Интеллектуалды ойын С?з мерген


Қарағанды қаласының білім бөлімі
№68 мектеп- интернат- балабақша кешені


сайысы

Тәрбиеші: Б.М. Каримова
Қарағанды - 2016 жыл
Тақырыбы: «Сөз мерген» сайысы
Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ЖүргізушіАрмысыздар, алқалы жұрт көз көрген,Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетерАлдыңызда тіл сайысы - «Сөз мерген!».
- Бүгінгі ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздарҚазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәдік шықтыБілім мен тапқырлықты бағалайтынӘділ-қазылар алқасы әділ, мықтыАл енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық 1.Бала бақша және интернат әдіскері: Қасымова Гүлмира Бағынтайқызы
2.«Тұлпар» тобының тәрбиесіші: Есказинова Бибітгул Ааганасовна
3.«Балауса» тобының тәрбиесіші: Кабышева Алма Шаймерденовна«Сөз мерген» сайысына 5 - сынып оқушыларынан 2 топ қатысады.Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.І кезең «Сәлем - сөздің атасы»ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»ІV кезең «Сөз түбін сөз табар»V кезең «Кім жылдам?»VІ кезең «Озық болсаң, озып көр»VІІ кезең «Тіл өнері»Олай болса, І кезең «Сәлем - сөздің атасы». ІІ топ өздерінің аттарын, ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып өтуі керек.Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде мықтылықтарыңды көрсетесіңдер. Бұл жерде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар...1) Құлын, ат, тай, жылқы. (таңба басқандай) алыс2) Жылқы, қой, түйе, сиыр.(аузынан шөп алмас) момын3) Сүйек, қаңқа, ит, қасқыр.(терісін басына қаптау) ұрысу4) Ит, төбет, күшік, қасқыр (өлген жер) алыс5) Қолқа, көмекей, өңеш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу6) Жақ, құлақ, тіл, айыз (алғыш) қарама - қарсы сөз тіл азар7) Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты8) Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз9) Ұлдың, қыздың, ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем, көрікті10) Көз, сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады.Жүргізуші: Додаға түсіп жарыспайЖүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәрбие білім табар ма?!Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,Кім жүйрік ойға - сол алда!ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр». Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал - мәтел құрау қажет.1. Оқтан жүйрік,Қылыштан өткір (сөз)2. Тіріден өлі туады,Өліден тірі туады. (жұмыртқа)3. Екі бала қатар тұрса да,Бірін – бірі көрмейді. (Көз)4. Бір түкті кілем,Бір түксіз кілем. (Жер, аспан)5. Басқан жері бармақтай,Аттаған жері атандай. (Таяқ)6. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,Теңселіп тербеледі, адам соқса.Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)7. Кішкентай ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (қой)8. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от)ІV кезең «Сөз түбін сөз табар».
Жүргізуші: Ойынымыздың бесінші кезеңі «Сөз түбін сөз табар». Бұл кезеңнің шарты бойынша берілген, сөздердің мән-мағынасын ашып, түсіндіру.Ерулік - жаңадан көшіп келгендерге берілетін сыбаға тамақЖақұт - көк, жасыл, қызғылт түсті, қымбат бағалы асыл тас.Терілік – тоқымның астына салатын, қойдың жабағы жүнінен тер сіңіру үшін жасалатын киіздің бір түрі
  V-сайыс. «Кім жылдам?»
Қолдарыңызға берілген сөздердің синонимін табамыз.
Ертеде————-баяғыда
Үлкен—————дәу
Ажар—————келбет
Тамақ————дәм
Таңертең——азанда
Кішкентай—-биттей
  Берілген сөздердің мағынасын ашу:
Төбесі көкке жету——қуану
Қырық пышақ болу—-араздасу
Ит өлген жер———алыс
Тіс жармады———үндемеді
Қыздың жиған жүгіндей——әдемі
Жерден жеті қоян тапқандай—-мәз-мәйрам болуы
VI кзең  «Озық болсаң озып көр».
Топтарға сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 10 ұпайдан есептеледі.
1 топқа: 
1.ҚР қашан тәуелсідік алды?       (1991 ж. 16 желтоқсанда)
Қазақстан тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
«Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш)
Қазақ даласының жарық жұлдызы (Шоқан)
Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
2-топқа:
«Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
Күй атасы кім (Құрманғазы).
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
Қазақ тілі алғаш мемлекеттік  мәртебесін қай жылы алды?  (1989)
Қазақ алфавитін жасаған ғалым? (А.Байтұрсынов)
VIII кезең   «Тіл өнері»    берілген сұраққа мақал-мәтелмен  жауап беру. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1.Жылан інінен қалай шығады?
Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.
2.Қар жана ма?
Қалауын тапса қар жанады3.Инемен құдық қазуға бола ма?
Оқу инемен құдық қазғандай.
4.Ең тәтті не?
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті5.Не қорқақ,не батыр?
Көз қорқақ,қол батыр.
6.Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
7.Тауық түс көре ме?
Тауықтың түсіне тары кіреді.
8.Оттан да ыстық не?
Отан оттан да ыстық.
9.Шошқа үре ме?
Ит жоқта шошқа үреді.
10.Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы бес қару.
11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.
12.Жігітті шал деген жөн бе?
Жаман жігіт жасында шал болар.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті.Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, жеңімпазға «Сөз мерген» деген атақты беру үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейікЖүргізуші: - "Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі " - деп . Омаров ағамыз айтқандай, өзінің байлығын , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілінің бар екенін ұмытпаңыздар. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!