Презентация по самопознанию на тему пайдалы ?азбалар 3сынып


№36 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Қайыршақова Нұргүл Маратқызы Дүниетану3сынып Сабақтың мақсаты Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалар кен орындарының шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру Ұйымдастыру бөлімі Топқа бөліну Білу - Пайдалы қазбалардың суреттері арқылы топқа бөліну Үй тапсырмасын тексеруКрестиктер-нөлдіктер Білу Өндіру әдістері КарьерШахтаБұрғылау Мұнай өндіру Құрлықта мұнай өндіру Бұрғылау әдісі Теңіз астынан да алады Мұнай өндіру Тас көмірді ашық түрде өндіру карьерде шахтада Тас көмірді тасымалдау Карьерден өндіру әдісі Кеді бұрғылауға арналған машина Құрамында алтын бар кенді өндіру Металл өндіру Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған Кірпіш зауыты Тұзды жер астынан өндіру Тұзды қолмен жинау Тұзды өндіру түрі Ас тұзын өндіру түрі Оқулықпен жұмысҮш қадамдық сұхбат Қолдану Талдау Топпен жұмыс 1-топ. “Фишбоун”Басы-Қанаты-Құйрығы-2-топ. Ойлан тап3-топ. Суреттер сөйлейді “Дананың кілттері” 1-топ “Егер де...” кілті(Егер барлық пайдалы қазба қоры таусылса, не болар еді?«Менің ойымша....»)2-топ “Тағы қалай” кілті3-топ. “Қиыстыру” кілтіКөмір мен қарындашҚайық пен кесе Жинақтау р/с Оқушының аты - жөні Білу(Үй тапсырмасы,крестиктер, нөлдіктер)0-3 балл Түсіну0-3 балл Қолдану(Үш қадамдық сұхбат)0-3 балл Талдау(Топпен жұмыс)0-3 балл Жинақтау(Дананың кілті)0-3 балл ұпай баға 1 2 3 4 5 6. 7. 0 балл – тапсырманы орындауға мүлдем қатыспаса1 балл – берілген тапсырмаға аз да болса өз үлесін қосса2 балл – жұмысты орындауда белсенділік көрсетіп, бірақ мазмұндай алмаса3 балл – белсенді қатысып, толық ашып айта алса«5» – 10-12 ұпай«4» – 7-9 ұпай«3» – 3-6 ұпай«2» – 0-3 ұпай Бағалау парақшасы Ұнады Ұнамады Нені жақсарту керек?