?орша?ан ортамен таныстыру. Та?ырыбы: «К?з сыйы».


Күні, айы, жылы: 15.11.2016ж
Тобы: «Балапан»
Тәрбиеші: Садиканова Ж. Б.
Білім беру салалары: Әлеумет. Шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Музыка. Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Күз сыйы».
Мақсаты:
1.Балаларға күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Алтын күздің берер сыйлығы мол екенін түсіндіру. Әрбір тапсырмаларды орындата отырып, ой қабілеттерін, көру, байқағыштық қабілеттерін арттыру.  Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту.2. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. Күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту
Керекті құралдар: Ағаштың, бақшаның күз көрінісі бейнеленген суреттер, көкөністер, жемістер суреттері, үлестірмелі карточкалар, муляждар. Слайд
Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойын технологиясының элементтері.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық- қозғаушы
лық Шаттық шеңбері:Күннің көзі ашылсын!Көкке шуақ шашылсын!Құтты қонақ келіпті,Төрімізге еніпті,Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр .Қанекей бәріміз апайлармен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
-Балалар бүгінгі көңіл – күйлерін қандай?
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Дұрыс, мезгілдерді атайықшы
-Қазір қай мезгіл?
-Дұрыс, күз мезгілі неше ай және қай айлар?
Тамаша жарайсындар!
Балалар ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше «Тамаша» ойынын ойнайық  Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөздер айтқанда, сендер жақсы тамаша деп жұдырықтарынды тұйып бас бармақтарынды көтеріп бір – біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?Біздің балабақшамыз қандай?  «Балапан» тобының балалары қандай?  «Күз» мезгілі қандай?  Бүгін келген қонақтар қандай? -Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Слайдпен жұмыс
- Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді? Қызығушылық танытады.
Керемет
4
Күз, жаз, қыс, көктем
Күз
3 ай, қыркүйек, қазан, қараша
-Ия
Тамаша
Тамаша
Тамаша
Тамаша
Күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Жердің бәрі сап-сары болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді
Күзде қөкөніс, жеміс- жидектер піседі.
Ұйымдасты-рушылық-ізденістік Бау-бақшада тек қана көкөністер
өспейді. Сонымен бірге жеміс-жидектер де өседі. Алма, алмұрт т.б. бұлар ағашта өседі екен. Ал көкөністерге қауын, қарбыз т.б. бұлар бақта өседі, яғни жерде өседі. Біз оларды суарып, түбін қопсытып, арам шөптерін жұлып, баптайды екенбіз. Сонда ғана бұл жемістер пісіп, бізге жемісін береді. Сондықтан да біз оны күз сыйы дейміз.
Ғажайып сәт:Балалар, тыңдаңдаршы біреу есікті тоқылдататын сияқты( Есік қағып қуыршақ  Салтанат келеді)- Балалар бізге қонаққа қуыршақ Салтанат келіпті. Қане, амандасайық.  - Алтын күз Салтанаттың осы балабақшаға баратынын біліп, көп базарлықтар беріп жібергенін айтып отыр. Балалар, қараңдаршы, бізге Салтанат көкөніс пен жеміске толы себеттер алып келіпті. 
Бүгін балабақшада балалардың «Күз сыйы» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, мен күз сыйы туралы ештене білмеймін, көкөніс пен жемістерді де, бір – бірінен ажырата да алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Балалар Салтанатқа көмектесеміз бе? Салтанат онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың , көкөніс пен жемістер туралы, оларды бір – бірінен қалай ажырата білу керек екенін тындап, байқап отыр.
Балалар үш топқа:
1. Әлеумет. 2. Музыка. 3.Мүсіндеу болып бөлінеді.
Бірінші топтың балаларына тапсырма: тақпақ айту және сурет бойынша әңгіме құру
Алтынай ЖүзімМен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ болып тізілдім.
Гүлжан ШиеМен шиемін,шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде бар,Төмен басты иемін.
Мөлдір ӨрікМен өрікпін,өрікпін,Бау-бақшаға көрікпін.
Алина АлмұртМен алмұртпын,алмұртпын,Аузындамын бар жұрттың
Қарақат. АлмаМен алмамын,алмамын,Таңдай жұлар бар дәмім
Амира КүнбағысКүннен көзін алмайды,Өзгемен ісі болмайды
Інкар БұршақКішкене түймедеймін мен,Ұнаймын мен бәріне!Дәмді тағамдарыммен,Сый жасаймын бәріңе!
Екінші топтың балаларына тапсырма: «Алтын күз» әні,
Үшінші топтың балаларына тапсырма: көкөніс пен жемістерді мүсіндеу.
Д/ О: «Не қайда өседі?».Қуыршақ Салтанатқа жемістерді, көкөністерді бөліп топтастырып жинаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.Көкөністерді, жемістерді бөліп. Жемістерді ағашқа, көкөністерді баққа жинаймыз. Қай топ шапшаң жинайды екен?
Қане, балалар, тапсырмаларды орындаймыз деп шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасап дем алып алайық.
Сергіту сәті
Жапырақтай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Денемізді тік ұстап Билеп – билеп аламыз. .
«Суретті тап» ойыны. Шарты: Жеміс-жидектерді  мына кесілген бөлшектерден құрастырып беріңдер.
- Балалар, Салтанат менің құлағыма жолда көкөніспен жеміс-жидектерді шашып алғанын, енді оларды қайтадан жасап беруін сұрап отыр. Балалар, көмектесейікпе?  -Ендеше ермексаздан көкөніспен жеміс-жидектерді жасап берейік. - Балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, Салтанатқа міне көкөніспен жеміс-жидектерді де жасап бердік. Салтанат біздің балалар саған көкөніспен жемістердің бір – бірінен  қалай ажыратуды үйретті, енді сен  өзін осы балалар сияқты ажырата алаласың ба?Балалар,сендерге көп рахмет, мен сендерден  жыл мезгілдерін  бір – бірінен қалай ажырату керек екенін түсіндім, енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар- Сау бол Салтанат
Қане, бәріміз Салтанатпен қоштасайық! (балалар Салтанатпен қоштасады, қуыршақ қоштасып шығып кетеді)  - Сәлеметсізбе! 
Иә, көмектесеміз
Қимыл қозғалыстар жасайды
- иә!  
Рефлексия
лық - түзетушілік Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекет ұнады ма?
- Жемістер қайда өседі?
- Көкөністер қайда өседі?
- Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді? - Біз қандай ойын ойнадық? 
Оқу іс-әрекет ұнаса күнді көрсетеміз, ұнамаса бұлтты көрсетеміз.
Бүгінгі оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен марапаттау. -ия
Жемістер ағашта өседі
Көкөністер бақта өседі.
Қуыршақ Салтанат
«Тамаша», «Не қайда өседі?» , «Суретті тап».
 
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін, көкөніс пен жемістерді толық ажырата білді.
Не алды: Ойындар арқылы оқу іс-әрекетке деген қызығушылығы артты.
Не істей алды: Сұрақтарға жауап беріп, ойын ойнау арқылы рухани қасиеттерін арттыра отырып, сөйлеу қабілетін дамытты.