«Экология – ?азіргі заманны? басты м?селесі» реферат


Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ү. К. Томанов атындағы №183 орта мектебі
«Экология – қазіргі заманның басты мәселесі»
Дайындаған: 9 «А» сыныбы оқушысы Мөлдір Төлегенова
Жетекшісі: Мектеп тәлімгері Қарабалаева Азина Әбілбайқызы
2015 – 2016 оқу жылы
Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а.Ерекше қорғалатын территориялар
ә.Экологиялық мәселелер.Каспий теңізін қорғау.
3.Қорытынды
Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы.
Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне  қарамастан барлық адамдардың экологиялық  деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету. Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология –тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының  табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу,табиғат қорларын тиімді пайдалану,ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.Табиғатты қорғау шараларының ішінде экология ғылымының алатын орны зор.
2.а. Ерекше қорғауға алынған территориялар
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: 1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі; 2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га. Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген ринцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.
Ақсу - Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 30-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барсакелмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барсакелмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың  хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.
Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.
Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.
Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.
Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір - бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.
Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО - ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылады.Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы,  «Кластерлік» және  трансшекаралық  қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет» жүйесі жүзеге  асыруда.
Биосфералық қорықтар туалы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.
Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:
- генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;
- тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;
- зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру. Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.
1. Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.
2. Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
3. Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.
1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени – танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері,тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу  тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.
Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі  189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100 – 110 м, жасы 3 – 3,5 мың жылға дейін жетеді.
Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас  ауданы), «Жылауықата» (Төлеби ауданы) және  т.б. үңгірлерді атауға болады.
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады.  Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы  мүмкін.
2.ә.Экологиялық мәселелер және Каспий теңізін қорғау.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.
Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.
XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVІІІ ғ. соңы мен XІX ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К. Ф. Рульенің, Н. А. Северцевтің, А. Н. Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч. Дарвин, В. В. Докучаев, В. И. Вернадский, В. Н. Сукачев, Н. Ф. Реймерстің үлесі жоғары болды.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси - экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Экологияның зерттеу әдістері:
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай - күйі мен проблемалары
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.
Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан — 2030″ Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді.
Қоршаған ортаның жай - күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең - кезеңмен іске асыруды көздейді.
Бірінші кезең (2004 — 2007 жылдар) — қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс - қимыл жоспарын әзірлеу.
Екінші кезең (2008 — 2010 жылдар) — қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.
Yшінші кезең (2011 — 2015 жылдар) — қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешуге:
Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:
табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;
экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық - экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.
Экологиялық қауіпсіздік проблемалары және оларды шешу жолдары
Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио – де - Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды жаһандық ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады.
Жаһандық экологиялық проблемалар
Климаттың өзгеруі
«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзак геологиялық мерзімде өгті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) кұрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар С а р м а т т. бірнеше бөлікке бөлінді. Нөтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезендерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы терендігі жөне түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бө-лінеді. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тай-ыз (10 — 20 м). Орта тұсын-дағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 — 28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізінің деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізінің деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде (соңғы 700 -500 мың жыл ішінде) теңіз деңгейінің ауытқуы 100 м, голоценде (соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (-20 м-ден — 35 м-ге дейін), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м-ге, ал инструментальді бақылаудан бастап (1830 жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің аймақтық ерекшеліктері. Каспий теңізіне ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі өсер етсе, жоғ. плиоценде тектоникалық жөне климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогевдік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей (+22,5 м) 19 ғ-дын басында, ең төмен деңгейі (-29,0 м) 1977 ж. байқалған, 1978 жылдан (20 ғ-дың со-ңына кдрай) теңіз деңгейі 2 — 2,7 м-ге көтерілді. Теңіэ айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды субасты.2. Каспий балықтары Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған. КАСПИЙ АЛБЫРТЫ — албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік -батыс аймағын мекендейді.Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты— албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық.Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың темперасы 3 — 13°С-ка жеткенде) шашады, ұрығы 26 — 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Басқа албырттар сияқты К. а-нын көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі тіршілік жағдайына байланысты. Шабақтары жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері — балықтармен (килька, ате-рина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қо-ректенеді. К. а-ның саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңт.-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кез-деседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазакстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ — ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде т ү л е н деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей қоректендіреді. 2 — 3 айда өбден семірген ақүрпегін «май итбалық» деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды «қара итбалық» деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан кәсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг - дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий итбалығы мекендейді.КАСПИЙ ҚАЯЗЫ — Арал қаязыныңтүр тармағы, өткінші балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Дене түрқы 56 — 76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына ұқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сөуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың темп-расы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 — 1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы.Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этн. және мөдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи – мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі — гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Б.з.б. 8-мыңжылдықтан б.з. 1 - мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы өрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік - Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сак-талған. Б.з.б. 1-мыңжыдцық-та Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары жөне оған туыстас т.б. тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы б.з.б 5 — 7 ғасырларларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: «Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды» деп жазады. 6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды.Орта ғасырларда Каспий өңірі халықар. Сауда - дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.Шыңгыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Астрахан (Қажы Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне жөне Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме каты-насын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 ж. Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот қүруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатьшасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізіндегі монополиялык құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы Кеңес — Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең қүқықты деп саналды. КСРО ыдыраған соң(1991), Каспий теңізінде жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізінің мөртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 ж. 23 -24 сөуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде - бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің кажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей - тегжейлі талкыланды. Қазақстан үстанған бағытты Ресей де, Әзербайжан да қолдады.
3. Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды  тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы”  Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.  Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Елбасымыз Н. Назарбаевтың2030 жылғы дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен оңушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі». Табиғат айналамыздағы қоршаған орта. Табиғат адамзаттың қайнар көзі.Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат - айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат - адам тәрбиешісі. Сондықтан да ,бізді қоршаған табиғаттың тазалығы адамның, жануарлардың,өсімдіктердің өмірімен тығыз байланысты. Ф. Оңғарсынова апамыз «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» - деп бекер айтпаған.Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:1.    Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері2.    «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап3.    «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж. 4.Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы5. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңы
6.Уикипедия сайттары
7.5-8сыныптардың биология география оқулықтары
8.Публицистикалық мақалалар