Конспект по казахскому литературы на тему Адил Мария


04.02.2016 ж
Қазақ әдебиеті
4-сабақ 4-күн
10-сынып
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романы
Жалпы мақсат: Романның мазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 43-51б 2.Қазақ әдебиеті оқулығы. 10-сынып. С. Қирабаев.Ұ. Асыл. Қ. Құрманбай. С. Дүйсебаев, Б. Әріпова 182-бет
3.Үлестірмелі материалдар. Екінші апта. 4.Әдебиетті оқыту әдістемесі. Т.Қ. Жұмажанова.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Романның мазмұнын, идеясын түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар: Романның идеясын түсініп, талдау арқылы сабаққа қызығушылығы артады.
Сабақта қолданылатын ресурстар 1.А-4 парағы 2.Флипчарт 3.Стикерлер 4.Оқулық
5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім
6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ СТО
Оқыту үшін бағалау 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Тапсырмалар: «Ой шақыру» стратегиясы, РАФТ, эссе, ыстық орындық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сергіту сәті. «Шәкәрім» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
2.Сыныпты топқа бөлу. Түстер бойынша 3-топқа бөлу.
3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату. 1.Оқушылардың барлығы сергіту сәтін жасайды.
2. Түстерді таңдау арқылы 6 топқа бөлінеді.
3.Өздері топ басшысын сайлайды.
І. Қызығушылықты ояту»
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Миға шабуыл
І топқа Шәкәрімнің оқу-білім туралы, зұлымдарға арнаған өлеңдері
ІІ топқа Шәкәрімнің жастық шақ туралы
І топқа Шәкәрімнің аудармалары Оқушылар топ болып постер қорғайды.
ІІ.Мағынаны тану.
(19 мин)
Тапсырманы игеруге 7 мин
Постер қорғауға 10 минут І топқа «Әділ-Мария» романының мазмұны
ІІтопқа Романды сатылай кешенді талдау
ІІІ топқа Роман кейіпкерлеріне мінездеме Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс
(7 мин)
Эссе жазу
І топқа Бүгінгі жастар махаббаты берік пе?
ІІ топқа Махаббатты қалай түсінеміз?
ІІІ топқа Бүгінде Еркінбектер бар ма? Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке тапсырма орындайды
ІVЫстық орындық Топ басшыларына оқушылар сұрақтар қояды Оқушы сұраққа жауап береді
Үйге тапсырма
сын беру
Мұғалімнің іс-әрекеті
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалайды. Рефлексия
(1 мин ) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Жыр саған несімен ұнады? Бүгін не білдің? Не қиын болды?
Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.