Тарих п?нінен Екінші д?ниеж?зілік со?ыс та?ырыбыны? жоспары


Тарих пәнінен сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Исабекова С.Р.
Сынып:9
Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс
Сабақтың мақсаты: екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептеріне тоқталып, сипаттама беру.Бұл соғыс әділетсіз соғыс болғанын ашып көрсету.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карта, үлестірмелі материалдар,кітаптар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
2.Мына терминдерге анықтама беріңдер:
-Фашистік-милитаристік блок
-Антифашистік коалиция
Сұрақтар:-Фашистік-милитаристік блокқа қандай елдер кірді?
-Антифашистік коалицияға қандай мемлекеттер кірді?
Реттік тест:
-Мына оқиғаларды болған ретімен орналастырыңдар:
1Жапонияның Перл-Харборға шабуылы.
2.Дания мен Норвегия арасындағы фашистік агрессияның басталуы.
3.Германияның КСРО-ға қарсы шабуылының басталуы.
4.Германия, Италия, Жапония арасындағы соғыс одағы шарты.
5.Германияның Польшаға шабуылы.
6.Сталинград шайқасының басталуы.
7.Тегеран конференциясы.
Картамен жұмыс.
Мына қару-жарақтар қай мемлекеттерде жасалғанын атап, картадан көрсету.
-Т-34 танкісі
-Фердинанд штурмовигі.
-Тигр ауыр танкісі.
-МЕ-110 истребителі.
-Б-17 бомбардировщигі.
-ИС- танкісі.
«Тарихи терминдермен жұмыс»
Дәптерлеріңді ашып, мына терминдердге анықтама беріңдер.
-фашизм
-милитаризм
-агрессия
-коалиция
-капитуляция
«Кестемен жұмыс»
Мына кестені толтырыңдар:
Екінші дүниежүзілік соғыс хронологиясы Қатысқан мемлекеттер саны себептері нәтижелері
«Венн диаграммасын» толтыру
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыстарды салыстыру
ІІ д.ж.соғыс
І д.ж.соғыс-
-Ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Үйге тапсырма: «Мен соғысқа қарсымын» тақырыбына эссе жазу. Параграфты оқу.
Бағалау.