Открытый урок по казахскому языку на тему « Лепті с?йлем »


Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем. 185-189-жаттығу.Жалпы мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.Сілтеме: Қазақ тілі 2-сынып Г. Уайысова, Р. Әміров «Атамұра» 2013 , электронды оқулық Күтілетін нәтиже Сыни тұрғыда ойлана алады, лепті сөйлем түрлерін ажырата алады.Негізгі идеялар: Лепті сөйлем құрайды , түрлерін ажыратады.Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта,слайдтар,маркер,стикер,суреттер, бейнетаспа, электронды оқулық.Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Жаңа оқыту әдістері, диалог, СТО, АКТ, формативті бағалау.Жұмыс түрлері: Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмысСабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіПсихологиялықдайындық «Ақ тілек » жаттығуы Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!Елімізге: Ашық аспан, молшылық!Оқушыларды топқа бөлу «Әртүрлі конфеттер тарату арқылы топқа бөледі. Таңдаған конфеттер бойынша топқа бөлініп отырадыҮй тапсырмасын сұрау Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде сұрақтар беру.1. Сөйлем дегеніміз не?2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отырадыОй қозғау Бейбітшілік жасасын!Көйлегім қандай әдемі!Отан сүйер ұлан бол!Жүйрік тұлпарым болса ғой! Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.1. Әр сөйлем қалай оқылды?2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?І. БілуОйын «Сәйкестендіру» Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!.ІІ.Түсіну -Бүлдірген тереміз балақай-Алақай!Қандай көңіл - күймен оқыдым? Қандай тыныс белгісін қойдым? Ендеше, бұл – сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті сөйлем деп аталады. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейді. Лепті сөйлемнің соңына леп (!) белгісі қойылады.Ережелерді жаттайды.ІІІ. Қолдану186-жаттығуХабарлы сөйлемдерді сұраулы ,лепті сөйлемге айналдырып жазады..Сергіту сәті Оқушыларды сергітіп алу мақсатында әуен ойнатылады Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады, ребус шешеді.ІҮ. ТалдауТоптарға тапсырма береді.Бағдаршаммен бағалатады. 187-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерден сөйлем құрады.Ү.ЖинақтауЖұптарға тапсырма береді.Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығые дәлелдейді..Мысалдар келтіреді.ҮІ.БағалауКритерий бойынша топ басшыларының бағалау парақтары арқылы бағалайды. Оқушылар бағалау парақтары арқылы өздерін жұпта бағалайды.Үй тапсырма-сын беру 189-жаттығуды орындау, ережені жаттауға тапсырма береді. 189-жаттығуды орындайды, ережені жаттайды.VII. Рефлексия Рефлексия парақтары таратылады. Смайликтер арқылы Смайликтер арқылы өз пікірлерін білдіреді. Бұйрықты сөйлем
