С?йлемні? біры??ай м?шелері саба? жоспары 6-сынып


Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Сабақ мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру.Алынған, оқыған көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.Сабаққа қосымша:Туған жер тақырыбына арналған плакаттарСөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемаларҮлестірме қағаздарПайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сыныпӘ. Исабаев «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру(психологиялық дайындық)ІІ. Үй тапсырмасын сұрауСөйлем мүшелері дегеніміз не?Бастауыш дегеніміз не?Баяндауыш дегеніміз қандай мүше?Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?Шығармаларын оқуМысал келтіру. Сөйлем талдауХV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған екен.Қызыл қанымды ағыздым,Қара терімді төктім.Түн ұйықтамадым,Күндіз отырмадым.Тізеліні бүктірдімБастыны еңкейттімТүрік болғаным үшінБұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір - бірден болса, сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы мүмкін.ІІІ. Жаңа сабақБірыңғай мүшелер:Өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен айтылатын.Ортақ бір сұрауға жауап беретін, яғни, бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын көп мүшелерҚазақтың ақын - жазушылары Қазақстанды сай - бұлақ, тау - қыраттарына шейін жырлап өткен, жырлайды да.Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды.Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанаттыМен жастарға сенемін.Қазақстанның әрбір азатының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын.Оқулықпен жұмыс:Қосымша материалдарШарты: Бірыңғай мүшені көрсет.Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын. Барлық өмір, тіршілік - жастан оқуға, білімге талпынып оқығандық. Рақмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Таңертең аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет - журналдармен, қалам қарындаштармен, блокнот - дәптерлермен толтырып кетті.Жаттығулар жұмысы (мұғалім дайындаған бірнеше тапсырманы өз бетінше орындату)Кім тез сөйлем құрай алады:Қызыл, сары, ақ...Кітап, газет, журнал...Қой, сиыр, жылқы..Қобыланды, Алпамыс, Қамбар...Бұл жұмыс...,...,... керек етеді.Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған? Қай мүшенің қызметін атқарады?ІV. Сабақты бекіту:Бірыңғай мүше дегеніміз не?Бірыңғай мүшенің басты белгілерін атаБірыңғай мүшелердің тыныс белгілеріБірыңғай мүшеге мысалБірыңғай мүшелердің сұраулары.V. Үйге тапсырма:§34 Бірыңғай сөйлем мүшелері«Менің Қазақстаным» атты бірыңғай мүшелерді кірістіре отырып шығарма жазу.VІ. Бағалау