Саба?ты? та?ырыбы: Екінші д?ниеж?зілік со?ыс


Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғысМақсаты:  1. Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыстың себебі, барысы,
                       салдары жайында түсіндіру.
2. Оқушыларға патриоттық, Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру      
және оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
                 3.  Өз бетінше (тақ бойынша) іздену, зерттеу шығармашылық                                            
жұмыс істеуге  дағдыландыру, ой- өрісін дамыту.
 
Сабақтың түрі: ҚайталауСабақтың әдісі: Баяндау,  датамен,  кестемен жұмыс 
Көрнекілігі: кестелер, суреттер 
Сабақтың барысы:   І. Қызығушылықты ояту.
Топтастыру  арқылы соғыс деген сөзге анықтама беру
Соғыс 
ІІ. Мағынаны ажырату1. Ойын.   Кім?     Қайда?     Қашан?
Кім?
1. Англияда жүріп «Азат Франция» патриоттық  қозғалысын басқарған кім?      (Шарль де Голль)
2. 1940ж. 18 желтоқсанда «Барбаросса» жоспарына қол қойған кім? 
(Адольф Гитлер)
3. Қазақстандық генерал И.Панфилов басқарған 316 – шы дивизия                                                                                                                                                       құрамында асқан батырлық ерлік істерімен жаһанға танымал    болған кім?  (Б.Момышұлы)
4. 1945ж. 8 мамырда Берлинде кімнің төрағалығымен фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойылды? 
     (маршалл Жуков)   
5. 7 мамырда Реймсте  Германияның тізе бүгілуінің алғашқы шартына қол                                  қойған генерал кім?   (Әйзенхауәр)
Қайда?
1. 1939ж. 1 қыркүйекте фаншстік Германия әскері қайда шабуыл жасады?
(Польшаға)
     2. 1945ж. ақпанда  Сталин, Рузвельт, Черчилль  бас қосқан конференция 
          Қайда өтті?       (Қырымда)
     3. 1944ж. екінші  майдан қайда ашылды?  (Францияда)
4. Италия соғыс  әрекеттерін қайда орналасқан ағылшын әскеріне 
    қарсы бұрды?      (Египетте)
5. 1945ж. 6 тамызда қайда АҚШ атом бомбасын тастады?  (Хероммоға)
Қашан?
1. КСРО  Германия арасындағы шабуыл жасаспау туралы пактіге қашан қол  қойылды? (1939ж. 29. 08)
2. АҚШ конгіресі лендлиз туралы заңды қашан қабылдады?  (1941ж. наурыз)
3. Гитлер «Барборосса»  жоспарына қашан қол қойды? (1940ж. 18 желтоқсан)
4. Жапония қашан Тынық мұхиттағы АҚШ  әскери базасы Перл-Харборды  тұтқиылдан шабуылдады?  (1941ж.7 желтоқсан)
5. Соғыс барысын түбірлі өзгерткен Курск түбіндегі шайқас қашан болды? (1943ж. жазда)
2. Оқушылар өздері алдын-ала жазып әкелген даталарды өзге топтарға таратып, дұрыс жауап айтылу керек.
3. Соғысқа қатысушы ірі елдердің жағдайы, соғыс кезіндегі  саясаты жайында 3 топқа тапсырма беріледі.
І топ КСРО-ң саясатыІІ топ АҚШ, Франция, Англия саясатыІІІ топ Жапония, Германия, Италия саясаты4. Кесте арқылы түсіндіру.
№1 кесеІІ д.ж.с. 
1939 жыл 1қыркүйек 
ІІІ. Ой-толғаныс. Сабақты қорытындылау үшін статистикалық мәліметтерді салыстыратын кесте пайдаланылады. 
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды көрсеткіштері№ Негізгі көрсеткіштер Бірінші  дүниежүзілі соғыс 1914-1918 Екінші дүниежүзілік соғыс 1939-1945 
1 Соғыстың ұзақтығы 4 жыл 3 ай 6 жыл 
2 Соғысқа қатысқан елдер 38 61 
3 Соғысқан елдер халқы 1 млрд астам 1,7 млрд астам4 Соғыс болған жер көлемі 4 млн км2 22 млн км2
5 Мобилизацияланғандар 70 млн астам 110 млн астам6 Соғыстан өлгендер саны 13,6 млн астам 50 млн астам 
7 Жаралы болғандар 20 млн астам 90 млн астам8 Матриалдық шығындар 
Тікелей соғыс шығыны 360 млрд  $
208 млрд  $ 4000 млрд  $
1117 млрд  $
Үйге тапсырма. І топқа А.Гитлер 
                            ІІ топқа А.Македонский 
                            ІІІ топқа Шыңғыс хан 
Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері, нәтижесі) тапсырмасы беріледі.  
Оқушыларға сауалнама: -Бүгінгі сабақтан не алдық, не ұнады?