Күні:Сыныбы:8А,ӘПәні: қазақ тіліТақырыбы: Бұйрықты сөйлемСАБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Бұйрықты сөйлем туралы біледі, қосымша ақпараттар алады, сөйлемнің түрлері бөлімінен алған білімдерін тиянақтайды.САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:А)Сынып мүшелері өздерінше ойланады;Ә)Оқушыларға қолайлы орта жасалады;СТО-ҒА БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕР:А)Сынып топ болып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады;Ә)Өзінің жауапкершілік, білім алу үшін ізденімдік қабілеттерін арттырады;КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:Түрлі-әдісдер арқылы бұйрықты сөйлемнен алған білімін тереңірек қалыптастыру;Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың типі: Білім-білікті қалыптастыруСабақтың әдісі: Блум таксономиясыСабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, өзін-өзі тануСабақтың технологиясы:СТОСабақтың көрнекілігі: плакаттар, интер белсенді тақта.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі- Сәлемдесу;- Сыныпты үш топқа бөлу;- Оқу-құралдарын тексеру;- Назарын сабаққа аудару; ІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. жаттығу жұмысы тексеріледі2. Тест тапсырмасы орындаладыЖауап:1-Е ; 2-Е; 3-А; 4-А; 5-С; 6-А ; 7-В; 8-А; 9-В; 10-А Бағалау критериі: 1-3/2; 1-5/3; 1-8/4; 1-10/5;ІІІ. Қызығушылығын ояту Бұйыра сөйлеудің пайдасы мен зияны бар ма?Пайдасы Зияны Сөзіңді өткізе аласың.Өзіңді күштірек сезінесің Адамның көңілін қалдырасың.Өтініп сұрау арқылы да тіл табысуға болады.ІҮ. Мағынаны тануБлум таксономиясы 1 Білу Жигсо-2 (әр топ өз бөлімін оқып, түсінік айтады)І топ Бұйрықты сөйлем туралыІІ топ Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолыІІІ топ Бұйрықты сөйлемнің сызбасы 2 Түсіну Шығармашылық тапсырмалар.І топ Мына сөйлемді сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.Асан Қайғы желмая мініп желдіріп, әр жерге сын айтқан екен.ІІ топ Сызбаны сөйлетІІІ топ Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаИран мен Тұран жеңісе алмай, бір-біріне қарсы тұрған заман екен. Олар кіммен соғысып жүр екен? Талай қыз мен сияқты сорлады ғой!3 Қолдану Жаттығу жұмыстарыІ топ 28-жаттығу (бұйрықты сөйлемді тауып, жасалу жолын, сызбасын көрсет)ІІ топ 30-жаттығу ( құрмалас сөйлемдердің әрқайсысын бұйрықты жай сөйлемге айналдырыңдар)ІІІ топ 32-жаттығу (бұйрықты сөйлемді тауып, мағынасын түсіндіріңдер) 4 Талдау "Қарғыс” сөзін қалай түсінесіңдер? "Құдайым қарғыстан сақтасын!” тақырыбында ой толғаңдар. 5 Жинақтау Топта өзін-өзі талдау (берілген сауалнама арқылы топ белсенділігін анықтау) 6 Баға беру Топ мүшелерінің өзара бір-біріне баға беріп, пікір алмасуы. Ү. Бекіту "Кері әсер парағы”1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?2. Сабақтан алған әсерің?3. Қояр сұрағың бар ма? ҮІ. Үй тапсырмасыАдамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау. ҮІІ. БағалауБағалау парағын жинап, қорытынды бағасын қою.Бағалау парағыР/с Оқушының аты-жөні Топ басшының бағасы Мұғалімнің қорытынды бағасы
Күні:                                                      сыныбы: 8 «А»
Тақырыбы Лепті сөйлем
Жалпы мақсат Лепті сөйлемнің жұмсалу мақсатын, интонациялықерекшеліктерін  ұғындыру. Өз ойын ашық, еркін  жеткізе білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Лепті  сөйлемнің түрлі көңіл-күйді  білдіру мақсатында қолданылатынын, интонациялық ерекшеліктерін түсінетін болады, ойларын ашық, еркін жеткізе алатын болады.
Негізгі идеялар Лепті сөйлемнің жасалу жолдары мен интонациялық ерекшеліктері
Тапсырмалар Жеке, жұптық,топтық тапсырмалар
Сабақтың әдіс – тәсілдері «Ой қозғау», «» әдісі
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
 
