“Аны?тауыштан ?ткенді ?айталау” (8-сынып)


Сабақтың тақырыбы: “Анықтауыштан өткенді қайталау”Сабақтың мақсаты: а) білімдік — анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ойын сабақ,постер қорғау,Сабақтың әдісі: ойын технологиясы ,сұрақ-жауап,тіл дамыту, суретпен жұмыс, постер қорғау Сабақтың көрнекілігі: интератактивті тақта, слайдПәнаралық байланыс: әдебиет, сурет, бейнелеуСабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушыларды екі топқа бөліп топқа ат қою, бірінші топ – “Сапалық анықтауыш” екінші топ - “Иелік анықтауыш”Оқушылар топқа бөліну үшін сандықтан қима қағаздар алу арқылы екі топқа бөлінеді. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Тапсырма Сөйлемдер берілген сол сөйлемдерден анықтауышты тауып, анықтауыш болатын сөз таптарын сәйкестендіру  Ақ сары ат доп болып ішін тартқан Есімдік Талаптанғанның еңбегі жанад Еліктеуіш Шаң-шұң дауыстар естіледі. Гуу-гу әңгімемен отырып тамақ жеуге кірістік. Есімше Оқыған кітаптарым мені іске бастады Ілік септігі жалғанған сөз Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді Сан есім Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті Зат есім Жаңадан екі үй құрылып жатыр  Сын есім Көптің ісінде береке бар Шығармашылық жұмыс 7 8 9 10 12 13 14 15 17 18 19 20 1 2 3 4 5 11 16 6 1 Анықтауыш дегеніміз не? Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш деп атаймыз. Қандай?Қай?қанша?Неше? Кімнің?Ненің? 2 Анықтауыштың сұрақтарын ата ҮшкеДара,Күрделі,Үйірлі 3 Анықтауыштарқұрылысына қарай нешеге бөлінеді Сапалық анықтауыш 4 Қандай?Қай?Қайсы? Қайдағы? сұрақтарына жауап беріп тұрған анықтауыштарды қалай атаймыз 5 Ілік септігінде тұрған анықтауышты қалай атаймыз? Иелік анықтауыш 6 Анықтауыш өзі анықтайтынмүшесімен қалай байланысады? Қабыса және матаса 7 Талабы бар жігіт жерде қалмайды деген сөйлемде анықтауыш құрылысына қарай қандай мүше Үйірлі 8 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Бастауыш, баяндауыш 9 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері ТолықтауышАнықтауышПысықтауыш 10 Сен оқыған кітапты мен де оқыдымАнықтауыш болып тұрған сөз таптарын ата Жіктеу есімдігі+есімше 11 Қызық әңгіме басталып кеттіАнықтауыш қай сөз табы СапалықСын есім 12 Өтегелді сегіз қанат үйдің көрмесінің тұсында тұр екен.Анықтауыш қай сөз таптары Сан есім ,дара 13 Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқАнықтауыш қалай жасалған Ілік септікті зат есім тіркесі 14 Ілік септігі жалғауында тұрып сөз табының бәрі де анықтауыш бола береді ме? Иә 15 Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді? Тура,жанама 16 Оқыған кітап,келген кісі,ішетін сүт осындағы анықтауыш қалай жасалған Есімше 17 Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады? Анықтауыш 18 Күрделі анықтауыш дегеніміз не? Күрделі анықтауыштар кемі екі сөздің қосыла бір сұрауға жауап беруі арқылы жасалады 19 Дара анықтауышдегеніміз не? Бір ғана сөзден болған анықтауыш 20 Ердің сыншысы –елі. Анықтауышты тап Ілік септігі жалғанған зат есім Оқушылар сабақтан алған әсерлерін және сабақтың қалай өткенін,қандай қиындықтарға тап болғанын стикерлерге жазып тақтаға қыстыруҮйге тапсырмаКөркем әдебиеттен анықтауыштарды қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.