Технологическая карта на тему: Бізді? ?анатты достарымыз. ?леумет. ?орша?ан ортамен таныстыру.


«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 02.12.2016 ж.
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз».
Мақсаты:
1. Білімділік: Құстар (торғай және сауысқан) және оларды бір-бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Құстарға ғана тән ерекшеліктерді түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.
Алдын –ала жұмыс: құстардың суреттерін дайындап қою.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сауысқан мен торғайдың суреті, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: құстар-птицы, торғай-воробей, сауысқан-сорока.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.
Билингвальді компонент: құстар-птицы-bird.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығынын ояту кезеңі Жұмбақтарды шешкізу.
1.Итпен бірге таласар,
Табаққа қонып қоймайды.
Білесің, қане, айта ғой,
Танисың ба ... (торғайды).
2.Үстіне ақ қамзолын киіп алып,
жүреді қанаттарын жиып алып. (Сауысқан)
Торғай мен сауысқанның суреттерін көрсетіп, олардың қонақ екенін хабарлаймын. 960120655955 Жұмбақтардың шешуін тәрбиешінің көмегімен табады.
1333574930
Іздену ұйымдастыру 1.Білімді өзектендіру.
-Біздің топқа нелер ұшып келді?
-Торғай мен сауысқан аң ба, әлде құс па?
2.Құстар туралы әңгіме өткізу.
-Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді.
Олардың ауыздарының орнында тұмсық, қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап жүреді. (Суреттер көрсетеді).
-Мынау-сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те атайды.
Себебі оның екі бүйірі ақ түсті.
-Мынау не?
Көгершіндер ішінде
Шауып жүр ғой бір нәрсе.
Жақындап біз қарасақ,
Торғай екен кішкене.
-Пішіні бойынша қайсысы үлкен? Торғай ма әлде сауысқан ба?
-Бұл екі құстың түстері қандай?
-Құстар зиянды құрт құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп, олар зиянды жәндіктерді құртады. Қыста құстарға жем тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды. Жемсауытқа нан қиқымдарын және т.б. жем салады.
3. Сөздік жұмыс: құстар-птицы, торғай-воробей, сауысқан-сорока.
4.Сергіту сәті:
Күні бойы бұл құстар,
Билеп жатыр тынбастан!
Таңменен бәрін оятып,
Дәмесі бар ырыстан!
-Біз билеп жатқан кезде тағы бір қонақ келді. Ол келген не екен? (Көбелектің суретін көрсетеді).
-Көбелек өзін құстар қатарына жатқызады екен. Осысы дұрыспа? (Жоқ, қанаты, тұмсығы жоқ).
5.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
6.Жеке жұмыс жүргізеді: «Құсты тап!» ойыны.
Шарты: ағаш бұтақтарына тек құстардың суреттерін жапсыру керек. -Торғай мен сауысқан.
-Олар-құстар.
Өйткені олардың қанаттары бар.
Ұшады.
Тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарына жауап береді.
-Торғай.
Өлеңді тыңдайды.
-Екеуінің пішіндері және түстері әртүрлі.
-Бірақ екеуі де құс.
Екеуі де ұшады.
Қайталайды.
Музыка әуенімен «құстар» биін билейді.
-Көбелек.
-Жоқ. Көбелектің тұмсығы, қанаты, қауырсыны жоқ.
Ол-жәндік.
Тапсырманы орындайды.
Ойынға кіріседі.
Рефлексивті қорытындылау -Ал енді еске түсірейік, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қай тақырыпта болды?
-Сауысқан, торғай, қарға-барлығын бір сөзбен қалай атаймыз. Өткенді қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстардың пайдасы, оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды.
Игереді: құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.
Меңгереді: құстарды басқа жан жануарлардан ажырата білу дағдыларын.