Презентация по казахскому языку на тему Ма?ал-м?телдерді? т?рбиелік м?ні


Мақсаты: Мақал-мәтелдердің шығу тарихын зерттеу. Өзара айырмашылықтарына көз жеткізу. Сан алуан тақырыптарды талдау. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу. Жастарға халқымыздың бір қайнар көзін ұғындыру. Жоспары: Кіріспе  бөлімМақал  –  мәтелдердің     құрылымдық     ерекшеліктеріМақал мәтелдердің өзара  айырмашылығыМақал – мәтелдердің  тақырыптарыҚорытынды  бөлім.Пайдаланылған әдебиеттер КіріспеМақал-мәтел – әрі  қысқа,   әрі  нұсқа  айтылған  сөз  мәйегі, ой  маржаны. Мақал-мәтел  бір  ғасырдың  ғана  жемісі  емес. Олардың  алғашқы  үлгілері  есте   қалмаған   ықылым   заманда   туып,   өзінің   қалыптасу,   даму,  өсу   процесінде  талай  ғасырмен   бірге  жасасқан.   Бұл   жолда  әр  түрлі  қоғамдық,  таптық тілектерге  сәйкес  өзгеріп,  жаңарып  отырған. Мақалдар  мен  мәтелдерде  айтылмайтын,  сөз  болмайтын  өмір  саласы  жоқ  десе  де  болады.     Мақал-мәтелдерден  халықтың   ой-санасы,  дүниеге  көзқарасы,  ақыл-  өнегесі  мол  көрініс  тапқан.  Мақал-мәтелдер  ой   дәлдігімен,  мазмұн   тереңдігімен,  түр  жағынан   ықшамдылығымен   ерекшеленеді.  Онда   өмірдің сан  алуан  салалы  құбылыстарына  баға  беріліп,  ой   түйінделіп,  халықтың  ғасырлар   бойғы   тәжірибесі   негізінде   пікір  айтылады. Мақал  менен  мәтелдерде  халқымыз  жақсылық  пен  жауыздықты,  адамдық  пен  арамдықты,  еңбеккерлік  пен  еріншектікті,  жомарттық  пен  сараңдықты  салыстыра  сөз  етеді.  Адамгершілік  жолына  нұсқан,  мін  келтіретін  жамандық  пен  жауыздық  қылықтардың  барлығын  батыл  сынап,  жиренте  әшкерелеп,  бүкіл  жұртшылыққа  адамгершілікке  тән  мінез,  қылықтардың  барлығын  ұсынады.Мақалдар мен  мәтелдердің мазмұны  бабаларымыздың  өмір  тәжірибесін қамти  отырып,  біздің  санамызды,  әсемдік  сезімімізді,  талғамымызды,  көзқарасымызды  дамытады.  Сонымен  қатар  ұлтымыздың  мақал-мәтелдері  сөздің  мағынасын  түсіне білуімізге  және  тапқырлыққа баулиды,  шеберлікке,  шығармашылыққа  бастайды,  көркем  сөз  табиғатына жетелейді  әрі  ұшқыр, көңілге  қонымды,  ойлы,  бейнелі  сөйлеуге  үйретеді,   сөйлеу  мәдениетін  дамытады.       Мақал  –  мәтелдердің құрылымдық  ерекшеліктері   Мақал – мәтелдің  өн  бойында  поэзияға  тән  жинақылық,  үнділік,  сазды-  лық,  ұйқас,  ырғақтылық  байқалады.  Онда  басы  артық  сөз  болмайды. Барлығы    өз   орнында,   екшеленген,   сұрыпталған,   жымдаса   біріккен, ой-өрнек   ажыраспас   туыстық   тапқан,   ішкі   мазмұнына  сыртқы  формасы  сай  үндестік  тапқан  болып   келеді.   «Ер  дәулеті - еңбек»   деген   мақалды  талдап   көрелік.  Осындағы   сөздердің   бірін   де   өзгерту   мүмкін  емес. Мұндағы  негізгі  ой – еңбектің   құдіретін,   ол  бүкіл  бүкіл  игіліктің  көзі   екенін   білдіру.  Еңбек Дәулет «Ақыл – жастан, асыл – тастан»  Ауыспалы  мағына «Қызым,  саған  айтам,  келінім,  сен тыңда» «Тоқпағы  күшті  болса,  киіз  қазық  жерге  кірер» «Не  ексең,  соны  орарсың» «Жауырды  жаба  тоқиды» Тура  мағына «Өнер  алды  – қызыл  тіл»«Ер  қанаты  – ат» «Елін  сүйген  ер  болады»«Жігітті   намыс,  қоянды   қамыс  өлтіреді»   Салыстыру  әдісі «Жақсы  қыз – жағадағы   құндыз,   жақсы   жігіт – аспандағы   жұлдыз». Мақал мәтелдердің өзара  айырмашылығы  Мақал мәтелдер   құрылысы  жағынан   сырттай  ұқсас  болып  келгенімен,  олардың  мазмұнды  түйіндеуінде,  ойды  шешуінде  өзіндік  ерекшеліктері,   айырмашылықтары  бар.  Ол  айырмашылықтар  мен  ерекшеліктер мақал-мәтелдің  ойды  түйіндеу  жағынан  да,  құрылымыжағынан  да  байқалады. «Ерге  жаттың  тізесі  батса,  ағайыншыл  болады» «Тоқпағы күшті  болса,  киіз  қасық  жерге  кірер»  «Мезгіл  жетсе,  мұз  да  ерір» Мысалы: «Ақымақтың  ақылы  түстен  ке йін  кіреді,                 Ырысы  кеткеннің  иті  ұры  кеткен  соң  үреді».Немесе: «Ақымақ  бастан  ақыл  шықпас,            Ақыл  шықса  да  мақұл  шықпас»«ақымақ»  пен  «ақылды» – қарама-қайшы  ұғымдар Мақал – мәтелдердің  тақырыптары Отан,  туған  жер,  атамекенге  бай-ланысты.Еңбекке  арналған.Ерлікке,  батырлыққа  байланысты.Ынтымақ – бірлік  туралы.