Презентация ?аламтор желісінде а?парат іздеу 6 сынып


Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу Сабақтың мақсаты: 1.Ғаламтор желісінде кеңейтілген іздеу мен әртүрлі іздеу желілерін, ақпарат іздеу мүмкіндігін оқып-үйренуді жалғастыру.2.Интернет туралы білімдерін тереңдету.3.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Үй тапсырмасын тексеру 1. Қазіргі кезде кеңінен танымал болған браузерлерді ата? 2. Браузер терезесін басқару элементі? 3.Компьютерді желіге қосу үшін пайдаланатын қандай құрылғыларды білесің? 4. Дүниежүзілік желі туралы не білесің? Ғаламтор деген не? World Wide Web қызметі URL адрес Web-құжаттар Ғаламтор деген не? Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желіInternet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Ғаламторда ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады. World Wide Web Ғаламтордың қызметтерінің бірі World Wide Web (қысқаша WWW) басқаша Бүкіләлемдік өрмек деп аталады.WWW-тегі ақпарат гиперсілтемелер түрінде ұсынылады.Басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтін гиперсілтеме деп аталады. Гиперсілтемелер бір бірімен байланысқан құжаттарды тез қарап шығуға мүмкіндік береді. Гиперсілтемелермен байланысқан құжаттар жер шарының кез келген жерінде орналасуы мүмкінМысал: Жолбарыс (гиперсілтемесі жоқ мәтін) Жолбарыс (гиперсілтемесі бар мәтін) Әрбір веб-құжаттың өзінің бірегей мекен – жайы URL (ағыл. Uniform Resourse Locator) бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.Веб-құжатқа арналған URL-дің мысалы:http://www.tnt.ruҮйшік Ғаламтор желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті ( . kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua Украина, .uk –Ұлыбритания, .fr - Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с) білдіреді. URL адрес HTTP Гипермәтінді тасымалдау протоколы атауы Үйшік(домен) Web - құжаттар Ғаламтордағы ақпарат веб- құжаттар түрінде ұсынылады.Веб - бет –мәтіннен басқа форматтаудың арнайы командалары, суреттер, аудио-, видеоклиптар бар электрондық құжатВеб- құжат ( сайт, интернет-қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL- мекен - жайымен біріктірілген өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттер жиынтығы. Кубик лақтыру І топ – “Ғаламтор” сөзіне өлең құрау Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу Кубик лақтыру ІІІ топ – “Еркін жазу” Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу Кубик лақтыру ІІ топ – “Бес сөйлем” жазу Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу 2) URL –адрес деген не?А) сіздің мекен-жайыңыз;Ә) веб-құжаттың интер-неттегі бірегей мекен-жайы;Б) арнайы бағдарлама;В) компьютердің мекенжайы. 3) World Wide Webқызметінің бас-қаша атауы?А) бүкіләлемдікөрмек;Ә) ғаламтор ;Б) хабарлама;В) дүниежүзілікАқпарат көзі. 2) URL–адрестің қызыл-мен жазылған бөлігіната: www.dom2.ruА) құжатты жеткізупротоколы;Ә) веб-беттің атауы;Б) веб-беттің үйшігі;В) интернет қызметі. Тест сұрақтары: 1969ж 29 қазанда қандай желінің арасында алғашқы байланыс пайда болды?А)ҒаламторӘ)ARPANETБ)Электрондық поштаВ)Веб-құжат Internet деген не? World Wide Web туралы не білдің? Гиперсілтеме деген не? Веб-құжаттың анықтамасын айт.URL-адрес деген не? Оның бөліктерін ата Бақылау сұрақтары: НЕНІ БІЛДІҢ?НЕНІ ҮЙРЕНДІҢ?НЕНІ БІЛГІҢ КЕЛЕДІ? НЕ СЕБЕПТЕН САБАҚ ҰНАМАДЫ?