Презентация та?ырыбы: Лексикадан ?ткенді ?айталау


Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсат-міндеттері: а) Білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. ә) Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту. б) Тәрбиелік: тіліміздің сөз байлығын оқушылардың бойына сіңіру арқылы сөздік қорын молайту Сабақтың түрі: қайталау сабағыСабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ, оза оқыту, ұжымдық және топтық оқыту, деңгейлеп-саралап оқытуСабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру,түсіндіруПәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері КіріспеЖеті атасын білген ұлЖеті жұрттың қамын жер.Жеті атасын білмегенҚұлағы мен жағын жер. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңіАта ауылының тапсырмасыБергі ата ауылының тапсырмасыАрғы ата ауылының тапсырмасыБаба ата ауылының тапсырмасыҰлы ата ауылының тапсырмасыТүп ата ауылының тапсырмасыТек ата (ататек)ауылының тапсырмасыСабақты қорытындылау. Ата ауылының тапсырмасы1.Лексика дегеннің мәнін қалай түсінесің? 2. Сөздік қор мен сөздік құрам деген не? 3. Лексикалық мағына деген не? 4. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары дегенді қалай түсінесің? 5. Сөздердің көп мағыналылығы деген не? 6. Синоним, антоним, омоним дегендердің мәнін мысалдармен түсіндір. 7. Диалект және кәсіби сөздер деген не? 8. Көнерген сөздердің қандай түрлері бар? 9. Неологизм деген не? 10. Тұрақты тіркес деген не? Бергі ата ауылының тапсырмасы1. Көп нүктенің орнына антонимдерін тауып, қай сөз табынан болып тұрғанын анықтаңыз. Ауыр-Ыстық-Жас-Артық-Аш-Арық-Оңай-Терең- Келу-Қону-Шашу-Ашу-Кіру-Күлу- Ерте-Ақырын-Жоғары-Алыс-Әрі-   Сын есім Етістік Үстеу Ауыр-жеңілЫстық-суықЖас-кәріАртық-кемАш-жапАрық-семізОңай-қиынТерең-саяз Келу-кетуҚону-ұшуШашу-жинауАшу-жабуКіру-шығуКүлу-жылау Ерте-кешАқырын-шапшаңЖоғары-төменАлыс-жақынӘрі-бері   2. Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны (ауызша)Бұл кім? Бұл не? Бұл кім? Ұстаз, мұғалім, оқытушы Адам, кісі, жан, пендеҚарт, егде, кәріНәресте, сәби, бөпе, бөбек, перзент, балаБұл не?Тағам, ас, тамақ, дәмЖануар, хайуан, аң, мақұлықҚасқыр, бөрі, ұлыма, ит-құс Арғы ата ауылының тапсырмасы1. Берілген тіркестер құрамындағы ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздердің тура мағынасын білдіретін сөз тіркестерін құраңдар.Терең ой – Ашық мінез – Өткір көз – Ана тілі – Қонақ күту – Жұмыстың аяғы – Баба ата ауылының тапсырмасыТұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашыңдар. (ауызша)Ит өлген жер – Көз шырымын алу – Тілді үйіреді – Аты жер жару – Дүниеден көшу – Таяқ тастам жер - Ұлы ата ауылының тапсырмасыБерілген сөздердің ішінен диалект сөздердің астын сызып, олардың басқы дыбыстарын мына тор көздерге ретімен орналастыр.Үтік – дезмал, ила –айла, азан – таңертең, пышақ – лөкір, қайратты – екіл, кемер – белбеу, үй –там. д и а л е к т Түп ата ауылының тапсырмасы«Лексика» сөзжұмбағының шешуін табу.1.Жаңа сөздердің ғылыми атауы. 2.Квадрат, куб, коэффициент қандай сөздер? 3.Белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде қолданылатын сөз. 4.Аузы жеңіл деген сөздің орнына қолданылатын тұрпайы (дөрекі) сөз. 5.Дөрекі сөздің орнына қолданылатын сыпайы сөз қалай аталады? 6.Қазақ тіліне шет тілінен енген сөз. 7.«тыйым салу» деген мағынадағы сөзден шыққан термин. Тек ата (ататек)ауылының тапсырмасыТест тапсырмасы 1. Асты сызылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?Тамақты асықпай ішу керек. Оның тамағы ауырды.А) омонимӘ) ауыспалы мағынаБ) көп мағыналы сөзВ) синоним2. «Жағасы» сөзінің синонимі қайсысы? А) төңірегі Ә) аймағы Б) жиегі В) аумағы 3. Асты сызылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?Жақсы байқап сөйлер,Жаман шайқап сөйлер.А) омонимӘ) синонимБ) антонимВ) ауыспалы мағына4. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?Дос сыртыңнан мақтар,... көзіңе мақтар.А) ағайынӘ) көршіБ) ақұрдасВ) дұшпан 5. Мына сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?Қысқа, шолақ, келтеА) омонимӘ) синонимБ) антонимВ) көп мағыналы сөз6. Асты сызылған сөздер мағынасы жағынан қандай сөзге жатады?Ішім өлген, сыртым сау,Көрінгенге деймін-ау.А) антонимӘ) омонимБ) синонимВ) ауыспалы мағына Тест сұрақтарының жауабы: 1 2 3 4 5 6 а б б в ә а