Географияны о?утыды? ?азіргі кездегі технологиялары


Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қопа ауылыШ.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Биғабылова Венера Биғабылқызы
Географияны оқутыдың қазіргі кездегі технологиялары
География - табиғат пен қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым ретінде жаратылыстану, гуманитарлық бағыттар мен негізгі пәндердің мәліметтеріне сүйенеді және де мектепте оқытылатын басқа да көптеген оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүргізіле отырып оқытылатын пәндердің бірі деп қарастыратын болсақ, география пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды кіріктіре оқытудың басты мақсаты -  сабақты түсіндіру барысында  басқа пәндермен байланысындағы  ұтымды тұстарын ұтырлы пайдалана білу болып табылады.
Географияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар: біріншіден, география оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз кезегінде физика, биология, тарих, қоғамтану пәндеріне қойылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын толықтырады.
     Жұмысты жоспарлау барысында  пәнаралық байланысты жүзеге асыру - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жұмыс жасауын күшейтеді, сабақ сапасын жақсатрады, оның тәрбиелік ролін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көптеген пән мұғалімдері жұмысын қиындатқысы келмейді, бірақ бұл сипаттар керісінше - олардың ой шешімін қамтамасыз ете отырып, сабақтың білімдік - тәрбиелік потенциалын күшейту мақсатындағы пәнаралық ынтымақтастықты арттырады. 
География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады. Көрнкілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру жәнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнеккілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады.
Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақпар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі дежан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі  маманды  қалыптастыруда мамандыққа  сай  білім алу  қаншалықты  өткір  мәселе  болса,  сонымен  қатар  «жеке  маман  тұлғаны»  өзіндік дамытуда  оны  шығармашылықпен  терең  іргетасын  дайындау  соншалықты  алғышарт.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын  деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең үлгірімі нашар оқушының білімі «үш» — деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр. Үлірімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет. Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 45 минут ішінде үзілмеуі  баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін, мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-шынтысымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізіп, маңдай терін төгуді қажет етеді. Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс, біркелкі ретке келтірмегендігіне де байланысты.
Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі.
Қазіргі кездегі барлық білім беру технологиялардың алдына қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсері мол.