Тамырдың түрөзгерістеріЕмізік тамырЕмізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары.Пішіні, түсі жағынан өзге өсімдіктердің тамырларына ұқсамайды.Бұл өсімдіктердің тамырлары басқа өсімдіктің сабағы не тамырына жанасқан кезде пайда болады.Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады.Олар басқа өсімдіктен дайын қоректік заттарды сорады.




Тамырдың түрөзгерістеріТіреу тамырТіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр.Өсімдік дами келе қосалқы тамырлар шығып біртіндеп ұзарып, топыраққа жетеді.Қосалқы тамырлардың саны көбейеді әрі жуандайды.Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.




Тамырдың түрөзгерістері Түйнекті тамырларТүйнекті тамыр – өсімдіктің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды да, жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.Жемтамырдан айырмашылығы қоректік заттар қоры жанама тамырларға, яғни тарамдалған тамырдың барлығына жинақталады.Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.



Тамырдың түрөзгерістеріАуа тамырАуа тамыр – тыныс алу қызметін атқаратын, оттегі жоқ, батпақты, сазды жерде өсетін өсімдіктерде болатын тамыр.Ауа тамыр сабақтан дамиды, ұштары батпақтан шығып тұрады және қабығы жұқа болады.Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.



Зейін қойғандарыңыз үшін рахмет!