Ұйымдастыру кезеңі
 
 
 
 
 
 
Үй тапсырмасын сұрау
 
 
    Тұсаукесер 
Зымыран сұрақтар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа сабақ
 
 
 
 
 
Жеке  жұмыс 
 
Жұптық жұмыс
 
Топтық жұмыс
 
 
 
Топтық жұмысты қорғау 
Бағалау.
 
 
 
 
  Топтық  жұмыс
Жаттығу орындау
Сабақты бекіту
 
Кері байланыс
 
  2 мин
 
 
 
 
 
 
3 мин
 
 
 
 
2 мин
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 мин
 
 
 
 
 
2 мин
 
3 мин
 
5 мин
 
 
 
 
 
4 мин 
 
 
3 мин
 
 
 
 
4 мин
 
 
 
12 мин
 
 
 
 
 
 
2 мин
 
 
 
 
  Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Топқа бөлу.
Санау арқылы 4 топқа бөлу.1/2/3/4/5
 
Үй тапсырмасын топтық тексеру арқылы жүргіземін.  
 
 
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Қалай жасалады?
3.хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. сұраулы сөйлемдер
Олардың интонациялық ерекшеліктері?
Қалай жасалады?
 
Лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнің айырмашылығы қандай?
Осы сұрақтың жауабын қазір өзіміз талқылаймыз, талдаймыз.
Оқулықпен жұмыс жасау.
Тақырыпты ашуға ғаламтор көздерін пайдалануға болатынын ескертемін.
Тақырыпты жеке оқу
Тақырып  бойынша  оқушыларға  жұптық  жұмыс  жүргізу керектігін ескертемін.
Топ бойынша әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып, постер жасау керек.
Постерлер 4 топқа ауысып беріледі. Соңында топ жұмыстарын қорғайды.
Әр топ жұмыстарын қорғайды.
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы жүргізіледі.
 
1-3-топ  24-аттығу
2-4-топ 25-жаттығу
 
 
 Күрделі тапсырмалар
Сұрақ Ия/жоқ Себебі
 
 
     
 
 
Кері байланыс диалог әдісі арқылы жүргіземін.
1.Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
2.Бұл мен үшін неге қиын болды?
3.Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?   Сынып оқушылары таратылған парақшалардағы мысалдар бойынша топқа бөлінеді
Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады.1.бақылаушы2.баяндамашы
3.уақыт сақшысы4.хатшы
5.төраға
Әр топ бір-бірінің тапсырмасын тексеріп, дискрипторлар  арқылы бағалайды
 
 
 
Оқушылар өз ойларын айтады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылар жеке жұмыс жасайды. 
 
Оқушылар 2 – 3 –тен жұптасып жұмыс жасайды.
 
 
 
Оқушылар топ бойынша жұмыстар жасайды және  постер қорғайды.
 
Топтар  бір – бірін бағалау алдында мұғаліммен бірлесе отырып, бағалау критерийін айқындап алуы керек.
Топтар бір – бірін «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағалайды. 
 
 
 Дискрипторлар арқылы бағаланады.
 
 
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. 
 
 
 
 
 
Оқушылар  сұрақтарға жауап беріп қорытындылайды.
 
 
 
 
 
     Бағалау
Үйге тапсырма
   
2 мин    
Кейінгі оқу: лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері
Құзырлы  тапсырмалар                           Оқушының аты – жөні:_____________________________________
№ Сұрақтар Ия/жоқ Себебі
1 «Бәрекелді, балам, жарайсың!» бұл сөйлем лепті сөйлем бола ала ма?    
2 Лепті сөйлемдер жауап беруді тілей ме?    
3 Лепті сөйлемдер тек интонация арқылы ғана жасалады ма?    
 
