?орша?ан ортамен таныстыру Мені? елім- ?аза?стан


Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан
Мақсаты: Баланың шағын отаны- оның тұрғылықты жері туралы түсінік беру.
Міндеттері: Туған ел, Отан, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру.
Білімділік: Отан туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: Рәміздердің суреті, ҚР-ның картасы
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті + -
І. Мотивациялық қозғаушы
ІІ. Іздену ұйымдастырушы
ІІІ. Рефлексивті коррекциялаушы Мен отанымды сүйемін жылуық шеңбері
Педагог төмендегі сөздерді айтады, балалар шеңбер бойымен кезектесе қайталайды. «Мен өз отанымды жақсы көремін! Мен өз Республикамды мақтан тұтамын»
- Отан туралы әңгімелеу.- Отан деген не?- Отан деген сөзді қалай түсінесің?Отан деген сөзді қалай түсінеміз?- Біздің ұлтымыз қазақ. Отанымыз — Қазақстан Республикасы деп аталады. Отан деген – ата - әжең, әке – шешең, аға - әпкең, жеңге – жездең, бауырың, қарындасың. Отан біздің ортақ үйіміз. Біздің Отанымыз кең байтақ, алтыны мен кені мол, дамыған ел. Біз өз еліміздің бір кірпішіміз. Біз елімізді сүйеміз, мақтан етеміз. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қайда барсаң да әрқашан өз отаныңды аңсап, сағынып тұрасың. Әр адамға туған жер әрқашан да ыстық болады. «Туған жердің күні де, түні де ыстық» - деп бекер айтпаса керек."Отан" Е. Өтетілеуов.- Отанды біз атамекен деп аялап айтамыз, өйткені оны мекен еткен бабамыз мен атамыз. Отанды жас, кәріміз де туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де туып, өмір сүреміз. Отанды әркім анасындай қастерлейді бағалайды өйткені, Отан баласындай бізді өсіріп аялайды.
«Шаңырақ» Сергіту сәті:
Балалар шеңберді айнала ұстап, төбелеріне көтереді. Олар «уық» сияқты қолдарымен, «шаңырақты» мықтап ұстайды да, түндіктен «көк аспан мен жұлдызды» көреді.
Көтеріліп шаңырақ, керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп, бәріміз жүрсек айналып, киіз үй боп көрініп.
Тапсырма: «Сипаттау бойынша таны» д/ойын
Балалар кезекпен сиқырлы қорапшадан Мемлекеттік рәміздердің бөліктері бейнеленген текшелерді алады. Өзгелерге көрсетпестен суреттейді, балалалар табуға тырысады.
Қорытынды
Бүгін сабақта нені қайталадық? Балалар шеңберге тұрып, трбиешінің айтқаның қайталап айт.

Тәрбиеші қойған сұраққа толық жауап беру.
Сергіту сәтін іс-қимылдар арқылы орындайды.
Балалар кезекпен сиқырлы қорапшадан Мемлекеттік рәміздердің бөліктері бейнеленген текшелерді алады. Өзгелерге көрсетпестен суреттейді.
Қорытынды сұраққа толық жауап беру. Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Рәміздерді атай білу керек.
Түсінігі болу: Біз Отанымызды сүйеміз
Меңгеру: Рәміздерді бөліктері арқылы сипаттау.