Ашы? саба?: «4-ке к?бейту ж?не б?лу кестесін ??растыру»


Бекітілді
Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл. Ш. С
Математика. 22.10
Сабақтың тақырыбы: 4 – ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға 4 –ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру, және көбейту мен бөлу амалдарына есептер шығаруға машықтандыру. Өзін – өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
ә) оқушылардың білім – білік дағдыларын кеңейту, ой – өрістерін шығармашылығын киялдау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) оқушыларды тапқырлыққа, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді жетілдіру
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, мультимедиялық проетор, тақта, слайд, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар, мұғалімдер қатысып отыр.
Психологиялық дайындық.
1 слайд.
Бұл қай кезде болады?
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай
Денең мұздап тонады.
Айтыңдаршы , балалар
Бұл қай кезде болады?
Ш. Ахметов
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын айтайықшы?
(қыркүйек, қазан, караша)
Олай болса, біз бүгінгі математика сабағымызда «Күздің кереметтерін тамашалауға серуенге шығамыз ».
2 слайд.
Ширығу стратегиясын пайдаланып хормен айту.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
3 слайд.
Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.
Тестпен жұмыс.
Ұзындық өлшемдерін белгіле?
а. литр
ә. грамм
б. Метр
2. Мына сандардың қайсысы 3 – ке бөлінеді?
а. 17
ә. 31
б. 18
3. Баласы 21 – жаста, ал әжесң одан 40жас үлкен. Әжесі неше жаста?
а. 40 жаста
ә. 61 жаста
б. 51 жаста
4. Санды 0 – ге көбейткенде мәні неге тең?
а. 1
ә. 0
б. 4
5. Әріпті өрнекті белгіле
а. с+70
ә. 90-43
б. 20+70
6. Килограммен өрнекте: 7ц 6кг
а. 76
ә. 706
б. 760
7. Көбейткіш 7, көбейткіш 3 көбейтіндінің мәнін тап
а. 10
ә. 14
б. 21
8. Қабырғасы 4см шарашының периметрін тап.
а. 14см
ә. 8см
б. 16см
4 слайд.
Үй тапсырмасын тексеру.
6 – тапсырма.
Динарада 200 теңге болды. Ол 5 теңгеден 3 шар сатып алды. Динараға неше теңге қайтарады?
7 – тапсырма.
5, 7, 9 цифрларынан ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Олардың айырмасын тап. Шыққан айырманың мәнінен ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Тағы да олардың айырмасын тап.
5 слайл.
Күз дегеніміз не?
Күздің тапсырмасы: 4 қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарай
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?
(8 аяқ, 4 бас)
6 слайд.
Жаңа сабақ. (Тақтаға күннің жадын жазу)
Әрбір секіруде 4 бірлік бар.
2, 3 секіруде қанша бірлік бар?
7 слайд.
4 бағаннан тұратын 4 – ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
4*4=4*3+4=16 16/4=4
4*5=4*4+4=20 5*4=20 20/4=5 20/5=4
4*6=4*5+4=24 6*4=24 24/4=6 24/6=4
4*7=4*6+4=28 7*4=28 28/4=7 28/7=4
4*8=4*7+4=32 8*4=32 32/4=8 32/8=4
4*9=4*8+4=36 9*4=36 36/4=9 36/9=4
8 слайд.
Бәріміз білеміз күзде құстар жылы жаққа ұшады. Сол құстардың тапсырмасы:
Кітаппен жұмыс
Оқулығымыздың 83 бетін ашып, 2тапсырмасын орындаймыз.
Есептердің шешуін жаз.
Бәріміз іштен түсініп аламыз.
9 слайд.
«Сәйкестендіру» ойыны.
3*6= 27
6/3= 8
9*3= 18
4*2= 2
12/3= 24
8*3= 4
10 слайд.
Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
Жапырақтар тапсырмасы.
4, 5 тапсырмалар
4 – тапсырма. Дәптерге сызу.
5 – тапсырма. Өрнектер құрастыр және олардың мәндерін тап.
а. (9*3)–8=19
ә. (829-732)+(18/2)=106
б.(508-502)*3=18
11 слайд.
Сергіту сәті.
Күз туралы өлең айту.
(шашылған жапырақтарды жинау)
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ.
(жапырақ астындағы мысалдарды оқу).
12 слайд.
Күнді бұлттан құтқару ойыны
(күзде ауа – райы өзгеріп тұрады, күн бұлттанып жиі жаңбыр жауады).
6 – тапсырма. (ауызша шығару).
13 слайд.
Күздің кереметінің тапсырмасы.
Топтастыру.

3

14 слайд.

Нені үйрендік?



Өлең құрастыру
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып
Білімді оқушы боламыз
15 слайд.
Күзгі жапырақтардың орнына тиісті сандарды қой.
а 1 3 6 5 7 9
3 есе арттыр 4 ке арттыр Үйге тапсырма: 3, 7 тапсырма
Бағалау
Сабақ аяқталды.