Алгебрадан 11 сынып?а арнал?ан саба? жоспары «?иы? конус ж?не оны? бетіні? ауданы»


Геометрия 11 сынып Сабақ №_35__ Мерзімі:_________
Пән мұғалімі: Байжанова Бибісара Жолдасбекқызы
Сабақтың тақырыбы Қиық конус және оның бетінің ауданы;
Оқып-
үйренудің негізгі
мақсаттары Қиық конус және кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласымен таныстыру және формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
Оқып-
үйренудің нәтижесі Геометриялық денелер туралы түсініктері кеңейеді, олардың практикалық маңызын, ғылым мен техникадағы рөлін бағалау арқылы тақырыпты оқып-үйрену мен терең зерттеуге оң мотивация қалыптасады.
Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер Салыстыру – талдау, өз бетінше зерттеушілік жұмыс, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау;
Түйінді идея «Бізді қоршаған орта- ол толығымен геометрия»
А.Д. Александров
Ресурстар (дереккөздер) Шыныбеков. Геометрия оқулығы 11 сынып
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. 
"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009
http://www.ega-math.narod.ru/Quant/Beklamov.htmСабақтың типі Жаңа білім игеру сабағы
Сабақтың түрі Танымдық- зерттеу сабағы
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру
кезеңі А) сыныптың назарын сабаққа аудару «менің көңіл-күйім»
Б) сабақ мақсатын қою, оқыту тәсілдерін талдау
ІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру І Ауызша теориялық білім тексеру:
Дөңгелек конус, конустың төбесі, конустың жасаушысы, конустың табаны, конус бүйір беті деген не?
Конустың биіктігі, конустың осі, конус осьтік қимасы деген не?
Тік конус деп қандай конусты айтады?
Конустың бүйір бетінің ауданы, конустың толық бетінің ауданы
Конусқа іштей сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?
Конусқа жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды?
Конусқа сырттай сызылған пирамида деп қандай пирамиданы атайды?
ІІ. Жазбаша үй тапсырмалары бойынша талдау
ІІІ.Жаңа білім игеру
А) теориялық бөлімі
Практикалық бөлімі – сызбалар мен олардың жазбасын сауатты орындау Конустың табанына параллель және оны қиып өтетін жазықтық одан кіші конус қиып түсіреді. Қалған бөлігі қиық конус деп аталады.

Радиустары R1, R2 және жасаушысы болатын қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы:
S=( R1+ R2)
Қиық конустың жазбасы- дөңгелек сақинаның бөлігі

Қиық конус айналадағы өмірде:


Қиық конус архитектурада

Тапсырма:
Конус салып, одан қима жазықтық арқылы қиық конус сал.
ІV.Жаңа білім бекіту
№ 205-207 оқулықтан шығару
Қосымша есептер:
№1 Қиық конус пішіндес шелектің табандарының диаметрлері 36 см және 20 см, ал жасаушысы 17 см. Егер 1 м² бетті сырлау үшін 200 г бояу жұмсалса, шелектің іші-сыртын сырлауға қанша бояу қажет болады?
№2
Сурет бойынша есеп шартын жазып, қонустың толық бетінің ауданын тап.

3) Тесттер жинағы бойынше есептер шығару:
1. Конустың биіктігі табанының радиусына тең. Конустың көлемі . Конустың жасаушысын табыңыз.
A) 3 см. B) см. C) 9 см. D) см. Е) см.
2. Конустың биіктігі 4 см, табанының диаметрі 6 см. Оның бүйір бетінің ауданын табыңыз.
A) . B) . C) . D) E) .
3. Жасаушысы 10 см, биіктігі 8 см конустың көлемін табыңыз
А) B) . C) . D) .E)
V. Үйге тапсырма №205 + Дифферен. тапсырмалар
VІ. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау Теориялық білімді пысықтау:
Қиық конус деп қандай конусты атайды?
Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?
Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданынының жалпы формуласы
Кері байланыс:
Маған бәрі түсінікті!
Менің сұрақтарым бар!
Мен түк түсінбедім!