СӨЗ БЕН МАҒЫНА
ADMIN · ФЕВ 2ND, 2014 · 1 COMMENTАқтөбе облысыӘйтеке би ауданыҚарабұтақ орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғаліМырзағалиева ГүлданаСабақтың тақырыбы: Сөз бен мағынаСабақтың мақсаты:а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру;ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесуПәнаралық байланыс: әдебиетКөрнекіліктер: кеспе қағаздарСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіА) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеуӘ) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамытуІІ. Үй тапсырмасын сұрауОқулықтың 15-бетіндегі сынақ тапсырмасының орындалуын тексеруІІІ. Жаңа сабақА) Психологиялық дайындықҚазақ тілім – өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сеніБолашағым, бақытым, дара тілім.(Ж. Молдағалиев)Ә) Мағынаны тануЛексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.
Сөздерді  өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.–              Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?–              Мағына–              Мағына – сөздің ішкі мазмұны–              Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?–              Жоқ–              Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.
Сөз
Атауыш сөз                                        Көмекші сөз                                       Одағай сөз
Ұлт                                                       туралы                                                алақайАтамекен                                            үшін                                                      пай-пайКең                                                       қарай                                                   паһБ) Оқулықпен жұмыс29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.30-жаттығу. Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар. Жазған сөздеріңнің мағынасын ауызша айтыңдар. Осындағы кейбір дыбыс тіркестерін неліктен сөз деп атауға болмайды? Осы мысалдарға қарап, сөз болу үшін оның қандай белгілері болуы керек деген сұраққа жауап беріңдер.В) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс1-тапсырма: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құраңдар.Тірек сөздер: Қазақстан, болашақ ұрпақ, ел тізгіні, әлемдік көзқарас, қазақ халқы, тіл мәртебесі.2-тапсырма: Сөйлемдегі асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні.3-тапсырма: «Менің арманы» тақырыбына шағын әңгіме құраңдар.ІҮ. Сабақты бекіту.–              Сөз деген не?–              Сөздің мағынасы деген не?–              Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?–              Сөз мағынасының қандай түрлері бар?–              Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.Ү. Үйге тапсырма.Абайдың 31-қарасөзін оқу.
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасыСабақтың мақсаты:1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;2. Сөздік қорын молайту;3. Зейінділікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын тексеру.5 - жаттығу● Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.● Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы1. Көркем жазуЖақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.2. Бұл қандай сөздер?• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)3. Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығуСөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.2 - жаттығу Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.қатты -...... жүру -..........таяз -.......... кию -............жылы -........ кіру -...........кең -.......... сөйлеу -.........● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;● тасымалданбайтын сөзді табу.IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыныЖжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.• Досым допты домалатты.• Суық сумен сүртіндім.V. Өзіндік жұмыс 5 - жаттығу● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.Сөйлемдер мынадай болуы мүмкінШаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.VI. Жұмбақ шешу● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.Жақыннан әкеп хабарды.Ренжітер барлық адамды.Алыстан әкеп хабарды,Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)Жеңілдікпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар.Қиындықпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)● Бес жолды өлең құрастыру1. Пияз2. Ащы, пайдалы.3. Аршылады, ашытады, өседі.4. Жуа5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.• Жақсы, жаман - синоним сөздер○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.Бетегеден биік, жусаннан аласа.Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.Көз қорқақ, қол батыр.Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтарЖақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.VII. Үйге тапсырма3 - жаттығу Берілген қарама - қарсы мағыналы сөздерді топтап жазуЗат есім:Сын есім:Етістік:Айту - тыңдау, ақ - қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз - қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу, ащы – тәтті. Бірін – бірі бағалау парақшасы
Оқушының аты — жөні Қыс мезгілі туралы түсінігі Берілген жұмыстарға қатынасы Топпен жұмыс жасауы Оқулықпен жұмыс жасау Бағасы
 
 
   
Бірін – бірі бағалау парақшасы
Оқушының аты — жөні Қыс мезгілі туралы түсінігі Берілген жұмыстарға қатынасы Топпен жұмыс жасауы Оқулықпен жұмыс жасау Бағасы
 
 
   
Бірін – бірі бағалау парақшасы
Оқушының аты — жөні Қыс мезгілі туралы түсінігі Берілген жұмыстарға қатынасы Топпен жұмыс жасауы Оқулықпен жұмыс жасау Бағасы
 
