П?ні: ?аза? тілі Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем т?рлері


Пәні: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлеріСабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін нығайтып, сөйлем түрлерімен таныстыру. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата білуге үйрету.Дамытушылық: Тілін дамытып, сөздік қорын молайту.Тәрбиелік: Сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Міндеті: 1. Мазмұнына байланысты міндет:Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табу.2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.3. Топтық міндет:Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, болашақта қолданады.Сабақтың түрі: : аралас, саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, еркін жазу, түсіндіру, ойын, кезекпен қайталау.Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, ребус, киіз үй құрылысы, топтық тапсырмалар, суреттер,адасқан сөздер, суреттер топтамасы.Бағалау: Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарайСабақтың құрылымыІ Қызығушылықты ояту1.Оқушыларды 3топқа бөлуШаттық шеңберін құрып, топ оқушылары бір-біріне тілек айтады. ІІ. Жаңа сабақ.
Сөйлем туралы не білеміз? Ой қозғау, топтастыру.(оқушыларға сұрақтар қою , нәтижесінде өздері сөйлем туралы айтып өтеді)1. Сөйлем сөзден құралады, өзара байланыста болады.2. Сөйлем бас әріппен басталады.3. Белгілі тиянақты ойды білдіреді4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай 3 - ке бөлінеді.5. Хабарлы сөйлем6. Лепті сөйлем7. Сұраулы сөйлем8. Жалаң сөйлем9. Жайылма сөйлем.Сөйлем↓Хабарлы;Сұраулы;Лепті;Сөйлем сөзден құралады өзара байланыста болады;Бас әріппен басталады;Белгілі тиянақты ойды білдіреді;Жайылма;Жалаң.Олай болса, сөйлем туралы білімдерімізді тереңдете түсу мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.Кітаппен жұмыс1-жаттығу.1. Білім, кітап, бұлақ2. Кітап - білім бұлағыТапсырма: Қайсысы сөйлем? Неліктен?«Сөз – монша» құрастыруСендерге көмектеседі кітап болуға білімді.*Шығармашылық жұмысБілімді неден аламыз?КітаптанБілімді қайдан аламыз?МектептенАлғашқы рет мектепті ашқан ағартушы, ақын, ұстаз кім?-Ы. АлтынсаринЕркін жазу стратегиясыІ топ. Суретке қарап хабарлы сөйлем құраІІ топ. Суретке қарап сұраулы сөйлем құраІІІ топ. Суретке қарап лепті сөйлем құра*Жатқа жазуАстанаАрдақтайтын АстанамМәртебелі бас қалам.Көркейе бер күн сайын,Алға қарай бас қадам!*Деңгейлік тапсырмаI деңгей:• Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтаII деңгей• Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндірIII деңгей• Өзің бір сөйлем ойлап жаз (хабарлы, сұраулы, лепті)III Ой толғаныс“Жылдам құрастыр” ойыны Сөздер беріледі, соларды қатыстырып сөйлем ойлап, тыныс белгісін қояды.Асық, наурыз, кебеже, Хан шатыр, бәйтерек , Туған жер.
Сабақты бекіту:
Сұрақ –жауап. Оқушылар жауабы:
1-оқушы
СөйлемАйтылу мақсатына қарай:Хабарлы сөйлемЛепті сөйлемСұраулы сөйлем2-оқушы
СөйлемАяқталған ойды білдіредіЖазылуына қарайСөйлем сөздерден құраладыБірінші сөзі бас әріппен жазыладыБірінші сөзі бас әріппен жазыладыСөздер бір-бірінен бөлек жазылады3-оқушы
Толықтыру сынамасы:1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.2.Сөйлем сөздерден құралады.3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойыладыНүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.IV Үйге тапсырма беру: 6-жаттығу, сөздік, ереже жаттау.V Бағалау