Д??гелек ?стел: М??алімдерге ОМЖ ж?не ?МЖ ??руда к?сіби ?олдау к?рсету


Кәсіби қоғамдастық тобымен өткізілген дөңгелек үстел отырысының жоспары

І деңгей мұғалімі Мурзабекова Гулмира Загыперовна
Жұмыс орны : Тасты-Талды орта мектебі
Санаты:І
Еңбек өтілі: 14 жыл.
Отырыс жоспары
Тақырыбы: Мұғалімдерге орта мерзім, қысқа мерзім жоспарларын құруда кәсіби қолдау көрсету.
Жалпы мақсаты:
Кәсіби қоғамдастық тобымен алқалы кеңес құру;
Ұсыныстар қабылдау;
Биылғы оқу жылына құрылған мектептің даму жоспарымен таныстыру
Орта мерзім және қысқа мерзім жоспарын құруға ұсыныс беру;
Тиімді стратегиялар тізбесімен таныстыру
Күтілетін нәтижелер:
Мұғалімдер биылғы оқу жылына құрылған мектептің даму жоспарымен танысады;
Өз ұсыныстарын енгізеді
Өздерінің сабағына пайдалануға тиімді стратегиялармен танысып, сабақта қолдана алады
Мақсаты бағытталған аудитория: деңгейлік мұғалімдер.
Ресурстар: Таныстырылым , маркерлер, стикерлер, бағдарлама нұсқаулығы, интернет ресурстар, «комплимент» жазылған тілік қағаздар
Қолданылған әдістер мен тәсілдер: Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын, пікір алмасу, ой қосу.
Мазмұны:
Жұмыс кезеңдері Кезеңдердің мазмұны Қатысушылардың қызметі Уақыты Ресурстар
Кіріспе бөлімі
Әдістер
Дөңгелек үстел отырысының мақсатымен таныстыру Тілік қағаздардағы жылы лебіздерді бір-біріне сыйлайды. 5 минут
10 минут интертақта,
фотоаппарат, ерекшелегіштер, ақ қағаздар, маркерлер, стикерле р, сөздер жазылған тілік қағаздар
Негізгі кезең
Мақсат
Міндеттер
Мұғалімдер даму жоспарымен танысып, өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіреді. ОМЖ және ҚМЖ құруда ойларын айтады.
Тиімді стратегиялар тізбесімен танысады. Ұсыныс айтады. Пікір алмасады. Бір-бірін толықтырады Сұрақ қойып үйренеді
30 минут Қорытынды кезең
Рефлексия
Екі жұлдыз, ұсыныс 5 минут Рефлексия
Мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында өткізілген дөңгелек үстелге кәсіби қоғамдастыққа кіретін деңгейлік мұғалімдер қатысты.
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырдым. Ол үшін кішкене тілік қағаздарға қазақша, орысша жылы лебіз, тілектер жаздым да, мұғалімдерге бір-бірден алдырттым.

Сосын олар қолындағы қағазды ашпастан өзінің таңдаған адамына сыйлады. Сосын бір-біріне қарап тұрып, қағаздағы тілекті бір-біріне оқып берді. Жақсы сөз – жарым ырыс дейді ғой. Бұл жылы тілектерден кейін өте бір жайлы, сенімді орта туды.

Мұғалімдерді мектептің даму жоспарымен таныстырып, қосатын ұсыныс тілектері бар – жоқтығын сұрағанымда олар ойларындағы өздерін толғандырып жүрген бірнеше сұрақты ортаға салды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модуліне, ОүБ мен критериалды бағалау тақырыптарына коучинг өткізуді жоспарға енгізуді сұрады. Өз ойларын ортаға салып, қызу талқылау өтті. Жақсы ойлар айтылып, пікір алмасты.
Дөңгелек үстел соңында ұстаздар өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айта отырып екі жақты кері байланыс орнады.
Отырыс барысы

МДЖ - мен танысуда



Ой қосу, ұсыныс енгізу үстінде.