Планирование по геогрфии на тему Ана тілі? — ары? б?л


Маңғыстау гуманитарлық колледжі
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары _________ С.Сармалаева
«____» ____________2017ж.
Топ сағаты
Тақырыбы: «Ана тілің – арың бұл»
Топ жетекшісі: Аңсатова А.Т.
Уақыты: 20.02.2017ж.
Ақтау қаласы
Тақырыбы: Ана тілің – арың бұл.
Мақсаты:  1. Студенттерді өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын таныта отырып, студенттің дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді студент бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қанатты сөздер, шарлар, презентация.
Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты ұстаздар, тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
1 – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен ән - жырын бізге жеткізді.
1 - жүргізуші:
...Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл... келесі кезекте ән « Алтын бесік » Орындайтын Бақтығалиева Мөлдір
2 - жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
Ендігі кезекте көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісе кеткеніміз дұрыс болар.
2 - жүргізуші: Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер.
1 - жүргізуші: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
2 - жүргізуші: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.
1 - жүргізуші: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
2 - жүргізуші: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
1 - жүргізуші: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек және славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
Олай болса, құрметті студенттер, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2 – жүргізуші:
Тұла бойға тек құндылық құй деген
Өнер сүйсе мына біздей сүй деген
Алдарыңызда Керім айдай қыздарың
Қазақ биін мың бұралып билеген
Қарсы алыңыздар алдарыңызда Керімай тобы . Қазақ биімен.
1 - жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі,  Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
2-жүргізуші: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып жарияланды. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі”- делінген.
1 - жүргізуші: Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің. Өз халқына жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің дей келе келесі кезекте тіл туралы өлең –жырлар.
Күзенбай Гүлбақыт
«Қазақ тілі» Авторы: М.Жұмабаев
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсендеҚан суынған, жүрек солғын соғады.Қыран құсты қос қанаты қырқылды,Күндей күштi күркiреген ел тынды.Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,Тарап кеткен балаларыңды бауырыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Өтегенқызы Гүлмира
«Үш бақытым» Авторы: М. МақатаевЕң бірінші бақытым - Халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймынҚымбатырақ алтыннан нарқым менің.Ал екінші бақытым - Тілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей-кейде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім.Бақытым бар үшінші - Отан деген,Құдай деген кім десе, Отан дер ем!...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.Түтін түтет,Өс, өрбі, көгере бер,Немерелер көбейсін, шөберелер.Жадыңда ұста,Жақсылық күтпегейсің!От емес, оқ сұрасаң менен егер!Үш бірдей бақытым бар алақанда,(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Әділғалиева Айгерім
«Ана тілім – арың бұл» Авторы: Қ.МырзалиевАна тілің біліп қой,Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!
Бисенбаева Айзада
«Анам тілім»
Нұрбай Айгерім
«Ана тілі»
Қорытынды:
1 - жүргізуші: Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық! Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.
2– жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Хор: Атамекен
Осымен, «Ана тілің – арың бұл» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.