Достыққа,   жолдастыққа   арналған.Төрт   түлік   малға   қатысты.Егіншілік   кәсібіне   байланысты.Өнер-білім,  оқу,  ғылым туралы.Адамгершілікке  байланысты .Қоғамдағы  қатынастарға,  әлеуметтік  мәселелерге,  ата- ана,  туған- туысқан,  денсаулық  т.б. «Ел-елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы»,   «Туған  жердей  жер  болмас,  туған  елдей  ел  болмас»,  «Өз  елің — алтын  бесігің»,   «Өз  елім – өлең  төсегім»,   «Ер  жігіт  елі  үшін  туады,  елі  үшін  өледі» «Еңбек  түбі – береке», «Еңбек  етсең,  емерсің»,   «Ер  дәулеті – еңбек», «Бейнет,  бейнет   түбі – зейнет»,  «Еңбек  ет  те,  егін   ек – жарымасаң,маған   кел,  белді  бу да  бейнет  қыл,  байымасаң,   маған   кел» «Еңбек  ерлікке  жеткізер,  ерлік  мұратқа  жеткізер», «Еңбек  еткен мұратқа  жеткен», «Әрекет  болмай,берекет  жоқ», «Еңбексіз  рақат  жоқ», «Бір  еңбектің  көп  рақаты  бар»,  «Біткен  іс – піскен  жеміс»  «Ел  үмітін  ер  ақтар,  ер   атағын  ел  сақтар»,    «Батыр   туса – ел   ырысы,   жаңбыр   жауса – жер  ырысы»,   «Ер  бір   рет  өледі,  ез   мың   рет   өледі»,   «Ер  елімен   жақсы», «Елі  жоқ ер  жетім, ері  жоқ  ел  жетім»  «Бірлік  болмай,  тірлік   болмас»«Бірлігі   бар   елдің белін  ешкім  сындырмас» «Байлық – байлық  емес,  бірлік – байлық»,   «Ынтымақ  жүрген  жерде  ырыс  бірге  жүреді», «Ынтымақтың  арты – игі»,   «Ері  ынтымақты  елде  жоқшылық  болмайды» «Досы  көпті  жау  алмайды,  ақылы  көпті  дау  алмайды»,  «Ағаш  тамырымен,  адам   досымен  мықты»,   «Жолдасы  көптің  олжасы  көп», «Дұшпан  күлдіріп  айтады,  дос  жылатып  айтады»,  «Жолдасы  жақсы жолды  болар,  жолдасы  жаман қолды  болар» «Мал – баққандікі,  жер – жыртқандікі»,     «Ат – ер  қанаты»,   «Өлкенің  көркі  мал  болар,   өзеннің  көркі  тал  болар»,    «Мал   өсірсең,  қой  өсір,   пайдасы  оның – көл-көсір» «Жердің  сәні – егін»,   «Ексең  егін,  ішерсің  тегін», «Берген – алар,  еккен – орар» «Білімді  өлмес,қағазда   аты  қалар,   ұста   өлмес,  істеген  заты   қалар», «Өнер – ағып   жатқан  бұлақ,  білім – қайық»,  «Оқусыз  білім  жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ» «Әдептілік,   ар-ұят – адамдықтың   белгісі»,    «Жарлы   болсаң   да  арлы   бол»,   «Жақсылыққа  жақсылық – әр  адамның  ісі,жамандыққа  жақсылық – ер адамның  ісі»   «Ата – ананың  қадірін  балалы  болғанда білерсің, ағайынның  қадірінжалалы  болғанда  білерсің»,    «Бала – ата-ананың  бауыр  еті,  көзінің  нұры»,  «Ананың  сүті – бал,  баланың  тілі – бал»,  «Баласыз  ана – гүлсіз  алма»,  «Ана  алдында – құрмет,  ата  алдында – қызмет»   Қорытынды  бөлім    Мақал-мәтелдер – ауыз  әдебиетінің ең  байырғы,  ең  көне  түрі.  Ол – ғасырлар  бойы  халқымыздың  ұқыптап  сақтап  келген  тәжірибесінің  жиынтығы,  ой-пікірінің  түйіні,  аңсаған  асыл  арманының  арнасы,  өмір  тіршілігінің  айнасы,  көнеден  жаңаға, атадан  балаға   қалдырып  келе  жатқан  тозбайтын,  тот  баспайтын,  өмірлік  өшпес  мұра. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М. Әлімбаев.  «Халық – қапысыз  тәрбиеші». Алматы – 19762.  Б. Адамбаев.  «Халық  даналығы».  Алматы – 19763. С. Ұзақбаева.  «Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру».                                                   Алматы – 19883.С.Қалиев.  «Халық  педагогикасы  хақында  бірер  сөз».                                                       Алматы – 2000.4.Ж.Алтаев. «Ежелгі  рухани  таным  және  қазақ  философия».                                                      Алматы – 19995. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев.  «Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір  антологиясы»  Алматы – 19946. М. Әлімбаев.  «Халқымыз  қандай  тәлімгер!».  «Мұрагер»  журналы   №1, 1992 7.   «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналы        №5,   20048.   «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналы        №4,   20049.   «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналы        №1,   200510.  Ө.Тұрманжанов.  «Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері»                                                Алматы – 2007