Математика Саба?ты? та?ырыбы Жылдамды?, уа?ыт ж?не ?ашы?ты?ты табу?а берілген ?зара кері есептер. Формула S=v•t Сілтеме Математика о?улы?ыны? ?дістемесі,?аламтор Саба?ты? жабды?ы суретті кестелер, ?осымша тапсырмалар жазыл?ан ?лестірмелер. Жалпы м


Математика Сабақтың тақырыбы Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табуға берілген өзара кері есептер. Формула S=v·t
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі 1) Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзойын қорытындылай білуге баулу.3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.Сабақ түрі: топтық - араласСабақ типі: жаңа білімді меңгертуӘдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.Шырылдады қоңырауБіз сабақты бастаймыз.Партамызға отырыпӨзара көз тастаймыз.Табыс тілеп көзбенен,Жаңа білім алуғаАлға қадам аттаймыз. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /2. Бүгін аптаның қай күні? ( бесінші)3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі. ( 320 )4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш) Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ - Бүгінгі сабағымызда бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір - біріне жақындап келеді.V¹=40 км/сағ -------------------- t =? сағ --------------------- V²=60 км/сағ-----------------------------------S = 400 кмУақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.V жақынд. = V¹ + V²60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін біу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.t = S: Vжақынд.400: 100 = 4 ( сағ )Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.- Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша уақытқа қысқарады? Кестені толтырайық.t ------------------------------------1 сағат -------------------2 сағат ---------------------3 сағатАвтокөліктерарасындағы арақашықтықУақыт белгілі, жақындау жылдамдығы белгілі, арақашықтықты табу үшін не істейміз деп ойлайсыңдар? Формуласын құрастырып көріңдер.S =Vжақынд. • t
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс.
Қосымша тапсырмаларды орындау.
І топ.
1) Шеңбер деген не?2) 4200 * 70ІІ топ.
1) Дөңгелек деген не?2) 548100: 90ІІІ топ.
1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.
Сергіту сәті Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
17. Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Ой толғаныс Логикалық тапсырмаларІ топ. 14 - бөлшек. Менің ақшам осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге болған)ІІ топ. 15 – бөлшек. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? (2 ұл, 2 қыз)ІІІ топ. 16 - бөлшек. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)
Тест
1. V¹=20 км/сағ---------------t =? сағ---------------V²=26 км/сағ--------------------------------S = 460 кмt = 2 сағt = 10 сағt = 5 сағ2. V¹=60 км/сағ-------------t = 2 сағ---------------V²= 80 км/сағ--------------------------------S =? км280 км360 км140 км3. V¹=? км/сағ-------------t = 3 сағ-----------------V²=5 км/сағ----------------------------S = 27 км5 км/сағ6 км/сағ4 км/сағ4. Жақындау жылдамдығы неге тең?Жылдамдықтардың қосындысынаЖылдамдықтардың айырмасынаЖылдамдықтардың көбейтіндісіне5. Автокөлік 65 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша жолды жүріп өтеді?67 км120 км130 км
Сабақты бекіту Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс