Жеті модульді? бірі диалогтік о?ыту бойынша коучинг жоспары


Коучинг сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы Диалогтік оқытудың оқыту мен оқытудағы маңыздылығы
Жалпы мақсаты Диалогтік оқыту туралы түсінік беру және тәжірибелеріне енгізу жолдарын көрсету. Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыт беру
Оқу нәтижелері 1.Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2.Оқыту әдісі ретінде жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерінің қолданылу тиімділігі жайлы өз түсінігін қалыптастырады.
Түйінді идеялар Диалогтік оқыту, Әңгіменің үш түрі және маңыздылық аймағы, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар.
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл «Үй мен тұрғын» әдісі (1 мин)
Мақсаты: Әріптестер арасында психологиялық жағымды ахуал тудыра отырып ,топтарға бөлу
Күтілетін нәтиже:
1.Бір-біріне сенімділік туады және жағымды атмосфера қалыптасады.
2.коучингке қатысушылар топқа бөлінеді.
Презентация №1 слайд екі адамның сөйлесіп отырған суреті
(графикалық органайзер: «Дара құты» диаграммасы) (10 мин)
Мақсаты: Диалог сөзі мен қарым-қатынас әрекеттестігінің мағынасын анықтау
Күтілетін нәтиже:
диалог, диалогке кімдер түседі, пән аясында қандай диалогтік қатынас болуы мүмкін екендігі жайлы ақпараттарын ортаға салады
Тапсырма:
Постерге «дара құты» диаграммасына диалог, диалогке кімдер түседі, пән аясында қандай диалогтік қатынас болуы мүмкін екендігі жайлы сипаттама беріңіз
Бағалау
Смайликтер арқылы топаралық бағалау жүргізіледі
«Балық қаңқасы» стратегиясы (20 мин)
Видеоролик көрсету №2 слайд .
Теориялық материал (ман бойынша,73 бет материалынан)
Мақсаты: Диалогтық оқыту модулі идеясы мен әңгіме түрлері жайлы түсінік беру. Маңыздылық аймағын ажырату
Күтілетін нәтиже Диалогтық оқыту модулі идеясы мен әңгіме түрлері туралы түсінік қалыптастырады. Маңыздылық аймағын ажыратады
Тапсырма:
1.Теориялық материалды(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бойынша,73 бет материалынан) пайдалана отырып.(№2 слайд) видеороликте көрсетілген әңгіме түрлерін маңыздылығына қарай талдаңыз.
2.Себеп-салдар диаграммасын қолданып мысалдармен дәлелдеңіз.
Бағалау
«Серпілген сауал» әдісі қолданылады
Сергіту сәті (2 мин)
«Ойды бақылау» стратегиясы»
Мақсаты: Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарды саралау
Күтілетін нәтиже Жоғары және төмен дәрежелелі сұрақтарды қолданудың оқытудағы маңыздылығын айқындайды
Тапсырма (20 мин)
1«Серпілген сауал» әдісін қолдануда не байқадыңыздар? Ой бөлісіңіз
2.Ұсынылған теориялық материалмен жұмыс жасаңыз (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бойынша,74 бет)
Нұсқау:
А)теориялық материалдан инсерт әдісі бойынша сұрақ қоя білудің маңыздылығын анықтап, жұпта талқылаңыз.
Б) Бүгінгі материалдар бойынша жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар құраңыз
Кері байланыс .«4 баған» стратегиясы-/ + - қ с /
Мақсаты: коучинг барысы бойынша қорытынды жасау
Күтілетін нәтиже
Коучинг барысында игерілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстар барысында түйгендерін 4 бағанға үйлестіреді.
Сұрақтар төңірегінде жоспарлауға өзгерістер енгізу.
Қосымша оқу 1.«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» бойынша материалдар.
2.А.Әлімов «Интербелсенді әдістер»