 
  Тәрбие басы – тіл (Махмұд Қашқари)
Тіліңді тый – тісің сынбайды (Ахмет Игүнеки)
Басқа пәле – тілден (Жиренше)
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас (Бәйдібек Қарашаұлы)
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас (Төле би)
Тіл – өткір найза (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ (Базар Оңдасұлы)
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды (Абай)
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)
Тілден – зікір, көңілден – пікір (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
1.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.Ж.Баласағұн.***********2.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.Сенека.***********3.Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.Т.Фуллер.***********4.Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.А.П.Чехов.************5. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»Альберт Эйнштейн****************6."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".Шоқан Уәлиханов.***************7.Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. А.С. Макаренко *************8.«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"К.Д.Ушинский*************9.Құт берекең- атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат.Асқар тауың- әкең қымбат. Қазыбек би*************10.Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.*************11.Ұстаз – анаңдай ұлы.**************12.Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.**************13.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.*************14.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.************15.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз. **************16.Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .Жүсіпбек Аймауытұлы***********17.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.Қадыр Мырза Әлі*************18…Ал екінші бақытым – тілім меніңТас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей-кейде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім…Мұқағали Мақатаев****************19.Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!Ғабиден Мұстафин****************20.Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.Ғабит Мүсірепов***************21.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.Мұхтар Әуезов****************22.Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… Жүсіпбек Аймауытов****************23.Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.Халел Досмұхамедұлы***************24.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.Ғабит Мүсірепов*************25.Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.Мұхтар Әуезов*************26.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.Мұхтар Әуезов**************27.Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.Жалау Мыңбаев************28. «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»С. Аманжолов************29. “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”Мұхтар Әуезов************30.Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев***********31.Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.Тоқсары***********32.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.*************33.Жұмысы жоқтық,Тамағы тоқтық,Аздырар адам баласын.Абай*************34.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.************35.Ақылмен ойлап білген сөз,Бойына жұқпас, сырғанар.Ынталы жүрек сезген сөз,Бар тамырды қуалар.Абай*************36.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.Өзің білмесең, білгендерден үйрен,Үйренгеннен ештеңең кетпейді.Төле би***********37.Ел бастау қиын емес,Қонатын жерден көл табылады.Қол бастау қиын емес,Шабатын жерден ел табылады.Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.Бұқар жыра************38.Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.Жүсіпбек Аймауытұлы**************39.Кісінің көркі - жүз,Жүздің көркі - көз,Ойдың көркі - тіл,Тілдің көркі - сөз.****************40.“ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.Құр жасы елулерге келсе-дағы,Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-*************41.Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден. Қабуснамадан*******************42.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.Халел Досмұхаммедұлы***************43.Көрінеді тілден түйсік, білім де,Біле білсек жарылқаушы – тілінде.***************44.Білімсіздер тіліне берік болсын,Білімдінің тіліне ерік болсын.*******************45.Адамға екі нәрсе тірек тегі:Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.**************46. Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.*****************47.Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.Жүсіп Баласағұн**************48.Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.Махмұд Қашқари**************49.Әдеп басы — тіл.*************50.Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.Ахмет Йүгінеки*************51.Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.Ыбырай Алтынсарин*************52.Ақылмен ойлап білген сөзБойыңа жұқпай сырғанар.Ынталы жүрек сезген сөзБар тамырды қуалар.**************53.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.***********53.Шешеннің тіліШебердің бізі.Абай Құнанбайұлы************54.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.Ахмет Байтұрсынұлы*************55.Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.“Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз”Ахмет Байтұрсынұлы*****************56.Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ахмет Байтұрсынұлы***************57.Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын.Ахмет Байтұрсынұлы**************58.Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.Ахмет Байтұрсынұлы******************59.Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.Ахмет Байтұрсынұлы*************60.Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.**************61.“Біздің тәжірибемізде қазақ тілі — бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек”.**************62.Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Халел Досмұхаммедұлы***************63.Сүйемін туған тілді — анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!Шыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнін.Сұлтанмахмұт Торайғыров***************64.Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.Сұлтанмахмұт Торайғыров************65.“Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”.Міржақып Дулатов*************66.“Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы*************67.“Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік”.************68.Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.Мағжан Жұмабаев *************69.“Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”.Жүсіпбек Аймауытов************70.Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…Сәкен Сейфуллин*************71.“Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деу де болады, себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса, рухани-ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Тегінде, қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үшін әдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт. нна тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел “азған” ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес”.*************72.Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.************73. Қазақша жазу — қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес.************74….Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.************75.Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болады.Мұхтар Әуезов************76.Әркімнің туған тілі – туған шеше,Оған бала міндетті сан мың есе.Сәбит Мұқанов************77.Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені.Сәбит Мұқанов************78.Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.79.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.************80.…Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл…Бауыржан Момышұлы***************81.Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.Бауыржан Момышұлы***************82.Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.Бауыржан Момышұлы***************83.Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.Бауыржан Момышұлы***************84.Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге белгісі.Бауыржан Момышұлы***************85.Ана тілін ананың баласындай сүй.86.Тіл өлгенді де тірілтеді.87.Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы бір іс артық.88.Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе.89.Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.Ғабиден Мұстафин**************90.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді…Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.91.Ана тілі дегеніміз – баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.92.“Әдебиет тілі бір халықтың тіл байлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге, сол халықтың елдік дәрежесін, ой-кемерін сезіну тереңдігі мен таяздылығын да көрсетіп тұрады. Ең ақыры — ана тілін білмеген ақын, жазушы ел-жұртының ескілі-жаңалы тіршілігімен ажырасқанын да көрсетеді”.93.Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса да солай қорлай беруге ұялмайды.94.Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.95.Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдереді.сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін де бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады.Ғабит Мүсірепов******************96.Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.Қабдеш Жұмаділов********************97.Қазіргі қазақ тілі — небір керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулы сезім-тебіреністерін де емін-еркін әсерлі жеткізетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, “толқынын жүрегінің хаттай танытар” ғажап тілдердің бірі. Бұған барша қазақ баласы мақтана алады.**************98.Ана тіліАнаның құнар сүті ғой,Ғұмыр бойы сен еметін.Ана тіліХалқыңның ырыс-құты ғой,Игілігіңе кенелетін.Мұзафар Әлімбаев******************99.Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік. Әбіш Кекілбаев*****************100.Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.Шыңғыс Айтматов********************101.Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң не бір алуан – шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте, тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне! … Осындай майса сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.Нұртас Оңдасынов*******************102.Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.Шерхан Мұртаза******************103.Мемлекеттік тілде ғылым дамымай, мемлекеттік тіл де дамымайды.104.Тілді аудармамен дамыта алмаймыз.105.Тіл – халықтың басты белгісі. Мемлекеттік тіл – тек мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, ұлттардың, мемлекеттердің бірегей негізі.Бәріміз де мойындауға тиіс бір шындық бар: Жалпы адам баласы, жеке ұлттар мен ұлыстар жер бетінде қанша жасамасын, оның тілсіз көрген күні – тұл.Әбдуәли Қайдар******************** 106.Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!107.Тілден артық қазына жоқТілден артық қасиет жоқ.108.Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.109.Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.110.Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.