Жай сандар, ??рама сандар 5 сынып


Күні:
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай сандар және құрама сандар ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету , жай сандар кестесін пайдалана білуге үйрету, құрама сандардың бөлгіштерін таба білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық тапсырмалар , таблица , перфокартаға жазылған түрде беріледі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
2.Үй жұмыстарын жұптасып тексереді 
№642(2)
А)21762 б) 24723 г) 30213
Ә)38160 в) 73080 д) 22320
№643(1)
1)21*5:15=7
35*5:15=11
25*3:15=5
51*5:15=17
3. Өткен тақырыпты қайталау:
«Серпілген сауал» оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауап беру арқылы өткен сабақты қайталайды:
1.2-ге бөлінгіштік белгісі?
2.5-ке бөлінгіштік белгісі?
3.10-ға бөлінгіштік белгісі?
4. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
5. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту: Ереже :
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Мысал: 13 және 101 жай сандар
(Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды
Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.( Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды.)
Мысал: 8 саны -құрама сандар, бөлгіштері: 1,2,4,8.
Жай сандар кестесін жасаған Эротосфен елегі жөнінде мағұлмат беру.
Кесте құру .
Натурал сандар Бөлгіштері Бөлгіштер саны
35
41
26
11
1
18 1,5,7,35
1,41
1,2,13,26
1,11
1
1,2,3,6,9,18 4
2
4
2
1
6

Эратосфен елегі
Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі Эратосфен жай сандардың кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды. Эратосфен балауыздан жасалған тақтайшада натурал сандар кестесін жасап,одан 1 санын және құрама сандарды алып тастап отырған. Сонда алғашқы кесте елек тәрізденіп, онда тек қана жай сандар қалған. Сондықтан оны Эратосфен елегі деп атаған.Жай сандардың кестесін даярлаудағы Эратосфен тәсілін үйренейік.
Мысалы: 2-ден бастап 40-қа дейінгі барлық жай сандарды табайық.Ол үшін 1-ден баста 40-қа дейінгі барлық жай сандарды жазамыз.Алдымен 1 санын сызамыз,себебі 1 саны жай сан емес.
Бірінші ретте – 2санынан басқа , 2-ге еселік сандардың барлығын үстінен сызамыз.
Кестеде 2 санынан кейін 3 саны қалады.Екінші ретте 3-санынан басқа 3-ке еселік сандардың барлығының үстінен сызамыз.Нәтижесінде 2 және 3сандарынан басқа кестеде қалған сандар 2-ге де, 3-ке де бөлінбейді.
Кестеде 2 және 3 сандарынан кейін 5саны қалады.Үшінші ретте 5 санынан басқа 5-ке еселік сандардың барлығын үстінен сызамыз.Осылайша жалғастырамыз.Сонда кестеде 40-тан кіші жай сандар ғана қалады.Демек, 40-тан кіші жай сандар ғана қалады. Демек, 40-тан кіші жай сандар кестесін жасадық:
2, 3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31, 37.
Сонда кестеде 41-ге дейінгі жай сандар жазылады.
Кітаптан есептер шығару
№649 (а деңгейі)
1,3,5,7
13,15,17,31,51,71,35,37,53,57,73,75.
1)Жай сандар: 13,17,31,71,37,53,73.
2)Құрама сандар: 15,51,35,57,75.
№657 (в деңгейі)
10=3+7 , 12=5+7, 18=7+11, 24=11+13, 30=13+17, 42=11+31, 68=17+51
22=2*11, 35=5*7, 77=7*11, 65=5*13, 95=5*19
№665(с деңгейі)
1)17x=17*1 жай сан
2)23х=23*2 құрама сан
3)37х=37*2 құрама сан.

Қосымша тапсырма.Тақтаға 20-дан 50-ге дейінгі сандар беріледі. Сол сандардың ішінен жай сандар мен құрама сандарды сәйкестендіру арқылы табу керек.
5. Сабақты бекіту кезеңі:
1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
3. 1 саны қандай сан?
4. Жұп жай сан бар ма? Болса, нешеу?
5. 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма?
6. Бағалау. 
Үй тапсырмасы
Деңгейлік тапсырма Қосымша тапсырма Қорытынды
2 балл 1+2+3=6 балл 2 балл 10 балл
9-10 балл – «5» 5-7 балл – «4» 2-4 балл – «3» Орындаған тапсырма санын жұмыс дәптеріне жазып, өзін-өзі бағалайды. 
7.Үй тапсырмасын беру: №650, №651.Рефлекция• Кім өз жұмысына қанағаттанды? • Не қиын болды? • Бұл қиындықты жеңу үшін не істеу керек? Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып, портфель,еттартқыш,қоқыс жәшігінің біріне салады.