?аза? тілі Жай ж?не ??рмалас с?йлем


Сабақтың тақырыбы:Жай және құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығын , жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасауды және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыруды үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, аралас сабақ.
Сабақтың типі: білімді пысықтау, қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану пәндері
Сабақтың әдіс- тәсілдері: СТО әдістері: Топтастыру стратегиясы,Венн диаграммасы, сұрақ-жауап,талдау әдістері.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,электронды оқулық, слайд-суреттер мен сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық: Релаксация. Музыка ырғағының астында дем алу. Өзімізге ыңғайлы етіп, дұрыс отырып, көзімізді жұмып, денені бос ұстау. (елестету)
Көктемнің жайма шуақ бір күні, сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақ, түрлі – түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сенің бір ағаштың басында отырған бармақтай құсқа көзің түсті. Оны шошытып алмайын деп ағаштың түбіне жақындап келіп, әлгі құстың даусын тыңдадың. (Құстың даусын қосу) Ол – бұлбұл екен. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың. (Шапалақ соғу, көзді ашу)

ІІ. Өткенді қайталап, үй жұмысын тексеру:
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
I-топ –Жай сөйлемIII-топ-Жалаң сөйлем
II-топ-Құрмалас сөйлем IV-топ-Жайылма сөйлем
«Ыстық орындық»
-Сөйлем айтылуына қарай неше түрге бөлінеді?
-Сөйлем айтылуына қарай үшке бөлінеді:хабарлы сөйлем,сұраулы сөйлем.лепті сөйлем.
-Мысал келтір.
-Жалаң және жайылма сөйлем.
-Мысал келтір.
-Жай және құрмалас сөйлем.
-Мысал келтір.
-Құрмалас сөйлемді тілімізде не үшін қолданамыз?
-Күрделі ойды білдіру үшін көбіне құрмалас сөйлем қолданылады.Ал жай сөйлем қанша жайылма болғанымен,күрделі ойды жеткізе айтып,ұғымды етіп беруге жарай бермейді.
-Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
- Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына жазуда көбінесе үтір қойылады.
III*Топтастыру стратегиясы арқылы төмендегі сөйлемдерді сұрақ қоя отырып,мына екі киіз үйге орналастырыңдар:
Сөйлемдер:
Айжан кітапты көп оқиды.Бұлбұл сайрады.Қанат шахтада жұмыс істейді,оны жұрт құрметтейді.Бір топ бала іске жұмыла кірісіп,коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты.Дәу қара құс көрінді.Лезде аспанды бұлт торлап,жаңбыр құйып кетті.
190500012446000434022512446000


Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІV.Жаңа сабақ:
Енді оқушылар,электронды оқулыққа қарайық.Жаңа тақырып туралы толық мағлұмат беріледі.
Ережемен жұмыс
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.Оның құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып,үтірмен ажыратылған.
Жай сөйлемҚұрмалас сөйлем Құрмаласу тәсілі
Жаңбыр жауды.Жер көгерді.Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.Баяндауыштың тиянықты формасы.
Күн шықты.Мал өріске кетті.Күн шыққан соң, мал өріске кетті.Шылау арқылы.
Бет қаратпайтын боран болды.Қапан қалаға бармады.Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бармады.Қосымшалар арқылы.

Көркем жазу сәтін өткізу:
Оқулықпен жұмыс:
37-жаттығу: Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.
Біздің сынып шәкірттері тәртіпті,білімді болса ұстаз қуанады туған жерге туың тік туған жердей жер болмас туған елдей ел болмас мен өз елімді сүйемін бірлік болмай тірлік болмайды.
38-жаттығу: I- топ
39-жаттығу: II-топ40-жаттығу: III-топ41-жаттығу: IV-топ
Әр топ жаттығуды орындап,бір-біріне толық талдап түсіндіреді.
Сергіту сәті:
«Көңілді күн»
Топтық жұмыс.
I- топ –Семантикалық картамен жұмыс
II-топ-Венн диаграммасы
III-топ-Эссе жазу
IV-топ-«Ыстық орындық
Семантикалық карта
Сөйлемдер ---------- Жай сөйлем -------- Құрмалас сөйлем
Сабақты бекіту:
Венн диаграммасы арқылы сан есім жайлы оқушылардың білімдерін жинақтап бекіту
220662522225000106489522225000343662022225000 Жай сөйлем Құрмалас сөйлем

Оқушылар « Бағдаршамның түстері» арқылы мұғаліммен кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма беру:
43-жаттығу 71 бет
Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық. Сан есімнен алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық.

Оқушыларды мадақтау,смайликтер арқылы бағалау.