Нұрсұлтан Назарбаев**********************111.Алтынды басқаларға қаздырып алармыз, бірақ қазақ тілін басқалар арқылы дамыта алмаймыз. Қазақ тілін тек қазақ халқының өзі ғана мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізе алады. ****************112.Ұлттық тіліміздің – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге барлық қазақ ортақ күш салуға тиіспіз деп ойлаймыз.Нәбижан Мұқамедханұлы*****************113.Қазақ тілі жайында жылаңқы 40 мақала жазғанша, 40 адамды қазақ тіліне үйретіп шығарғанымыз артық.Алтынбек Сәрсенбаев***********114.Тілің үшін жаныңды аяма, құлыным. Тіл халықтың жаны. Тілсіз халық, халық болудан қалады. Тіліңді қорға!108-жастағы Божай ана************115.Ана тілі дегеніміз – күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.Бақытжан Хасанов************116.Тәуелсіз еліміз бар, байырғы жеріміз бар, баянды атамекеніміз бар, қайырлы дініміз бар, зайырлы діліміз бар, бай тіліміз бар, осынау шалқар даламыз бар, Бас иер Президентіміз бар. Сондықтан мығым Ел боламыз деген Құдайдан үмітіміз бар.Болашақ үшін тілімізді қайткенде де сақтауымыз тиіс.Өмірзақ Айтбайұлы*************117.Бүгінгі таңдағы ана тіліміз үшін күрес екі майданда жүргізілуі керек, бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қызмет аясын кеңейту, оны әсіресе кеңсе-іс қағаздарының да, ғылымның да, заң-сот істерінің де тіліне айналдыру болса, екіншісі одан кем түспейтін, тіл мәдениетін көтеру, тілімізді тек дұрыс қана емес, әсерлі, әдемі етіп жұмсау үшін күрес болуға тиіс.Рабиға Сыздық***********118.Тіл игеру тың игеруден де қиын.Қонысбай Әбіл**********119.Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.Ахмет Жұбанов***********120.Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тілӘбіш Кекілбай**********121.Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақтаӘлихан Бөкейхан***********122. Біздің қазақ бауырларымыз аталы сөзді өте түсінетін, өте зерек халық.Сайфи Құдаш************123. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламызҒұмар Қараш*************124.Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тіліМәшһүр Жүсіп Көпейұлы************125.Қасиетін сезем деп ана тілдің,Қауырсыны қалмады қанатымныңМұқағали Мақатаев***********126.Тіл – діліміздің діңгегі, салт-дәстүріміздің қайнар бұлағы.Амангелді Ермегияев**********127.Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.Әлішер Науай************128.Баланың тәртіпсіздігі үшін әкені аяусыз жазалау керек.Феликс Дзержинский***********129.Нәтижелі тәрбиенің сыры мұғалімге болған құрметте.Р.Эмерсон************130.Перзенттер аналарды бриллианттан да артық безейді.Самуэль Батлер************131.Бала еш нәрсеге қызықпаса, еш нәрсені үйрене алмайды.************132.Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болуың керек. С.А.Макаренко************133.Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.М.Горкий*************134.Мектеп ақылыңа,ақыл қосадымұғалім келешектің,жолын сызады.**********135.Бала-дүниеге әкелгендікі емес,тәрбиелегендікі.Халық мақалы************136.Ақылы қысқаның тілі ұзын.Аристофан************137.Қалай болса солай сөйлейтін адам, қалай болса солай ойлайтын адам.************138.Ешбір ата-ана өз перзентіне мінез-құлқынан артық мұра қалдырмайды.(Мың бір хадис)************139.Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,Қайтарар жауабың да қысқа болсын.Ж.Баласағұн.*************140.Өзі білмей, білгеннің тілін алған ғалым,Өзі білмей білгеннің тілін алмаған, өзіне залым.З.М.Бабыр.************141.Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.К.Г.Паустовский.*************142.Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты кәрілік,қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз.С.А.Макаренко*************143.Білім көп өмір аз, Керегіңді тасқа жаз*************144.Халық үшін наннан соң ең маңыздысы-мектепУ.Дантон************145.Білім және атамұраны жақсы тәрбие менен безеу керекАбу Насыр Фарабий************146.Баланы тәрбиелеуге күші жетпеген адам ғана оның үстінен арыз етеді.*************147.Ақ жолында кім үйретсе бір әріп Болмас оның қызметін қайтарыпӘлішер Науай.************148.«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»Ы. Алтынсарин************149.«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады»*************150.«Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққаннан кейін оннан да көбірек оқу керек»Д.И.Писарев************151.Білімнен жақсырақ қазына болмас,Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.А.Рудакий************152.Мектеп құшағында білімге талпын,Ертең азамат – деп ардақтар халқың.**************153.Сен оқытқан әріптер,Дүние сырын дәріптер.************154.Мұғалімнің сөзі – тәрбиенің құралы*************155.Баланы тәрбиелеу - қоғам басқаруынан да ауыр.************ 156.Ұстаз – әр бір оқушыға ақыл-кеңес айтатын, бақыт жолын көрсететін, жақсылыққа жол сілтеуші, жанашыр адамның бірі. **************157.Сақтар болсаң халқыңды,тілді сақта.Баға жетпес мұра жоқ,тілден басқа. Әбу Сәрсенбаев.*************158.Шешендіктен не пайда,Артында сөзі қалмаса?Батырлықтан не пайда,Халқына қайран қылмаса?Хандықтан не пайда,Қарашасын жалмаса?Молдалықтан не пайда,Шариғатты өзгертіп,Нашарларды алдаса?ТӨЛЕ БИ*************159.Тұлпардан тұлпар туады,Сұңқардан сұңқар туады,Асылдан асыл туады,Жалқаудан масыл туады,Масылдан малықпас туады,Тілазардан қалжақпас туады,Таздан жарғақпас туады,Сараңнан бермес туады,Соқырдан көрмес туады,Мылжыңнан езбе туады,Қыдырмадан кезбе туады.МАЙҚЫ БИ**************160.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.Өзің білмесең, білгендерден үйрен,Үйренгеннен ештеңең кетпейді.*************161.Азға-азды қоса берсең аз-аздан,Ол аз кейін көп болады орасан.Грек мақалы1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.