Научный проект на тему ?асым поэзиясыны? к?ркемдік ерекшеліктері


Жетекшісі:Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліміМухсинова Айгүл Мухсиновна Ғылыми жоба тақырыбы: Орындаған 7 “ғ” сынып оқушысыАлтаев Саят Қазақстанның дауылпаз ақыны Қ.Аманжолов поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін сипаттау. -Қ.Аманжолов поэзиясындағы дәстүрлі, дара теңеулерді анықтау;-ақын поэзиясындағы айқындаудың үлесі;-арнау мен қайталаудың үлгілері /анафора мен эпифора/;-шендестіру тәсілдерінің қолданылуы. Қасым Аманжолов Рақымжанұлы 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген “Дауыл”, “Сарыарқа”“Ертіс”, “Жайық”, “Туған жер”, “Елге хат”, Қазақствн”, “Дариға, сол қыз, “Достар, қайда жүрсіңдер”, “Қарағанды”“Орал”, “Мен – табиғат бөбегі”,“Өзім туралы” т.б. “Ақын өлімі туралы аңыз”, “Қытай қызы”,“Құпия қыз”,“Бикеш”“Естай - Қорлығайын”драмалық дастаны т.б. М.Ю.Лермонтовтың «Маскрад», А.Т.Твардовскийдің «Василий Теркин», Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларын, Т.Г.Шевченконың, В.В.Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне асқан көркемдік шеберлікпен аударған. Қазақтың әні мен өлеңін,Найзадай көтеріп келемін.Шығыстың аласа аспанын,Түндіктей түріп бір тастадым. Шұғыла шалған кешкі бұлттайТолқын шашта оттар ойнап.Өрт топанын кешіп, Нұхтай,Жалғыз өзі тұрды бойлап,Тұрды ұқсап, тұрды кейде,От ұстаған Прометейге. «Жамбыл» деген өлеңінде кәдімгі жыр алыбы Жамбылдың шынайы көркем реалистік образын жасаған. Өлеңнің бас аяғы жетпіс жолдан тұрады. Сол жетпіс жолға жаңағы сюжет, ақынынң тұлғасы, өлең айту үстіндегі бір қалыпты мінезі түгел сыйған.Сыпайы ақ сақалы желпілдеген, Ақ жарқын жас баладай елпілдеген-Тоқсанның тоң қатырған кәрі қысы Қысса да қыза сөйлеп еркіндеген. Жүзінде айбыны бар жолбарыстың, Саусағы шеңгеліндей қыран құстың. Қияда қыңыр шөккен кәрі құздай, Бір шалды баласындай келіп құштым. Сипады ол маңдайымнан танығандай, Тоқсанда толқып жатқан жаны қандай. Ақын өлеңдеріндегі айқындаулар «Жүйрік желмен жарысып», «Долы желі ысқырып», «Батпан қару үйірген», «Жебелі садақ толғаған», «Желекті найза қолға алған», «Шабынып тиген жау мынау», «Асау өзен ақырып», «Асқар таудан дүркіреп», т.б. Осы мысалдардағы асты сызылған сөздердің бәрі айқындайтын сөздің алдында келіп тұрған тура эпитеттер. Ақын эпитет қолдануда сөздерді инверсияға құрып, айқындалушы сөзді, айқындаудың алдына қойып жазу тәсілін пайдаланған. «Кербез әйел сықылды дүние паң», «Көкқасқа Көкшетаудың бәтегесі», «Құйрығы алтын снаряд, оқтар», «Тұмсығы сүйрік қадала түсіп», «Бүркіті қайсар ала бір жаудың», «Түксиген түсі суық едім құз тас» тәрізді эпитеттерді ақын инверсияға құрған. Ақынның эпиттерді қолдану әдісі Өлең жолдарының басында келтірілгенЖас тұлпар тура алар ма өрге шаппай,Жас қыран отырар ма қанат қақпай,Жас жігіт жалын жігер жай жата ма,Маздатып өмірінің отын жақпай. Өлең жолдарының ортасында келтірілгенСәскеде сансыз көкек сұңқылдаған,Неткен кез дүние балқып күй тыңдаған.Еркелеп бұйра бұлақ жатыр аунап,Сүйкімді жас үнімен сыңқылдаған. Арнау мен қайталау үлгілері Жарлай арнау Сұрай арнау Зарлай арнау Эпифора-өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бірнеше сөздердің қайталануы Анафора-өлеңнің әр жол, әрбір ой ағымы бір сөзден басталады Дүниеге жарлай арнау үлгісіЕй,тәкаппар дүние!Маған да бір қарашы.Танисың ба сен мені,Мен қазақтың баласы Халқына арнау үлгісіТуған ел, қуанам әр жеңісіңе,Жыр жазам жарар ма деп ел ісінеАзамат, ақын болып арманым жоқ,Ере алсам шабысыңа, желісіңе Сұрай арнау үлгісіБуырыл басты жер төбесі.Неге бұлай астан-кестен?Бардай-ақ бір бітпес өші,Мұз бен дауыл төбелескен.Осқырған жел бейне асауСүзіседі толқын мен сең.Ортасында жалғыз жалау,Қалайша тұр, айтшы білсең? Кейде алдымен сұрақ қойып, жауабын бірден қайтарады.Қара түнді жамылып,Қайда кеттің қайқаңдап.Тыныш таппай сабылып,Шаршадың –ау бай таңдап. АНАФОРАНЫ қолдануыХан тәңірі -жүрегі тас, қаны-сел,Хан тәңірі -лебі-боран, демі –жел,Хан тәңірі -қабағынан қар жауған,Хан тәңірі -балағынан қан тамған,Хан тәңірі -бұлт жамылып. Мұз киген Хан тәңірі -көкті құшып, күн сүйген ЭПИФОРАНЫ қолдануыБәрің айт та, бірің айт,Жаңа өмірдің сырын айт!Таң қалдырған тарихыСырлы өмірдің шынын айт.Өмір –бақша, жемісің,Еркін жүріп, теріп айт,Тарих үшін, ел үшінЕсебіңді беріп айт. Анафора мен эпифораны қатар қолданғанҚазаққа жан бітірген сол екеуі,Қазаққа қан бітірген сол екеуі,Қазаққа қуат беріп, жігер беріп,Қажырлы ән бітірген сол екеуі!Қазаққа шырқатқан да сол екеуі!Қазаққа жырлатқан да сол екеуі,Қазақтың әнін, күйін, жырын, биін,Әлемге тыңдатқан да сол екеуі! Өлең жолдарындағы шендестіру Мұнда қоғамдағы адамның жағдайы, ерік-күш бостандығы, болашағы өзара шендестіріліп келіп, соның салдары, себебі ретінде заманның сыры ашылған. Антитеза /шендестіру/ -кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудыңбір түрі. Еңбегің еш, жігер құм,Кеудең-қайғы, ойың мұң,Сыртың-жалын, ішің-шоқ,Сөзің-сарын, көзің-от.Үстің-аяз, астың –сыз,Артың-боран, алдың –мұз,Пана таппай сарнағанКүңіренген, зарлаған,О, сұм заман, қу заман Дүниеге келер әлі талай Қасым,Олар да бұл Қасымды бір байқасын.Өртке тиген дауылдай өлеңімді,Қасымның өзі емес деп кім айтасың?! Қ.Аманжолов